Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 45-бап. Салықтық құпия Қазақстан Республикасының Салық кодексі

45-бап. Салықтық құпия Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

45-бап. Салықтық құпия Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

      1. Салықтық құпия – егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) туралы салық органы алған кез келген мәліметтер. 

      2. Салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам туралы мынадай: 

      1) салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған), салық төлеушінің (салық агентінің) есебіне жазылған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің сомасы туралы; 

       2) есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуінің салық төлеушіге бюджеттен қайтарылатын сомасы туралы;  

      3) салықтық берешек сомасы туралы; 

      4) мынадай тіркеу мәліметтері: 

      сәйкестендіру нөмірі; 

      басшының тегі, аты және әкесінің аты; 

      атауы; 

      салық төлеушілер базасына осындай салық төлеуші немесе оны тіркеу есебіне қою туралы мәліметтер енгізілген күн; 

      салық төлеушілер базасынан осындай салық төлеуші туралы мәліметтер алып тасталған және тіркеу есебінен шығарылған күн және олардың негіздемесі; 

      қызмет түрі; 

      салықтық есептілікті ұсыну мерзімін тоқтата тұру басталған және аяқталған күн; 

      резиденттігі; 

      бақылау-касса машинасының салық органында тіркелу нөмірі; 

      бақылау-касса машинасы пайдаланылатын орын; 

      салық салудың қолданылатын тәртібі туралы; 

      5) салықтық есептілікте көрсетілген жалдамалы жұмыскерлердің саны туралы; 

      6) салық төлеуші есептеген салықтық кезеңдегі салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жалпы сомасының, сыйақылар мен амортизациялық аударымдар бойынша шығыстарды есепке алмағанда, салық салынатын кіріс сомасымен арақатынасы түрінде айқындалатын, талдамалық мақсаттар үшін пайдаланылатын салықтық жүктеменің коэффициентін қоса алғанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін салықтық жүктеменің коэффициенті туралы; 

      7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін қолданылған жауаптылық шаралары туралы; 

      8) салықтық жеңілдіктер туралы; 

      9) осы Кодексте көзделген жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жататын; 

      10) Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын мәліметтер салықтық құпия болып табылмайды. 

      3. Салық төлеуші (салық агенті)-жеке тұлға туралы мынадай: 

      1) салықтық берешек сомасы туралы; 

      2) мынадай тіркеу мәліметтері: 

      жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты; 

      сәйкестендіру нөмірі; 

      салық төлеушілер базасына осындай салық төлеуші туралы мәліметтер енгізілген күн; 

      салық төлеушілер базасынан осындай салық төлеуші туралы мәліметтер алып тасталған күн және оның негіздемесі; 

      резиденттігі туралы; 

      3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін қолданылған жауаптылық шаралары туралы; 

       4) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жариялануға жататын; 

      5) салықтық жеңілдіктер туралы; 

      6) осы Кодексте көзделген жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жататын; 

      7) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия ақпарат болып табылмайтын мәліметтер салықтық құпия болып табылмайды. 

      4. Салықтық жеңілдіктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті қалыптастыру мен ұсыну мақсаттары үшін қолданатын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер де салық құпиясы болып табылмайды. 

      5. Осы баптың 4 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ осындай мәліметтерді қамтитын құжаттарды салық төлеушінің (салық агентінің) келісімінсіз басқа тұлғаға ұсына алмайды. 

      6. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) келісімін алмастан: 

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік күзет қызметіне ұсынады. 

      Мәліметтер тергеу судьясы, прокурор санкциялаған уәжді сұрау салудың негізінде ұсынылады. Мұндай мәліметтерді тергеу судьясы, прокурор сұратқан кезде санкция талап етілмейді. 

      Сұрау салу қағаз жеткізгіште не электрондық құжат нысанында жіберіледі; 

      2) егер салық төлеуші қаралатын істің тарапы болып табылса, сот төрелігін іске асыру кезінде жіберілген жолданымдарының (өкімі, талабы, тапсырмасы, сұрау салуы) негізінде сотқа және судьяларға; 

      3) жеке сот орындаушысының не аумақтық бөлімнің мөрімен расталған қаулының негізінде іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына; 

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жасау бойынша өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органға, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органына ұсынады. 

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдар осындай мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді; 

      5) Қазақстан Республикасының заңдарымен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға, Ұлттық Банкке ұсынады. 

      Салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі уәкілетті органмен бірлескен актімен бекітілген өзара іс-қимыл жасау қағидаларында белгіленеді; 

      6) Қазақстан Республикасының заңдарымен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін банк ұйымдарына, төлем ұйымдарына, жергілікті атқарушы органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, Мемлекеттік корпорацияға ұсынады. 

      Салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі және оларды ұсыну тәртібі құзыреті шегінде уәкілетті органның және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның немесе Ұлттық Банктің бірлескен актісімен бекітілген өзара іс-қимыл жасау қағидаларында белгіленеді. 

      7) салықтық тексеру жүргізуге және бақылаудың өзге де нысандарына тартылған маманға (бұдан әрі – маман); 

      8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға; 

      9) құзыреті шегінде қаралатын жолданымдар бойынша апелляциялық комиссияның мүшелеріне; 

       10) құзыреті шегінде қаралатын мәселелер бойынша Деңгейлес мониторингке байланысты мәселелерді қарау жөніндегі консультативтік кеңестің (бұдан әрі – Консультативтік кеңес) мүшелеріне;  

      11) құзыреті шегінде қаралатын жолданымдар бойынша Салық салу мәселелері жөніндегі әдіснамалық кеңестің мүшелеріне; 

      12) құзыреті шегінде қаралатын жолданымдар бойынша салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарауды жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне; 

      13) тақырыптық салықтық тексеру шеңберінде "Өнім берушілер бойынша пирамида" талдамалық есебі бойынша өздерінің өнім берушілерінің анықталған бұзушылықтары бөлігінде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап қойған салық төлеушілерге ұсынады. 

      7. Осы баптың ережелерін іске асыру мақсатында мәліметтер "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы ұсынылады. Интеграция болмаған жағдайда мәліметтер қағаз жеткізгіште не өзге электрондық нысанда ұсынылуы мүмкін. 

      Ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы мәліметтер алмасу жағдайында мәліметтерді ұсынудың бөлек тәртібін орнату талап етілмейді. 

       8. Осы баптың 6-тармағының ережелері "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық төлеуші туралы салық органы алған мәліметтерге қолданылмайды. 

      9. Салықтық құпияға қол жеткізе алатын адамдар өздерінің міндеттерін атқару кезеңінде, сол сияқты оларды атқаруды аяқтағаннан кейін де салықтық құпияны жария етпеуге тиіс. 

      10. Салықтық құпияны құрайтын мәліметтер қамтылған құжаттарды жоғалту не мұндай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. 

      11. Мыналар: 

       1) салық органының "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмесін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына сақтауға беруі салықтық құпияны жария ету болып табылмайды. 

      Бұл ретте сақтауға берілген мұндай деректерді пайдалануды салық органы ғана жүзеге асырады; 

      2) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу, сондай-ақ үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда алынған мәліметтерді мыналарға: 

      Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақылық тергеп-тексерулерді жүргізу кезінде үшінші елдің және (немесе) үшінші елдер одағының құзыретті органына; 

      Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты өтемақылық тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің құзыретті органына және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – ЕЭК); 

      Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеру мақсаттары үшін ЕЭК-ке беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды; 

      3) салық органының салық төлеуші (салық агенті) туралы, мыналарды: 

      салық төлеушінің (салық агентінің) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша өз салықтық міндеттемелерін, сондай-ақ әлеуметтік міндеттемені; 

      банк ұйымдарының осы Кодексте көзделген міндеттерді орындауы үшін қажетті мәліметтерді банк ұйымдарына беруі; 

      4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу мақсатында тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру үшін, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректер талдамасын жүзеге асыру үшін алынған мәліметтерді "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына беруі; 

      5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды есепке алу және өңдеу үшін қажетті ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық жүйелеріне мәліметтерді беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды. Мұндай мәліметтерді пайдалануды салық органы ғана жүзеге асырады; 

       6) салық органының осы Кодекстің 56-бабының 16-тармағында көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – ҰКП) беруі; 

      7) салық органының өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін интернет-платформаны пайдалана отырып жүзеге асыратын жеке тұлғалар бойынша салықтар мен әлеуметтік төлемдердің есептелген сомалары туралы мәліметтерді интернет-платформа операторына беруі салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

45-бап. Қатысу үлесінен және акциялардан басқа, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актілер бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Салықтық есепке алу мақсаттары үшін: 

      қатысу үлесі мен акциялардан басқа, сенімгерлік басқарудағы мүлік бойынша, бейрезидент-сенімгерлік басқарушы жұмсаған шығындар сомасына азайтылған, мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы акті және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебі негізінде өтелген (өтеуге жататын) кіріс сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісі болып табылады;  

      мұндай мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін мүлік сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлкі болып табылады; 

      мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген, сенімгерлік басқарушыға төлеуге жататын сыйақы сенімгерлік басқару құрылтайшысының шығындары болып табылады. 

      Сенімгерлік басқарушының қатысу үлесі мен акциялардан басқа, мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін кірісіне: 

      мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы; 

      сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген шығындар сомасы қосылады. 

      Сенімгерлік басқарушы жұмсаған, өтелуі мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актіде және сенімгерлік басқарушының өз қызметі туралы есебінде көзделген қатысу үлесі мен акциялардан басқа, мүлікті сенімгерлік басқарудың шығындары осындай сенімгерлік басқарушының шығындары болып табылады. 

      Мұндай шығындар сенімгерлік басқарудағы мүлік бойынша сенімгерлік басқару құрылтайшысының кірісін азайтады және сенімгерлік басқару құрылтайшысында шығындар ретінде есепке алынбайды. 

      2. Сенімгерлік басқару құрылтайшысы қатарына осындай құрылтайшы жататын тұлғалар үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен сенімгерлік басқарудан түсетін кіріс пен сенімгерлік басқарудан түсетін мүлік бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды. 

      3. Сенімгерлік басқарушы қатарына осындай сенімгерлік басқарушы жататын тұлғалар үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен сенімгерлік басқарудың кірістері, шығындары мен мүлкі бойынша корпоративтік және жеке табыс салықтары бойынша салықтық міндеттемені орындайды. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы  

143-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф немесе өзге де хабарламалар құпиясын заңсыз бұзу

143-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК хат алмасу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф немесе өзге де хабарламалар құпиясын заңсыз бұзу...

Толық оқу »

148-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

148-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жеке тұлғал...

Толық оқу »

186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі...

Толық оқу »

9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау  Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы

9-бап. Кәсіптік құпияны сақтау Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы Заңы      Клиенттің келісуінсіз кәсіптік құпияны ашуға болмайды.      Заң көмегін көрсету кезін...

Толық оқу »

189-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

189-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақс...

Толық оқу »

53-бап. Жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

53-бап. Жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      1. Жеке өмір, жеке және отбасылы...

Толық оқу »

90-8-бап. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

90-8-бап. Коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

28-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

28-бап. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Коммерциялық құпияны қорғау осы Кодекске және Қазақстан Республика...

Толық оқу »

321-бап. Медицина қызметкері құпиясын жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

321-бап. Медицина қызметкері құпиясын жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Медицина жұмыскерінiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксiз адамның бойын...

Толық оқу »

473-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің салық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария ету

473-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің салық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария ету Егер бұл әрекетте қылмыстық жазал...

Толық оқу »

186-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау міндетін бұзу

186-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақ...

Толық оқу »

473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi Қазақстан...

Толық оқу »

43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны ашу  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны ашуБағалы қағаздар рыногы туралы Заңы      1. Осы бапта белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағ...

Толық оқу »

185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу Әкімш...

Толық оқу »

126-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қызметтік және коммерциялық құпиясы

126-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қызметтік және коммерциялық құпиясы Түсіндірме мақала тек қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақп...

Толық оқу »

Өндірістік үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғандары үшін кінәлі деп танылған

Өндірістік үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғандары үшін кінәлі деп танылғанТүркістан облысы Сайрам аудандық сотының 2019 жылғы 14 мамырдағы үкімімен: М. б...

Толық оқу »

240-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

240-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлiк ақпаратты оға...

Толық оқу »

135-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК бала асырап алу құпиясын ашу

135-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК бала асырап алу құпиясын ашу Бала асырап алу фактісін қызметтік немесе кәсіптік құпия ретінде сақтауғ...

Толық оқу »

144-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК дәрігерлік құпиясын жария ету

144-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК дәрігерлік құпиясын жария ету 1. Медициналық қызметкердің кәсіби немесе қызметтік қажеттіліксіз науқа...

Толық оқу »

138-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

138-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Бала асырап алу фактiсiн қызметтiк немесе кәсiптiк құпия ретiнде сақтауға мiндет...

Толық оқу »

25-бап. Құпия ақпаратпен, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиямен жұмыс істеу Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

25-бап. Құпия ақпаратпен, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиямен жұмыс істеу Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1.Кредиттік рейтин...

Толық оқу »