Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын беру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 22 қазан N 4126
1998 жылғы Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын беру ұсыныстарын қарай келіп, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 1998 жылғы Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы мыналарға: Павел Александрович АТРУШКЕВИЧКЕ - Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының ректоры, Қазақстан Халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары - республикада қоғамды топтастыруға және ұлтаралық татулықты нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық-саяси қызметі үшін; Әбдімәлік НЫСАНБАЕВҚА - Философия институтының директоры, Қазақ энциклопедиясының бас редакторы - әлеуметтік-саяси, рухани-адамгершілік және дүниетанымдық тұжырымдамаларды жасауға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ республикада демократия процестерін нығайтуға бағытталған жемісті қызметі үшін;
Виктор Антонович САДОВНИЧИЙГЕ - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу
мемлекеттік университетінің ректоры (Ресей Федерациясы) - Қазақстан мен
Ресей арасындағы достықты, ынтымақтастық пен ғылыми байланыстарды нығайтуға,
республиканың түрлі салаларына білікті мамандарды даярлауға сіңірген үлкен
еңбегі үшін берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы