Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 28-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

28-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

28-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      1. Коммерциялық құпияны қорғау осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салуды білдіреді. 

      2. Кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялығын қорғауға шаралар қолданады. 

      3. Ақпаратты қолжетімділік санаттарына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын кәсіпкерлік субъектісі айқындайды. 

      4. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша кәсіпкерлік субъектісі қолданатын шаралар: 

      1) коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат тізбесін айқындауды; 

      2) осы ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін және осы тәртіптің сақталуын бақылауды белгілеу арқылы коммерциялық құпияға қол жеткізуді шектеуді; 

      3) коммерциялық құпияға қолжетімділік алған адамдарды және (немесе) осы ақпарат ұсынылған немесе берілген адамдарды есепке алуды қамтуы мүмкін. 

      5. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдістермен алған, ашқан және (немесе) пайдаланған адамдар келтірілген нұқсанды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті. 

      6. Кәсіпкерлік субъектісі немесе ол уәкілеттік берген адам өз жұмыскерлерінен коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қолхат талап етуге, ал оны тексеруді жүзеге асыратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық туралы ескертуге құқылы. 

      7. Міндетті түрде жариялануға не акционерлік қоғам акционерлерінің, шаруашылық серіктестігі қатысушыларының, өндірістік кооператив мүшелерінің немесе өзге де белгілі бір адамдар тобының назарына міндетті түрде жеткізілуге жататын ақпараттың тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарында және кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай құжаттарында белгіленеді. 

      8. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат, соттың заңды күшіне енген шешімі бар ақпаратты немесе осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етілмейді. 

      9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары лауазымдық (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты өздеріне белгілі болған коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз таратуға және (немесе) пайдалануға құқылы емес. 

      10. Кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға, оларға жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажетті ақпараттан басқа, тіркеу, бақылау және қадағалау функцияларын орындау және басқа да әрекеттерді жасау кезінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қолжетімділікті бермеуге құқылы. 

      10-1. Аса маңызды цифрлық объектіні меншік құқығында немесе басқа да заңды негізде иеленетін кәсіпкерлік субъектісі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен цифрлық ресурстың резервтік көшірмесін цифрлық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына береді. 

      10-2. Квазимемлекеттік сектор субъектісі мемлекеттік органдар қызметін цифрлық деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін қажетті иесі көрсетілмеген деректерді "цифрлық үкімет" операторына береді. 

      11. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады, ал осындай тарату және (немесе) пайдалану салдарынан кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.  

      12. Нақты кәсіпкерлік субъектісінің қызметі туралы мәліметтерді ашпайтын, жинақтап қорытылған ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады. 

      13. Кәсіпкерлік субъектісінің жалпыға қолжетімді ақпаратына мыналар жатады: 

      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы; 

      2) заңды тұлғаның атауы және тіркелген күні; 

      3) сәйкестендіру нөмірі; 

      4) заңды мекенжайы (орналасқан жері); 

      5) қызмет түрі; 

      6) басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе); 

      7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы бойынша ақпарат, оның ішінде жоспарлар, хабарландырулар, қатысушылар, қорытындылар, жасалған шарттар, шарттық міндеттемелердің орындалуы және ақы төлеу туралы мәліметтер, сондай-ақ жергілікті қамту бойынша ақпарат. 

      Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

143-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф немесе өзге де хабарламалар құпиясын заңсыз бұзу

143-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф немесе өзге де хабарламалар құпиясын заңсыз бұзу...

Толық оқу »

148-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

148-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жеке тұлғал...

Толық оқу »

186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі...

Толық оқу »

9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау  Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы

9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы      Клиенттің келісуінсіз кәсіптік құпияны ашуға болмайды.      Заң көмегін көрсету кезін...

Толық оқу »

189-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

189-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақс...

Толық оқу »

53-бап. Жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

53-бап. Жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Жеке өмір, жеке және отбасылы...

Толық оқу »

90-8-бап. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-8-бап. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

321-бап. Медицина қызметкері құпиясын жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

321-бап. Медицина қызметкері құпиясын жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Медицина жұмыскерінiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксiз адамның бойын...

Толық оқу »

473-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің салық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария ету

473-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің салық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария ету Егер бұл әрекетте қылмыстық жазал...

Толық оқу »

186-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау міндетін бұзу

186-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақ...

Толық оқу »

473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi Қазақстан...

Толық оқу »

43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны ашу  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны ашуБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Осы бапта белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағ...

Толық оқу »

185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу Әкімш...

Толық оқу »

126-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қызметтік және коммерциялық құпиясы

126-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қызметтік және коммерциялық құпиясы Түсіндірме мақала тек қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақп...

Толық оқу »

Өндірістік үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғандары үшін кінәлі деп танылған

Өндірістік үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғандары үшін кінәлі деп танылғанТүркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2019 жылғы 14 мамырдағы үкімімен: М. б...

Толық оқу »

240-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

240-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлiк ақпаратты оға...

Толық оқу »

135-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК бала асырап алу құпиясын ашу

135-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК бала асырап алу құпиясын ашу Бала асырап алу фактісін қызметтік немесе кәсіптік құпия ретінде сақтауғ...

Толық оқу »

144-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК дәрігерлік құпиясын жария ету

144-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК дәрігерлік құпиясын жария ету 1. Медициналық қызметкердің кәсіби немесе қызметтік қажеттіліксіз науқа...

Толық оқу »

138-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

138-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Бала асырап алу фактiсiн қызметтiк немесе кәсiптiк құпия ретiнде сақтауға мiндет...

Толық оқу »

25-бап. Құпия ақпаратпен, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиямен жұмыс істеу Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

25-бап. Құпия ақпаратпен, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиямен жұмыс істеу Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1.Кредиттік рейтин...

Толық оқу »