826-бап. Жекеше ұсыну Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар белгіленген кезде орган (лауазымды адам) тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға бұларды жою бойынша шаралар қолдану туралы ұсыну енгізеді.
Органның (лауазымды адамның) ұсынуына жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым берілуі мүмкін. Ұсынуға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған органның шешіміне әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін, оның шешімі шағымдалуға жатпайды. Органның (лауазымды адамның) шешімі ұйғарым түрінде шығарылады.
2. Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулыны алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы ұсыну енгізген органға (лауазымды адамға) хабарлауға міндетті.
Ескерту. 826-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы