236-бап. Жолаушыны, багаж бен жүктi теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талаптар бойынша талап қою мерзiмi Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы
1. Тасымалдаушыға теңiз арқылы тасымалдау шартынан туындайтын талап қою тасымалдаушы кiнә қоюды қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартқан жағдайда не кiнә қоюға тасымалдаушыдан жауап алынбаған жағдайда қойылуы мүмкiн.
2. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша талап қою мерзiмi - бiр жыл, жолаушы мен багаж тасымалдау шарты бойынша - алты ай.
3. Жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша аталған мерзiм:
1) жүктiң жоғалуынан және жетіспеуінен болған залалды өтеу туралы талаптар бойынша – жүк берiлуге тиiс болған күннен бастап бiр ай өткен соң;
2) жүктiң зақымданғаны (бүлiнгенi), жүктiң жеткiзiлу мерзiмiнiң өткiзіліп алынғаны үшiн залалды өтеу, тасымалдау ақысын қайтарып беру немесе өндiрiп алу туралы талаптар бойынша - жүк берiлген күннен бастап, егер жүк берiлмеген болса, ол берiлуге тиiс күннен бастап;
3) кеменің берiлмегенi немесе оның дер кезiнде берiлмегенi үшiн залалдарды өтеу, демерредж бен диспач төлеу туралы талаптар бойынша - жүк тасымалдау басталған немесе тасымалдана бастауға тиiс болған айдан кейiнгi ай бiтетiн күннен бастап;
4) басқа жағдайлардың бәрiнде - талапты беруге негiз болған оқиға басталған күннен бастап есептеледi.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы.
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы