Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 62-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

62-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

62-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 

      1. Осы Заңда мемлекеттік қызметшілердің мынадай іс-әрекеттері мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар деп танылады:

      1) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуы;

      2) өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін өзінің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануы;

      3) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметте ілгерілету кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген артықшылықтар беруі (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);

      4) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі;

      5) кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуі;

      6) мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшін пайдалануы;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және (немесе) заңды тұлғаларға берілуі көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беруі;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беруі көзделмеген ақпаратты мұндай тұлғалардан талап етуі;

      9) мемлекеттік қаржылық және материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беруі;

      10) адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі;

      11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы;

      12) кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 151-бабының 1), 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында, 156-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуы;

      13) кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға осындай қызметті мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оны бақылау мен қадағалау өкілеттіктерін беруі;

      14) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беруі;

      15) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін өзі оларда тиісті функциялар орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауы.

      Мемлекеттік қызметшінің шотына аталған адам хабардар етілмей келiп түскен ақша, сондай-ақ ол тиісті функцияларын орындауына байланысты осы тармақшаның бiрiншi бөлігін бұза отырып алған қаражат олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiмде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың келіп түсу мән-жайлары туралы түсiнiктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиіс;

      16) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабындағы салғырттығы үшін сыйлықтарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.

      Мемлекеттік қызметшіге хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты осы тармақшаның бiрiншi бөлігін бұза отырып алған сыйлықтар сыйлық алынған күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге сыйлықтың келіп түскені туралы мәлім болған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтер үшін қызмет көрсетілген күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төленуге тиіс.

      Өзіне сыйлықтар келіп түскен мемлекеттік қызметші оларды "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады;

      17) шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауы, оған мыналар:

      жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша;

      өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның және (немесе) органның келiсiмiмен), егер олармен арадағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызмет бабындағы мәселелерді қозғамаса;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары арасындағы өзара уағдаластық бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;

      жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үшiн ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сапарлар, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарлар қосылмайды;

      18) кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын және өзге де мүлiкті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануы.

      2. Лауазымдық өкілеттіктерді атқарумен байланысты емес, бірақ мемлекеттік қызметтің қадірі мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер де, атап айтқанда:

      1) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну;

      2) көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар болады.

      3. Мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелері мемлекеттік қызметші қызмет бабында байланысты болатын шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғаларының есебінен сыйлықтарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес.

      Мемлекеттік қызметші өзінің отбасы мүшелері заңсыз алған сыйлықтарды сыйлық алынғаны туралы өзіне мәлім болған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беруге және өзінің отбасы мүшелері құқыққа сыйымсыз пайдаланған көрсетілген қызметтердің құнын қызмет көрсетілгені туралы мемлекеттік қызметшіге мәлім болған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы өтеуге міндетті.

      4. Мемлекеттік қызметшінің осы баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қандай да бір тәртіптік теріс қылықтар жасауы, егер оларда қылмыстық құқық бұзушылық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда – қызметке толық сай еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны қолдануға алып келеді.

      Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтарды қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға, сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тануға алып келеді.

      5. Мемлекеттік қызметшінің осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қандай да бір тәртіптік теріс қылықтар жасауы, егер оларда қылмыстық құқық бұзушылық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, қызметке толық сай еместігі туралы ескерту, сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару түріндегі тәртіптік жазаны қолдануға алып келеді.

      Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтарды қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға, сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тануға алып келеді.

      6. Мемлекеттік қызметшінің осы баптың 1-тармағының 9), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалары мен 2-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға, сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тануға алып келеді. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

 

Қызметтік міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік теріс қылықтар

Қызметтік міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік теріс қылықтар«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 1-бабының 15) тармақшасына сәйкес тәртіптік т...

Толық оқу »

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайды

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайдыҚұқық қорғау органының бе...

Толық оқу »

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс...

Толық оқу »

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойыншаҚа...

Толық оқу »

9-бап. Қызметтiк мiндеттердi орындау тәртiбiмен және тапсырыс берушiмен шарт бойынша жасалған топологияға айрықша құқық Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы

9-бап. Қызметтiк мiндеттердi орындау тәртiбiмен және тапсырыс берушiмен шарт бойынша жасалған топологияға айрықша құқық Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорға...

Толық оқу »

Өтініш полиция департаментіне қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шағым ҚР

Өтініш полиция департаментіне қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы қ...

Толық оқу »

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуТүркістан облысының полиция департаментінеТүркіста...

Толық оқу »

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назар...

Толық оқу »

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілік...

Толық оқу »

321-бап. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

321-бап. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Бастыққа, сол сияқты өзiне жүктелген...

Толық оқу »

Өтініш полиция департаментіне қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шағым

Өтініш полиция департаментіне қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы қ...

Толық оқу »

462-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің қаулыларын, нұсқамаларын және өзге де талаптарын орындамау

462-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау...

Толық оқу »

Ішкі істер министріне, қылмыстық істі орындамау және әуре-сарсаңға салу жөніндегі тергеушіге шағымдану немесе дәрігерлік қателік жіберген дәрігерлердің біліктілігінің болмау фактісі бойынша өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау бойынша Практика

Ішкі істер министріне, қылмыстық істі орындамау және әуре-сарсаңға салу жөніндегі тергеушіге шағымдану немесе дәрігерлік қателік жіберген дәрігерлердің біліктілігінің болмау ф...

Толық оқу »

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту ҚР

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сізд...

Толық оқу »

462-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

462-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулылар...

Толық оқу »