66-бап. Банктік қарыз шарты бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдардың және банк операцияларының жекелен түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыз алушыларға банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны жөніндегі талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы Заңы күші жойылды Қабылданған 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы Заңымен.
66-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) банкiнi басқару жөнiндегi қызметiн бақылау Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Банкiнi консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол:
а) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) банкiнi консервациялау кезеңiнде шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге (негiзгi шаралар жоспарын ұсынуға);
б) уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқаулар беруге;
в) уақытша әкiмшiлiктен (уақытша банк басқарушысынан) өз қызметi мен банк қызметi туралы кез келген ақпарат берудi талап етуге;
г) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) iстелген жұмыс туралы есебiн тыңдауға;
д) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
е) банкiнi консервациялаудың аяқталғаны туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi жақтармен өзара қарым-қатынасының қағидаттары уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарымен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы