Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 476-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

476-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

476-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Шағым хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi.  

      Бұл ретте шағымның көшiрмесi хабарламаны шығарған кеден органына жiберілуге тиiс. 

      Шағымды беру тәсiлiне қарай: 

      1) өзi келу тәртібімен – уәкілетті органның шағымды алған күні; 

      2) пошта арқылы – пошта операторының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн уәкілетті органға шағым берген күн болып табылады. 

      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, уәкілетті орган шағым беруші тұлғаның өтінішхаты бойынша бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін. 

      3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру мақсатында өзіне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ шағым берген тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) еңбекке уақытша жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды. 

      Осы тармақтың ережелері өздеріне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымында жоғарыда аталған тұлғалар болмаған кезде оларды алмастыратын адамдардың болуы көзделмейтін, осы Кодекстің 475-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға қолданылады. 

      Бұл ретте шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңін растайтын құжат және шағым берген тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса берілуге тиіс. 

      4. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатты осы Кодекстің 475-бабының 2-тармағында аталған тұлға шағым мен өтінішхатты осы баптың 3-тармағында аталған тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырады. 

      5. Уәкілетті органға шағым берген адам осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады.  

      Шағымды кері қайтарып алу осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды. 

      Осы Кодекстің 475-бабының 2-тармағында аталған тұлға көшпелі кедендік тексеру тағайындалған күннен бастап ол аяқталған күнге дейінгі кезеңде шағымды кері қайтарып алуды жүргізуге құқылы емес. 

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

102-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне шағым беру мерзімдері

102-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне шағым беру мерзімдері1 анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың, судьяның неме...

Толық оқу »

102-бап. Шағымдарды берудiң мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

102-бап. Шағымдарды берудiң мерзiмдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе...

Толық оқу »

Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру мерзімдері және адвокаттың адвокатының өкілеттіктері

Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру мерзімдері және адвокаттың адвокатының өкілеттіктеріСот орындаушысының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру т...

Толық оқу »

827-бап. Шағым беру тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

827-бап. Шағым беру тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі     1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын...

Толық оқу »

483-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

483-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (а...

Толық оқу »

827-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне шағым беру тәртібі

827-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне шағым беру тәртібі 1. Құқықтары мен бостандықтары әкімшілік құқық бұзушылық турал...

Толық оқу »

192-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

192-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері ту...

Толық оқу »

92-бап. Шағым беру мерзімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

92-бап. Шағым беру мерзімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсiздiкке) шағым әкімшілік рәсімге қат...

Толық оқу »

828-бап. Шағым беру мерзімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

828-бап. Шағым беру мерзімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Адам өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы турал...

Толық оқу »

828-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне шағым беру мерзімі

828-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне шағым беру мерзімі 1. Адам Жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе)...

Толық оқу »

96-бап. Шағым берудің салдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

96-бап. Шағым берудің салдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Шағым беру мыналарды: 1) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық нем...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 102-бабына түсініктеме. Шағым беру мерзімдері

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 102-бабына түсініктеме. Шағым беру мерзімдеріАнықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың, судьяның немес...

Толық оқу »