Бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған
Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2020 жылғы 20 мамырдағы үкімімен: Ж. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 24-бабының үшінші бөлігімен, 190-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқаруға өмір бойына қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Ж.-ның жаза өтеу мерзімі 2020 жылғы 20 мамырдан бастап есептеліп, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген. Ж.-дан «Жәбірленушілерге өтемақы қорына» 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 50 500 теңге мәжбүрлі төлем өндірілген.
Сот үкімімен Ж. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, жәбірленушінің сеніміне қиянат жасау арқылы, өзінің қызметтік бабын пайдаланумен ұштастыра отырып, бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған. Атап айтқанда 2019 жылғы 30 шілдеде, сағат 15:00 шамасында, Ж. Түркістан облысы Жетісай ауданы Жаңа ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүріп, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы жеке дара оң қорытынды шығару өзінің қызметтік міндеттеріне кірмейтінін біле тұра, жәбірленуші Р.-ның қызы У.-дың отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы оң қорытынды шығарып беремін деп, жәбірленуші Р.-ның сеніміне қиянат жасау арқылы, өзінің қызметтік бабын пайдаланумен ұштастыра отырып, бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқыруға оқталып, өзіне байланысты емес мәнжайлар бойынша ақырына дейін жеткізбей, ауыл округі әкімі аппаратының ғимаратында, өзінің кабинетінде Р.-дан 50 000 теңге қолма-қол алған.
Бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған
Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 14 шілдедегі қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Сотталған Ж. өтінішхатында сот үкімінің жаза тағайындау бөлігімен келіспей, оны қатаң деп санап, өзгертуді сұраған. Жәбірленуші Р. апелляциялық сот отырысына қатыспағанын, бірақ сот қаулысында жәбірленушінің пікірі көрсетілгенін, отбасының асыраушысы өзі екендігін, асырауында кәмелетке толмаған төрт баласының бар екенін көрсетіп, кінәлі деп танылған баптың санкциясында көрсетілген балама жаза – айыппұл жазасына ауыстыруды, сот актілерін өзгертіп, қамаудан босатуды сұраған. Сотталған Ж.-ның үкімде баяндалған мән-жайларда қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы кінәсі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталған, басты сот талқылауында жан-жақты зерттелген, дәйектілігі жағынан ешбір күмән келтірмейтін, объективті бағаланған дәлелдемелермен бекітілген және оның тарапынан оған дау келтірілмеген. Сотталған Ж.-ның кінәсі жәбірленуші Р.-ның, куәлар У., Б., Д., С., У., К. және Ж.-ның жауаптарымен, арнайы техникалық құралдарды тапсыру және оны алу, ақша, заттар мен құжаттарды қарап-тексеру туралы хаттамалармен, сараптама қорытындыларымен, сондай-ақ іс бойынша жинақталған басқа да бұлтартпас дәлелдемелермен толығымен дәлелденген. Сотталған Ж.-ға қатысты сот актілері қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамалардың нормаларына сәйкес қабылданған. Сот Ж.-ның қылмыстық құқық бұзушылық әрекетін ҚК-нің 24-бабының үшінші бөлігімен, 190-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен дұрыс саралаған және осы баппен дұрыс құқықтық баға берген. Сотталған Ж.-ның өтінішхатындағы оған қатаң жаза тағайындалғаны және айыппұл түріндегі балама жаза тағайындалуы тиіс деген уәжі ескерілуге жатпайды.
Бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған
Сот алқасы, сот Ж.-ға ҚК-нің 52-бабының талабына, оның жасаған әрекетіне, қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне, жеке басына сәйкес әділ жаза тағайындаған деп санайды. Ж.-ның қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде оның жас балаларының болуын, ал оның жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде кәсіби антын бұза отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауын ескерген. Жоғарыда көрсетілген мән-жайларға сәйкес сот Ж.-ға ҚК-нің 24-бабының үшінші бөлігінде, 190-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген бас бостандығынан айыру жазасының ең төменгі шектегі жаза мерзімін тағайындаған. Сот алқасы сотталғанның өтінішхатын қанағаттандырып, сот актілерін өзгертетін негіздер жоқ деп санайды. Өйткені қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, жемқорлық қылмыстар қатарына жататынын, жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде Ж.-ның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, кәсіби антын бұзғанын ескеріп, жазаның түрі мен мөлшерін дұрыс тағайындаған деп санайды. Бұл жаза тағайындаудың жалпы мақсатына сәйкес оның түзелуі мен жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза деп таниды. Осыған орай іс бойынша сотталғанға айыппұл түріндегі жаза тағайындауға заңды негіздер жоқ. Сонымен қатар сотталған Ж.-ның жәбірленуші Р.-ның апелляциялық сот отырысына қатыспағаны жөніндегі уәжі ескерілуге жатпайды, өйткені бұл сот актілерін өзгертуге немесе күшін жоюға негіз болып табылмайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Ж.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгеріссіз қалдырды. Сотталған Ж.-ның өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған
228 рет жүктеп алынды