Ұрлық, заңсыз үй жайларға кіріп, жасырын түрде жымқырған
Түркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы үкімімен: Н. бұрын, 2018 жылғы 15 маусымда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 188-бабы екінші бөлігінің 2), 3) тармақтары бойынша 2 жыл 5 ай 9 күнге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, 2019 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен 1 жыл 4 ай 8 күнге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, - ҚК-нің 188-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағымен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 60-бабының бірінші, төртінші бөліктері негізінде 2018 жылғы 15 маусымдағы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы түпкілікті 4 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге сотталған. Жазаны өтеу мерзімі 2019 жылғы 10 қыркүйектен бастап есептелген. Н.-дан мемлекет кірісіне 7 990 теңге 32 тиын процестік шығын, Жәбірленушілерге өтемақы қорына 50 500 теңге мәжбүрлі төлем өндірілген. Заттай дәлелдемелердің мәселесі шешілген. Сот үкімімен Н. ұрлық жасағаны, яғни жәбірленушілердің мүліктерін адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, заңсыз үй жайларға кіріп, бірнеше рет жасырын түрде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған. Н.-ның үкім заңды күшіне енгенге дейін күзетпен ұстау уақыты жазаны өтеудің бір жарым күні есебімен жаза мерзіміне есепке жатқызылған. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушы наразылығында, сотталған Н.-ның іс-әрекетінің саралануы мен дәлелденуін дауламай, оның бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жазаны өтеген болғандықтан, үкім бойынша тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеуді белгілеуді сұраған.
Ұрлық, заңсыз үй жайларға кіріп, жасырын түрде жымқырған
Сот іс бойынша заңның талаптарын сақтай отырып, сот тергеуін жанжақты жүргізіп, объективті бағаланған, дәйектілігі жағынан ешбір күмән келтірмейтін нанымды дәлелдемелер жиынтығын негізге алып, Н. үкімде сипатталған қылмыстық әрекетті жасағаны үшін кінәлі деген тұжырымға дұрыс келген. Жымқыру фактісі Н.-ның өзінің айыбын толық мойындап берген жауабынан тыс, жәбірленушілердің жауаптарымен, оқиға болған жерді қарап-тексеру хаттамаларымен және де заттай дәлелдемелерімен расталған. Сотталғанның іс-әрекеті дұрыс сараланған. Н.-ға жаза тағайындағанда, сот ҚК-нің 52-бабының талаптарын басшылыққа алып, оның жасаған қылмысының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, жеке басын сипаттайтын деректерді, қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды, оның ішінде оның кінәсін толығымен мойындап, өкініш білдіргенін, кәмелет жасқа толмаған балалары бар екенін ескерген. Тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өзгертуге немесе оның мерзімін төмендетуге әкеп соғатын негіздер анықталмаған. ҚК-нің 55-бабының екінші бөлігінің ережелері сақталған. Алайда сот Н.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің мекеме түрін тағайындаған кезде ҚК-нің 46-бабының талаптарын сақтамаған. ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 3) тармағына сай қасақана қылмыс жасағаны үшін бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдарға бас бостандығынан айыруды өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде тағайындалады.
Н. Алматы облысы Талғар аудандық сотының 2018 жылғы 15 маусымдағы үкімімен ҚК-нің 188-бабы екінші бөлігінің 2), 3) тармақтары, яғни қасақана қылмыс жасағаны үшін 2 жыл 5 ай 9 күнге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, сондықтан ол бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген адамдардың қатарына жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Н.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, Н.-ға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстықатқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекесінде өтеуді белгіледі. Сот актілерінің қалған бөліктері өзгеріссіз қалдырылды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының наразылығы қанағаттандырылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Ұрлық, заңсыз үй жайларға кіріп, жасырын түрде жымқырған
265 рет жүктеп алынды