4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау, мемлекеттік гранттар ұсыну және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
5) мемлекеттік органдар қалыптастыратын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
6) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекітеді;
8) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 9) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 10) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 153-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
11) оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарайды және оның нысанын бекітеді;
12) сыйлықақылар беру қағидаларын бекітеді және оларды беруді жүзеге асырады;
13) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
14) стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың бағыттарын айқындайды;
15) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16) "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылатын мәліметтерді Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін тексеруді жүзеге асырады;
17) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды;
18) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын жүргізуді жүзеге асырады;
18-1) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды ұсыну және сыйлықақылар беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы