Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Заңсыз соттаумен келтірілген моральдық зиянды өтеу жөніндегі сот тәжірибесі

Заңсыз соттаумен келтірілген моральдық зиянды өтеу жөніндегі сот тәжірибесі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Заңсыз соттаумен келтірілген моральдық зиянды өтеу жөніндегі сот тәжірибесі

 

А-н Д.Д., М-р Г.А., Б-н Б.С., Ш.ев К.А. жауапкер Ю-н В.В. қарсы берген моральдық зардапты өндіру туралы азаматтық ісі.

Талапкерлер өз талаптарын келесідей негіздеді, Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотының 14 ақпан 2014 жылғы үкімімен Д.Д.А-ин, Г.А.М-р, К.А,Ш-ев, Б.С.Б-ин жеке айыптаушы В.В.Ю-ың жеке айыптау шағымы бойынша ҚР ҚК-нің 129-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасады деп айыпталды.

Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының 24 сәуір 2014 жылғы қаулысымен Ақмола облысының Сандықтау аудандық сотының 14 ақпан 2014 жылғы үкімі бұзылып, жоғарыда көрсетілген тұлғалар кінәсіз деп танылып, олардың әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты бұзылды.

ҚР ҚІЖК-нің 39-42 баптары негізінде ақталғандарға заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартумен келтірілген зардапты өндіру құқығы танылды. Сандықтау аудандық сотында сот талқылауы барысында В.В.Юринның жеке айыптау шағымын қарау кезінде адвокат А.А.О. тартылған, 24 желтоқсан 2013 жылғы заңдық көмек көрсету келісіміне сәйкес Д.Д.А-н талапкерлерге заңдық көмек көрсеткені үшін 200 000 теңге төлеген.

Апелляциялық сот алқасында адвокат А.Б.Б. тартылған, оған заңдық көмегі үшін 200 000 теңге төленген. Сот процестерінде және заңсыз үкім шығару кезінде талапкерлерге моральдық зардап келтірілген. Сонымен, Г.А.М.жауапкердің заңсыз әрекеті нәтижесінде ауруханаға түсіп, 2014 жылдың 27 қаңтарынан 06 ақапанына дейін сонда жатқан. Басқа талапкерлер бірнеше рет сот отырысына келуге мәжбүр болған, сонымен қатар ауылдастары оларға сенімсіздікпен, қауіппен қарап, сотталғандармен ешкім қатынасқысы келмеген.

Айыптау үкімінің шығуына байланысты олардың отбасылық жағдайы нашарлап, талапкерлер қорланғандық, жабырқау, қысым көргендік сезімде болған. Сондықтан талапкерлер моральдық зардап 500 000 теңгеден әрқайсысына, Г.А.М-рға моральдық зардап 1 000 000 теңге өндіру туралы талап арыздары өндірілуге жатады деп есептейді. Талапкерлердің өтініші бойынша 07 шілде 2015 жылғы соттың ұйғарымымен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жауапкер ретінде тартылды.

Істі қарау барысында талапкерлер Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінен әр талапкерге Д.Д.А-ның, К.А.Ш-евтың, Б.С.Б-ың пайдасына моральдық зардап 500 000 теңге және Г.А.М-дың пайдасына 1 000 000 теңге өндіру туралы талап арыздарын нақтылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінен, В.В.Ю-нан ортақ тәртіпте Д.Д.А-ның пайдасына адвокаттың қызметіне төленген 400 000 теңге көлемінде сот шығындарын өндіруді сұраған.

Сот келесі қорытындыға келді:

ҚР ҚІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес сот бойынша қылмыстық қудалау органының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зардапты өндіруге 37-баптың 1-бөлігінде көзделген тұлғалар, яғни осы кодекстың 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы шығарылған ақталған тұлғалардың құқығы бар.

 Іс материалдарынан анықталғаны, Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының 24 сәуір 2014 жылғы қаулысымен Ақмола облысының Сандықтау аудандық сотының 14 ақпан 2014 жылғы үкімі бұзылып, ҚР ҚК-нің 129-бабымен сотталған тұлғалар кінәсіз деп танылып, талапкерлермен қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту нәтижесінде келтірілген зардапты өндіру құқығы танылды.

ҚР ҚІЖК-нің 40-бабы 1-бөлігі 4-тармағымен осы кодекстың 38- бабының екінші бөлігінде көзделген тұлғаларға келтірілген мүліктік зардапқа заңдық көмек көрсеткені үшін тұлғамен төленген сомманы өндіру жатады. Сотпен анықталғаны, 24 желтоқсан 2013 жылы заңдық көмек көрсету туралы келісімге сәйкес, адвокат А.А.О-в талапкерлерге заңдық көмек көрсетіп, сот отырысында қатысқан қызметі үшін Д.Д.А-ин адвокатқа 200 000 төлеген, сонымен қатар ордер негізінде апелляциялық сот алқасында талапкерлерге адвокат А.Б.Б-в қызмет көрсеткен, ол қызметі үшін Д.Д.А-н 200 000 теңге төлеп, жалпы құны 400 000 теңге төленгендігі жөнінде Ақмола облысының адвокаттар алқасымен берілген 24 желтоқсан 2013 жылғы №9, 04 наурыз 2014 жылғы №50 түбіртектермен расталады.

ҚР ҚІЖК-нің 42-бабына сәйкес егер зиянды өтеу туралы талапты осы тарауда көзделген тәртіппен беруге арналған алты айлық мерзім өткізіп алынса, адам азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгінуге құқылы. Яғни тұлға үкім шығарған сотқа алты ай мерщім ішінде жүгінуі шектелмеген, алты ай өткен соң да азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгінуге құқылы. Сондықтан, талапкерлердің жүгіну үшін алты айлық мерзімі өткендігін және көрсетілген талаппен қылмыстық сот өндірісінде талапкерлердің сотқа жүгінуі шектелген деп көрсеткен жауапкерлердің дәлелі негізсіз және қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.

ҚР АК-нің 923-бабының 1-бөлігіне сәйкес, заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтiрiлген зиянды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кiнәсiне қарамастан, заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекет өтейдi.

ҚР «Республикалық бюджет туралы» 2013-2015 жылдардағы бюджеттік бағдарламының әкімшісі болып 010 «Қазақстан Республикасының Үкіметінің резерві»- Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі танылады.

Сәйкесінше, Д.Д.А-ың жауапкер Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне қарсы берген адвокаттың қазметіне 400 000 теңге төленген шығындарды өндіру талабы негізді және толық қанағаттандырылуға жатады. Зардапты өндіру Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жауапкершілігіне негізсіз жүктелді деген және ҚР АК-нің 923-бабының 2,3- тармақтарына, 922-баптың 3-тармағының нормаларына сілтеме жасалып жауапкершілікті келтіруші тұлғаға жүктеу туралы шағымның уәждері негізсіз. Себебі, көрсетілген нормаларға сәйкес анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура органдарының өзге де заңсыз iс-әрекетiнiң салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға келтiрiлген зиян көзделген негiздер мен тәртiп бойынша өтеледi.

Судьялардың және басқа сот қызметкерлерiнiң заңсыз iсәрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде келтiрiлген зиян, осы баптың 1-тармағында көзделгеннен басқа ретте, осы Кодекстiң 922- бабының 3-тармағында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша өтеледi.

Д.Д.А-ның адвокаттың қызметіне төленген шығындарды өндіру ҚР АК-ның 923-бабының 1-бөлігіне сәйкес берілген, яғни заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеуi туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесiне немесе басқа емдеу мекемесiне заңсыз орналастыру салдарынан азаматқа келтiрiлген зиянды анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кiнәсiне қарамастан, заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен толық көлемде мемлекет өтейдi.

Сот талапкерлердің моральдық зардаптың өтемін өндіру туралы талаптары келесі негіздер бойынша негізсіз деген қорытындыға келді.

Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша сот алқасының 24 сәуір 2014 жылғы заңды күшіне енген үкіміне сәйкес, В.В.Ю-ның жеке айыптау шағымында құқығын теріс пайдалану сипаты болмаған, талапкерлерге моральдық зардап келтіру ниетінен емес, заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін қорғаудан туындаған. Ол жайын заңды күшіне енген үкімдегі көзделген жағдайлар куәландырады, яғни «ПКФ Новоникольское» ЖШС директоры В.В.Ю-мен талапкерлер арасындағы жанжал нәтижесінде, яғни әр талапкер туындаған мәселе бойынша дивидендтерді төлемеу, нан беруден бас тарту сияқты сол уақытта шешілмеген талаптарын айтты. Тараптар арасындағы туындаған жанжал ешкіммен жоққа шығарылмады, құқықты теріс пайдалану сипаты қамтылмаған ҚР ҚК-нің 129-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс деп (2014 жылғы редакцияда) бірінші инстанциялы сотпен және жеке айыптаушымен заңдық баға дұрыс берілмеген.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабы 2-бөлігіне сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұл жағдайда, жеке айыптаушының тарапынан өзінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну арқылы конституциялық құқығын жүзеге асырдым деп В.В.Ю-н есептеген. Сонымен қатар, Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының 24 сәуір 2014 жылғы үкімімен қылмысты жасауда талапкерлер кінәлі деп танылған Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотының үкімі бұзылып, яғни бұзылған құқықтар қалпына келтірілді. Тиісінше, жеке айыптау шағымы бойынша заңсыз қалмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалар қандай да бір салдарға тап болған жоқ, қылмыстық істі бірінші және апелляциялық сатыда қарау кезінде талапкерлер жұмыс істемеген, заңсыз қалмыстық жауапкершілікке тартылу кезінде олардың мүліктік құқықтары бұзылмаған, ол жайын талапкерлердің өкілі жасырмаған. Г.А.М-дың В.В.Ю-ың заңсыз әрекеті нәтижесінде ауруханаға түскендігі туралы уәжін негізсіз деп, яғни іс бойынша сұралған дәрігер И.Р.Ш-ың түсінігі бойынша Г.А.М-р 1948 жылы туылған, Сандықтау ауданының АЕБ-де жиырма жыл аралығында созылмалы аурумен есепте тұрғандығын, денсаулық жағдайының нашарлауы сотқа шағым түсірумен байланысты емес басқа факторлардан, яғни қарттық жасқа келуінен туындауы мүмкін деп көрсеткен.

Көрсетілген жағдайлар негізінде, сот Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі 010 «Қазақстан Республикасының Үкіметінің резерві» бағдарламының әкімшісінен Амрин Даулет Дауреновичтың пайдасына материалдық зардап 400 000 теңге және баж салығын төлеу бойынша кеткен шығын 4 000 теңге, өкілдік қызметке кеткен шығын 40 000 теңге өндірілді. Талапкерлердің моралдық зардапты өндіру талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талаптар моральдық зиянды өтеу мөлшері

Моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талаптар моральдық зиянды өтеу мөлшері"Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 ҚҚ...

Толық оқу »

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 951-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 9-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 қазандағы № 32-НҚ нормативтік қаулысы

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 951-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды...

Толық оқу »

Тісті имплантациялау бойынша материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа кері қайтарып алу

Тісті имплантациялау бойынша материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа кері қайтарып алуАлматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотынаталапкер: А Г...

Толық оқу »

Сот актісіне апелляциялық шағым - Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау және моральдық зиянды өндіріп алу

Сот актісіне апелляциялық шағым - Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау және моральдық зиянды өндіріп алуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжа...

Толық оқу »

Соттар моральдық зиянды өндіріп алу туралы материалдық құқықтың нормаларын дұрыс қолданды, осыған байланысты кассациялық сатыда іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жоюға негіз болған жоқ.

Соттар моральдық зиянды өндіріп алу туралы материалдық құқықтың нормаларын дұрыс қолданды, осыған байланысты кассациялық сатыда іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жою...

Толық оқу »

Аудандық сотқа тұтынушының құқықтарын қорғау, залалды өтеу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою.

Аудандық сотқа тұтынушының құқықтарын қорғау, залалды өтеу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою.Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотына.Талапкер: АГТ23.03. 19...

Толық оқу »

Стоматологиялық қызметтер бойынша материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа қарсы пікір

Стоматологиялық қызметтер бойынша материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа қарсы пікірАлматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотынаталапкер: А. Г...

Толық оқу »

Тісті имплантациялау бойынша стоматологиялық қызметтердің материалдық залалы мен моральдық зиянын өндіріп алу туралы талапқа кері қайтарып алу

Тісті имплантациялау бойынша стоматологиялық қызметтердің материалдық залалы мен моральдық зиянын өндіріп алу туралы талапқа қарсы пікірАлматы қаласы Алмалы ауданының № 2 ауда...

Толық оқу »

Қызметкерлердің штаты қысқартылған кезде жалақыны, өтемақы төлемдерін, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін, өсімпұл мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы

Қызметкерлердің штаты қысқартылған кезде жалақыны, өтемақы төлемдерін, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін, өсімпұл мен моральдық зиянды өндіріп...

Толық оқу »

Материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа пікір

Материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа пікірНазар аударыңыз!«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыру және моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыру негізсіз деп танылды

Бас бостандығынан айыру және моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыру негізсіз деп танылдыҚарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотыны...

Толық оқу »

Материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы қылмыстық іс бойынша шағым

Материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы қылмыстық іс бойынша шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және...

Толық оқу »

Моральдық зиянның ар-намысын, қадір-қасиетін және өтемақысын қорғау туралы талап арызға шолу

Моральдық зиянның ар-намысын, қадір-қасиетін және өтемақысын қорғау туралы талап арызға шолуНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжатты...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылық

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылы...

Толық оқу »

866-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің моральдық зиян салдарын жою

866-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің моральдық зиян салдарын жою 1. Адамды оңалту туралы шешім қабылдаған Орган (лауа...

Толық оқу »

Тұтынушының құқықтарын қорғау, залалды өтеу және моральдық зиянды өтеу туралы талап.

Тұтынушының құқықтарын қорғау, залалды өтеу және моральдық зиянды өтеу туралы талап.Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотына.Талапкер: А-А Г-А Тынықбайқызы 23.03.1976...

Толық оқу »

866-бап. Моральдық зиян салдарларын жою Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

866-бап. Моральдық зиян салдарларын жою Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Тұлғаны ақтау туралы шешiм қабылдаған орган (лауазымды адам)...

Толық оқу »

Материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап-арызға қарсы пікір

Материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап-арызға қарсы пікірАлматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотынаталапкер: АА га ТыштықбайқызыЖСН ....,тұрғы...

Толық оқу »

18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы

18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы      1. Туристерге келтiр...

Толық оқу »

Еңбекке қабілеттілігінен айырылғаны, моральдық залал және емдеуге арналған қосымша шығыстар үшін моральдық зиянды өтеу және бұйрықты жарамсыз деп тану туралы талап

Еңбекке қабілеттілігінен айырылғаны, моральдық залал және емдеуге арналған қосымша шығыстар үшін моральдық зиянды өтеу және бұйрықты жарамсыз деп тану туралы талапАлматы облыс...

Толық оқу »

Азаматтық талап арыз қылмыстық процестегі іс бойынша материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы

Азаматтық талап арызқылмыстық процестегі іс бойынша материалдық және моральдық зиянды өндіру туралыАлматы қаласының қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотын...

Толық оқу »

Моральдық зиянды өтеу бөлігінде талап қою талаптарын азайту туралы талап қоюды қабылдау туралы өтініш

Моральдық зиянды өтеу бөлігінде талап қою талаптарын азайту туралы талап қоюды қабылдау туралы өтінішАлматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотына.Іс № 7520-25-00-2 \ 1852...

Толық оқу »

Стоматологиялық қызметтерді тиісінше көрсетпеу бойынша материалдық залалды және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа кері қайтарып алу

Стоматологиялық қызметтерді тиісінше көрсетпеу бойынша материалдық залалды және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа кері қайтарып алуМаңғыстау облысы бойынша Ақтау қал...

Толық оқу »

21-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның моральдық зиянын өтеу құқығы

21-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның моральдық зиянын өтеу құқығы Сатушының (дайындаушының, Орындаушының) Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтары...

Толық оқу »

Азаматтық сот алқасының моральдық зиян мен залалды өтеу туралы қаулысын қайта қарау туралы

Азаматтық сот алқасының моральдық зиян мен залалды өтеу туралы қаулысын қайта қарау туралы2023 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөнінде...

Толық оқу »

Еңбек даулары бойынша бұйрықтың күшін жою, жұмысқа қайта алу, жалақы және моральдық зиян үшін өтемақы өндіру туралы

Еңбек даулары бойынша бұйрықтың күшін жою, жұмысқа қайта алу, жалақы және моральдық зиян үшін өтемақы өндіру туралыТалап қоюшы К. жауапкер «B» АҚ-ға (Банк) 2018 жылғы 12 қазан...

Толық оқу »

Моральдық зиянды өтеуді өндіріп алу негіздері, өтемақы мөлшері, моральдық азап

Моральдық зиянды өтеуді өндіріп алу негіздері, өтемақы мөлшері, моральдық азапКонституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары...

Толық оқу »

Жол-көлік оқиғасының салдарына келтірілген материалдық залал мен моральдық зиянды өтеу

Жол-көлік оқиғасының салдарына келтірілген материалдық залал мен моральдық зиянды өтеуСот ашық сот отырысында талап бойынша азаматтық істі қарады: П.В. В. к. т. б. б. материал...

Толық оқу »

Біржолғы сақтандыру төлемін, өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды, өндірістік жарақат алуына байланысты моральдық зиянның орнын толтыруды өндіріп алу

Біржолғы сақтандыру төлемін, өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды, өндірістік жарақат алуына байланысты моральдық зиянның орнын толтыруды өндіріп алуСақтандыру комп...

Толық оқу »

Ар-намысты, қадір-қасиетті, іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өндіріп алу туралы даулар

Ар-намысты, қадір-қасиетті, іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өндіріп алу туралы дауларЛ.О., и., в., Б. ар-намысты, қадір-қасиетті, іскерлік беделді қорғау және мо...

Толық оқу »

Тарату көрінеу жалған мәліметтер | Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәлімдемелер | іскерлік беделге нұқсан келтіру

Тарату көрінеу жалған мәліметтер | Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәлімдемелер | іскерлік беделге нұқсан келтіру2019 жылғы 20 қаңтарда шамамен 4 сағат 00 минут...

Толық оқу »

Жеке тұлғалардың ар-намыс мен қадір-қасиеттін және заңды тұлғалардың іскерлік беделін қорғау туралы

Жеке тұлғалардың ар-намыс мен қадір-қасиеттін және заңды тұлғалардың іскерлік беделін қорғау туралыБұқаралық ақпарат құралдары туралы заңның талаптарына сәйкес, егер бейнеленг...

Толық оқу »

Азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша

Азаматтар мен заңды тұлғаларға қатысты ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 ж...

Толық оқу »

Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы істер бойынша сараптама тағайындау

Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы істер бойынша сараптама тағайындауҚазақстан Республикасында ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қор...

Толық оқу »

Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау туралы шындыққа сай сын айтылған жағдайда

Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғау туралы шындыққа сай сын айтылған жағдайдаАр-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы істерді қарау кезін...

Толық оқу »

Азаматтың іскерлік беделін қорғау кезінде моральдық зиянды өтеу қолданылады, ал заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғау кезінде залалдарды өтеу туралы қағидалар қолданылады

Азаматтың іскерлік беделін қорғау кезінде моральдық зиянды өтеу қолданылады, ал заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғау кезінде залалдарды өтеу туралы қағидалар қолданыладыАзам...

Толық оқу »

Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені және заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін моральдық зиянды өтеу

Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені және заңды тұлғаның іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін моральдық зиянды өтеуБарлық материалдық емес игіліктер м...

Толық оқу »

9-бап. Іске қатысатын адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрметтеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

9-бап. Іске қатысатын адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрметтеу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Азаматтық іс бойынша іс ж...

Толық оқу »

от тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 1992 жылғы 18 желтоқсан N 6.

Сот тәжiрибесiнде азаматтардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделдiлiгiн қорғау жөнiндегi заңдылықты қолдану туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғ...

Толық оқу »

143-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау

143-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау Ар-намыс-бұл азаматты Қоғамдық бағалау, оның негізі...

Толық оқу »

143-бап. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

143-бап. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беде...

Толық оқу »

9-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің ісіне қатысатын адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрметтеу

9-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің ісіне қатысатын адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрметтеу1. Азаматт...

Толық оқу »

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптар

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы талаптарБіріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсандағы № 21...

Толық оқу »

952-бап. Моральдық зиянды өтеу мөлшерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

952-бап. Моральдық зиянды өтеу мөлшерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi. 2. Моральдық зиянның мөлшерiн анықтаған кезде жәб...

Толық оқу »

Сот өндіріп алған моральдық зиянды өтеу сомасы әділеттілік пен жеткіліктілік критерийлеріне сәйкес келмейді.

Сот өндіріп алған моральдық зиянды өтеу сомасы әділеттілік пен жеткіліктілік критерийлеріне сәйкес келмейді.К.а.-ға 1-топтағы мүгедектікке және екі көздің де көру қабілетінің...

Толық оқу »