14-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу, төлеу және қайтару Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы
1. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген сақтандыру шарты бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.
2. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу жыл сайын сақтандыру шарты бойынша 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептеу сомасына жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шартының қолданылу кезеңі ішінде есепке жазылады.
3. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына қосылады және мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.
4. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы салым шарты үшін осы Заңның 13-бабында көзделген мөлшерде есепке жазылады.
5. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі өткен жағдайда;
2) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
3) пайда алушы қайтыс болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кетті деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген не ол қайтыс болды деп жарияланған күннен бастап тоқтатылады.
6. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:
1) инвестициялық кіріс және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сатып алу сомасын басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуға байланысты шарт бұзылған жағдайды қоспағанда, сақтандыру шарты сақтанушының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер нысаналы мақсаты сақталмай тоқтатылған;
2) пайда алушы қатысушы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен, егер осы үш жыл ішінде пайда алушы оқудан шығарылған қатысушы білім беру ұйымына қайта қабылданбаған не басқа қатысушы білім беру ұйымына оқуға түспеген;
3) пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
4) мемлекет сыйлықақысының артық есепке жазылу фактісі анықталған жағдайларда бюджетке қайтарылуға жатады.
7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтаруды оператор арқылы, оның бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірме бойынша, оператордан анықтама-үзінді көшірме алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша толық көлемде;
2) осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес білім беру қызметтеріне пайдаланылмаған сома бөлігінде;
3) осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша, артық есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы сомасы бөлігінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы.
Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы