Атыс қаруын заңсыз тасымалдағаны, үй-жайға заңсыз кіріп, мүлікті жымқырып қарақшылық жасаған
Түркістан облысы Арыс аудандық сотының 2020 жылғы 31 наурыздағы үкімімен: Т. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 192-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен 7 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 287-бабының төртінші бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 291-бабы үшінші бөлігінің 3), 4) тармақтарымен 5 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының үшінші бөлігі негізінде түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленген. ҚК-нің 62-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес Т. 2019 жылғы 22 қазаннан үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстауда болған бір күні орташа қауіпсіз мекемеде жазаны өтеудің бір жарым күн есебімен жаза мерзіміне есептелген. Жазаны өтеу мерзімі 2019 жылғы 22 қазаннан бастап есептелген. Т.-дан мемлекет пайдасына 196 884 теңге процестік шығындар өндірілген. Осы үкіммен Қ. мен Ж.-да сотталған, оларға қатысты сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылық келтірілмеген. Сот үкімімен Т. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен атыс қаруын заңсыз тасымалдағаны, тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, ірі мөлшердегі мүлікті жымқырып қарақшылық жасағаны және жәбірленушінің үйінде тіркелмеген атыс қаруын оқ-дәрілерімен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен сот үкімі өзгертілген. Т.-ға қатысты ҚК-нің 55-бабының төртінші бөлігінің талаптары қолданылып, ҚК-нің 192-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағы бойынша бас бостандығынан айыру жазасы 5 жыл 1 айға дейін төмендетілген. ҚК-нің 58-бабының үшінші бөлігі негізінде түпкілікті 5 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындаған.
Атыс қаруын заңсыз тасымалдағаны, үй-жайға заңсыз кіріп, мүлікті жымқырып қарақшылық жасаған
Үкімнің қарар бөлігіндегі «2019 жылы 22 қазаннан» деген сөз «2019 жылы 19 қазаннан» деген сөзбен ауыстырылған. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Бас Прокурор наразылығында сотталғанның іс-əрекеттерінің саралануы мен дəлелденуі дауламаған, алайда апелляциялық сот алқасында Т.-ға қатысты ҚК-нің 55-бабы төртінші бөлігінің талаптары дұрыс қолданылмағанын көрсете отырып, сот қаулысын өзгертіп, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыруды сұраған. Сотталған Т.-ның сот үкімінде көрсетілген мән-жайлар қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны сот отырысында объективті түрде зерттелген әрі тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген және істің нақты мәнжайларына сәйкес келеді. «Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысына сəйкес қылмыстық жаза тағайындаған кезде, соттар ҚК-нің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтағандары, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын, қылмыстың қайталануын жəне оның түрлерiн, қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезеңін, сотталушының қылмыстық құқық бұзушылықты жасау кезіндегі қатысу дəрежесін, қылмыстық құқық бұзушылықтың мақсатына жету үшiн оның əрекеттерінің маңызын жəне келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның сипаты мен мөлшеріне ықпалын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығының болуын, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мəн-жайлардың болуын, сол қылмыстық құқық бұзушылық үшiн көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңiл жаза тағайындау негiздерiн ескерулері қажет. ҚК-нiң 55-бабына сəйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тиiстi бапта белгіленген төменгі шектен төмен жаза тағайындауға не қылмыстық құқық бұзушылық сараланған ҚК-нің тиісті бабының санкциясында көрсетiлмеген жазаның неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауға немесе міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жазаны қолданбауға тек қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілiк дəрежесiн едəуiр азайтатын ерекше мəн-жайлар анықталған жағдайда ғана жол беріледі. Жеңiлдететiн жекелеген мəн-жайлар да, осындай мəн-жайлардың жиынтығы да жəне жасалған əрекеттің қоғамға қауіптілік дəрежесінің төмен екенін жəне сотталушының оң əлеуметтік-адамгершілік бейнесін айғақтайтын жасалған іс-əрекетке, сотталушының жеке басына қатысты өзге де мəн-жайлар, ерекше мəн-жайлар деп танылуы мүмкiн. Апелляциялық сот алқасы Т.-ға жаза тағайындау кезінде ол құқық бұзушылықты жасау барысында белсенді рөл атқармағанын, бұрын сотты болмағанын, бұл қылмыстық құқық бұзушылықты жасамай тұрып жəне жасағаннан соң қандай да бір қылмыстық əрекет жасамағанын, басқа заң бұзушылықтарға жол бермегенін, топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған іс-əрекеттерін ашуға белсене жəрдемдескенін, жасаған əрекетін ішінара мойындап, жəбірленушілерге келтірілген материалдық залалды ішінара орнына қойғанын ерекше мəн-жайлар ретінде танып, оған ең төменгi шектен төмен жаза тағайындау қажет деген тұжырымға келген. Алайда сот алқасының Т.-ның құқық бұзушылықты жасау барысында белсенді рөл атқармағаны жəне қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған əрекеттерін ашуға белсенді түрде жəрдем бергені туралы тұжырымдары қылмыстық іс материалдарына сəйкес келмейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруде анықталғандай, Т. жəбірленушінің үйінен алған аңшы мылтығымен жəбірленушілер Д. мен М.-ны бақылаған, асхана пышағын жəбірленуші М.-ның мойынына тақап, жəбірленушілердің қол-аяқтарын арқан жіппен және скотчпен байлап, жəбірленуші М.-ның есік алдында тұрған автокөлігінің дөңгелектерін пышақпен жарып кеткен. Бөлектенген қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылған Қ. осы қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға жəне оның қатысушыларына қатысты ақпаратты қылмыстық қудалау органына берген адам болып танылған. Сол себепті Арыс аудандық сотының 2020 жылғы 12 маусымдағы үкімімен оған жаза тағайындауда ҚК-нің 55-бабының төртінші бөлігі қолданылған. Іс материалдарына сәйкес сотталған Т. кінəсін ішінара мойындаған жəне жəбірленушілерге келтірілген материалдық залалдың орнын толығымен өтемеген. Сонымен қатар сотталған Т. бетіне медициналық бетперде қолына құрылыс қолғаптарын киіп, адамдар тобымен атыс қаруын жəне пышақты қолдану арқылы тұрғын үйге заңсыз кіріп, жəбірленушілердің өмірі мен денсаулықтарына қауіпті күш қолданып, бөтеннің мүлкін қарақшылық жолмен ірі мөлшерде жымқырып, ауыр қылмысты жасаған.
Атыс қаруын заңсыз тасымалдағаны, үй-жайға заңсыз кіріп, мүлікті жымқырып қарақшылық жасаған
Істің мұндай тұрғысында, апелляциялық сот алқасының іс бойынша əрекеттің қоғамдық қауіптілік дəрежесін төмендетуге мүмкіндік беретін ерекше сипаттағы мəн-жайлардың болуы туралы тұжырымы негізсіз жəне олар ҚК-нің 55-бабының төртінші бөлігіне сəйкес сотталған Т.-ға қатысты тағайындалған жазаны жеңілдету үшін негіз болып табылмайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Т.-ға қатысты апелляциялық сот алқасының үкімін өзгертіп, Т.-ға қатысты ҚК-нің 55-бабын қолданылу бөлігінің күшін жойды. Т. ҚК-нің 192-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен 7 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 287-бабының төртінші бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 291-бабы үшінші бөлігінің 3), 4) тармақтарымен 5 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының үшінші бөлігі негізінде түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге сотталды. Сот актісінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы