⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың мемлекет сыйлықақысын есептеу және есепке жазу кезіндегі өзара іс-қимылы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

17-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың мемлекет сыйлықақысын есептеу және есепке жазу кезіндегі өзара іс-қимылы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың мемлекет сыйлықақысын есептеу және есепке жазу кезіндегі өзара іс-қимылы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы 

   1. Оператор жыл сайын ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде қатысушы банктердің салым шарттары бойынша ұсынған мәліметтерінің негізінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға алдағы қаржы жылына арналған мемлекет сыйлықақыларын есепке жазудың болжамды есептемесін ұсынады.

      2. Есепті жылдың қорытындысы бойынша оператор халықты әлеуметтік қорғау, балалардың құқықтарын қорғау және құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру саласындағы уәкілетті органдардан қажетті мәліметтерді алғаннан кейін, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға мемлекет сыйлықақыларының түпкілікті есептемесін ұсынады.

      3. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган оператордан мемлекет сыйлықақылары сомасының түпкілікті есептемесін алғаннан кейін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін оператордың шотына мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аударады.

      4. Оператор ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органнан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әрбір жасасылған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы банкке мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызуды жүргізеді.

      5. Қатысушы банк оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салымшылардың шоттарына мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызады.

      6. Қаржы жылы аяқталғаннан кейін алдыңғы есепті жылдар бойынша мемлекет сыйлықақысын толық есепке жазу қажеттілігіне әкеп соғатын фактілер анықталған жағдайда оператор толық есепке жазылған сомаларды осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен есепті жыл бойынша мемлекет сыйлықақыларының түпкілікті есептемесіне енгізеді.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы. 

      Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы