181-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің міндеттемесінде тұлғаларды ауыстыру кезіндегі талап қою мерзімі
Талап қою мерзімінің өтуіне міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы әсер етпейді. Қатысушылардың бұрынғы құрамы кезінде өткен уақыт міндеттемеге жаңадан кіргендер үшін талап қоюдың ескіру мерзімін азайтады. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы тек келісімдер немесе заң актісі негізінде ғана емес, сонымен бірге заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға байланысты да орын алады (АК-нің 45 және 46-баптарын қараңыз).
Борышкердің құқықтық мирасқорына қойылған талап бойынша талап қою мерзімінің өтуі кредитордың орындау міндеті құқықтық мирасқорға ауысқан күннен емес, борышкерге талап қою құқығы туындаған күннен басталады.
Кредитордың құқықтық мирасқоры қойған талап бойынша талап қою мерзімінің өтуі талап қоюшы құқықтық мирасқоры болып табылатын кредитордан талап қою құқығы туындаған күннен басталады.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Түсініктеме Қазақ мемлекеттік заң университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми-практикалық зерттеулер бағдарламасы аясында дайындалды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор М. К. Сүлейменов
Басшының орынбасары профессор Басин Ю. г.