Ақшалай өндіріп алуларды қолдану практикасы
Ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолдану негіздері ӘРПК-нің 127-бабында регламенттелген.
Соттар ақшалай өндіріп алуды әкімшілік органдарға, олардың басшылары мен өкілдеріне: «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ, Түркістан облысы бойынша МКД басшысының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Кедендік декларациялаудан кейінгі бақылау басқармасы» РММ басшысына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-не (3), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы» РММ басшысына, сондай-ақ заңды тұлғаларға: «М» ЖШС, «T» ЖШС-не қатысты қолданған.
2023 жылы апелляциялық тәртіппен 1 ұйғарымға (7194-23-00-4/1108) шағым жасалған.
Сот практикасы көрсеткендей, кедендік даулар бойынша соттар процестік мәжбүрлеудің осы түрін негізінен сот талап еткен құжаттарды уақтылы ұсынбағаны, соның салдарынан сот талқылауы кейінге қалдырылып, процестің созылуына жол берілгені үшін (№7194-24-00-4/1108, 7194-24-00-4/1217), сондай-ақ соттың сұрау салулары мен тапсырмаларын орындамағаны үшін (№7199-21-00-4/239, 7194-23-00-4/321, 7194-24-00-4/1217) қолданған.
Бұдан басқа, мемлекеттік органның соттың жеке ұйғарымын тиісінше орындамауы үшін ақшалай өндіріп алу қолданылған жағдай да бар. Мәселен, «Т» АҚ-ның «Ақтөбе облысы бойынша МКД» РММ-не қатысты нұсқаманы заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюы бойынша іс шеңберінде сот Қаржы вице-министріне соттың жеке ұйғарымы бойынша шаралар қабылдамағаны және оны қарауға формальды түрде қарағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алу қолданған (№7194-23-00-4/3922).
Ақшалай өндіріп алу туралы барлық ұйғарымдар орындалған, өндіріп алынған сомалар бюджетке төленген.
Кеден органдары қызметіндегі кемшіліктер осы салада уәкілетті мемлекеттік органдардың өрескел процестік бұзушылықтарға жол бере отырып, әкімшілік актілер қабылдауынан көрінеді. Атап айтқанда, әкімшілік актілер арнайы заңның талаптарына сәйкес келмейді; құқықтардың басымдығы, сенім құқығын қорғау және формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу қағидаттарын (ӘРПК-нің 7, 8, 12, 13 және 14-баптары) бұзады; сондай-ақ ӘРПК-нің 79, 80-баптарының талаптарына сай келмейді.
Сонымен қатар, кеден органдары кедендік құнды растау үшін декларацияларды беру кезінде құжаттар мен мәліметтерді формальды түрде тексеруге жол береді, сондай-ақ ЕАЭО КК-нің 66-бабында көзделген заңды негіздер болмаған кезде де тексерулер жүргізеді.
Осындай бұзушылықтар анықталған кезде соттар жеке ұйғарымдар мен ақшалай өндіріп алулар түрінде тиісті деңгейде ден қою шараларын қабылдайды. Бұл кейіннен әкімшілік органдар жұмысына оң әсерін тигізіп, болашақта осындай процестік бұзушылықтардың қайталануына жол бермеуге ықпал етеді.
№3194-23-00-4/828 ісі бойынша «Е» ЖШС Алматы қаласында тіркелген. Аталған компанияға қатысты Жамбыл облысы бойынша МКД камералдық кедендік тексеру жүргізген.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны даулай отырып, талап қоюшы дауланып отырған актінің заңсыздығының негіздерінің бірі ретінде жауапкердің аумақтық қағидатты сақтамағанын көрсеткен.
Кеден кодексінің 416-бабының 4-бөлігіне сәйкес камералдық кедендік тексерулерді жүргізу кезеңділігіне шектеу қойылмайды.
Заңнамада тек бір ғана кеден органы бұрын камералдық кедендік тексеру жүргізген мәселелер бойынша сол органның қайтадан камералдық кедендік тексеру жүргізуіне жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №306 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» бұйрығында Департаменттің МКК-нің аумақтық органы болып табылатыны туралы ғана нұсқау бар. Осы Департаментке талап қоюшыға қатысты камералдық кедендік тексеруді тағайындау тапсырылған.
Уәкілетті органның – МКК-нің өз тіркелген жерінен тыс орналасқан субъектілердің қызметіне қатысты тексерулер жүргізуді кеден органына тапсыру құқығының заңнамалық тұрғыдан бекітілмеуі әкімшілік актілерге дау айтуға негіз болып табылады.
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың кеден заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысына кеден органының резервтік әдісті қолдануының негізділігіне және соттың тауар құнын айқындаудың алдыңғы әдістерін қолдану мүмкін еместігі туралы кеден органы ұсынған дәлелдемелердің анықтығын зерттеуіне қатысты өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыру.
Бұл ұсыныс төмендегілермен негізделеді.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны мынадай әдістерді қолдану арқылы айқындалады:
- әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша;
- бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша;
- біртекті тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша;
- шегеру әдісі;
- қосу әдісі;
- резервтік әдіс (Кодекстің 66–72-баптары).
Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негізгі әдісі әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны бойынша әдіс болып табылады.
Негізгі әдісті қолдану мүмкін болмаған жағдайда, аталған әдістердің әрқайсысы рет-ретімен қолданылады. Бұл ретте әрбір келесі әдіс тауарлардың кедендік құнын алдыңғы әдісті қолдану арқылы айқындау мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданылады. Декларанттың өтініші бойынша шегеру және қосу әдістері кері тәртіппен қолданылуы мүмкін.
Мысалы, декларант мәлімдеген кедендік құнды кеден органы қабылдамаған. Декларант Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген белгілі бір тауардың кедендік құнын растау үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынғанын негізге ала отырып, кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы сотқа талап қоюмен жүгінген. Алайда жауапкер аталған тауардың кедендік құнын резервтік әдіс бойынша түзету туралы шешім қабылдаған.
Әдетте, кеден органдары алдыңғы әдістерді қолдану үшін дерекқорда мәліметтердің жоқтығымен ғана шектеледі. Яғни кедендік аумаққа әкелінген бірдей және біртекті тауарлардың құны туралы ақпараттың, сондай-ақ шегерілуге немесе қосылуға жататын сомалар туралы мәліметтердің жоқтығына сілтеме жасайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың кеден заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 11-тармағында тауарлардың кедендік құнын айқындауға байланысты дауларды шешу кезінде соттар мемлекеттік кірістер органының қандай белгілер негізінде кедендік құнның дұрыс мәлімделмегенін анықтағанын және олардың кедендік бақылау жүргізу барысында расталғанын, оның ішінде кеден органы жинаған және декларант қосымша ұсынған құжаттар мен мәліметтерді ескере отырып, анықтауы қажеттігі көзделген.
Тауарлардың кедендік құнын айқындауға байланысты дауларды қарау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың кеден заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 11-тармағында берілген түсіндірмелерге назар аудару қажет. Аталған тармаққа сәйкес соттар мемлекеттік кірістер органының қандай белгілер негізінде кедендік құнның дұрыс мәлімделмегенін анықтағанын және олардың кедендік бақылау барысында расталғанын, оның ішінде кеден органы жинаған және декларант қосымша ұсынған құжаттар мен мәліметтерді ескере отырып, анықтауға тиіс.
Декларанттың өзі мәлімдеген тауардың кедендік құнын негіздейтін қосымша құжаттарды (мәліметтерді) ұсынбауы, егер декларантта талап етілген құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуға объективті кедергілер болған және ол кеден органына тиісті түсініктемелер берген жағдайда, кеден органының кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы шешім қабылдауына негіз болып табылмайды.
Істерді қарау кезінде Кәсіпкерлік кодекстің 13-тарауының қолданылуы 131-баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтарын және 131-1-бапты қоспағанда, кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайтынын ескеру қажет. Демек, кеден органдарының тексерулерді тағайындау және жүргізу мәселелері бойынша қызметі Кеден кодексінің ережелеріне сәйкес болуға тиіс.
Нормативтік база
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК);
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексі (бұдан әрі – КК);
- Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы №115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі (бұдан әрі – ЕАЭО КК);
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 29 қарашадағы №7 «Соттардың кеден заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы;
- Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі);
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – КК);
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ӘҚБтК);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (бұдан әрі – АПК);
- 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт);
- ЕАЭО құқығын құрайтын актілер (бұдан әрі – кедендік реттеу саласындағы халықаралық шарттар мен актілер);
- Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы №42 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы» шешімі.
Пайдаланылған қысқартулар
СКАД ВС – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
СКАД – облыстық және оларға теңестірілген соттардың әкімшілік істер жөніндегі сот алқалары;
СМАС – ел өңірлерінің мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары;
ММ – Мемлекеттік мекеме;
РММ – Республикалық мемлекеттік мекеме;
МКК – Мемлекеттік кірістер комитеті;
МКД – Мемлекеттік кірістер департаменті;
МКБ – Мемлекеттік кірістер басқармасы;
ЖШС – Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
ЖК – Жеке кәсіпкер.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау