Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 68-бап. Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

68-бап. Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

68-бап. Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 

      1. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметін тоқтату, оны жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы шешімді мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау және оны лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (орган) жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік қызметті тоқтату осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметші қайтыс болған, хабарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі, бұрын мемлекеттік лауазымды атқарған Қазақстан Республикасының азаматын мемлекеттік қызметке қайта орналастыру туралы шешім шығарылған күн көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті тоқтату күні болады.

      3. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік лауазымды атқаратын негізгі мемлекеттік қызметшінің жұмысқа шығуы туралы хабарлама (өтініш) негізінде жүзеге асырылады. Хабарлама (өтініш) осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.

      Негізгі мемлекеттік қызметші болмаған кезеңде уақытша бос мемлекеттік лауазымды атқарған мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметті тоқтату туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      4. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік қызметшінің хабарламасы (өтініші) немесе басқа лауазымға сайлау (тағайындау) актісі негізінде жүзеге асырылады.

      Хабарлама осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.

      Хабарламаны және басқа лауазымға сайлау немесе тағайындау актісін ұсынбау жұмыстан шығарудан (өкілеттігін тоқтатудан) бас тартуға негіз болмайды.

      5. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметті тоқтату мемлекеттік органды тарату (жою), мемлекеттік органның штат санын қысқарту туралы шешім негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның таратылатыны (жойылатыны), мемлекеттік органның штат санының қысқартылатыны туралы мемлекеттік қызметті тоқтату күнінен кемінде бір ай бұрын хабардар етіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.

      Мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісімімен мемлекеттік қызметті тоқтату хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.

      Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметті тоқтату хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартқан не мемлекеттік қызметшінің жазбаша бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куәландыратын акт болған кезде мемлекеттік қызметті тоқтатуға жол беріледі.

      6. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметшінің хабарламасы (өтініші) негізінде өз еркімен жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) күнінен кемінде бір ай бұрын жүргізіледі. Хабарлама (өтініш) осы баптың 1-тармағында аталған адамға жіберіледі.

      Тараптардың өзара келісуімен жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) хабарламаның (өтініштің) мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.

      Хабарламаны (өтінішті) мемлекеттік қызметші хабарлама (өтініш) мерзімі ішінде кері қайтарып алуына болады.

      Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығы қаралған, материалдық жауапты адам болатын мемлекеттік қызметші мемлекеттік мүлікті (құжаттаманы) қабылдау-тапсыруды аяқтамаған жағдайлардан басқа, мемлекеттік қызметші хабарлама (өтініш) мерзімі аяқталғаннан кейін жұмысын тоқтатуға құқылы.

      Мемлекеттік қызметші мемлекеттік мүлікті (құжаттаманы) қабылдау-тапсыруды аяқтаған, оның тәртіптік жауаптылығы туралы шешім шыққан күн жұмыстан шығару күні болып саналады. Жұмыстан шығару күні мемлекеттік қызметші өз еркімен жұмыстан шығу (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама (өтініш) берген күннен бастап екі айдан кеш болмауға тиіс.

      7. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) лауазымдық өкілеттік мерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      8. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару күнінен кемінде бір ай бұрын хабарлама жіберіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.

      Осы тармақтың ережелері саяси мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды.

      9. Осы Заңның 67-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқанын, одан айырылғанын не шыққанын растайтын мәліметтер және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.

      Осы Заңның 67-бабының 3-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) оның шет мемлекеттің азаматтығын тоқтату туралы өтінішхат бергенін растайтын мәліметтер болған жағдайды қоспағанда, оның шетел азаматтығы бар екенін растайтын мәліметтер және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      10. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік лауазымды басқа мемлекеттік лауазымға өзгерту туралы шешім негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметші жұмыстан шығару күнінен кемінде бір ай бұрын хабардар етіледі. Хабарламаны осы баптың 1-тармағында аталған адам жібереді.

      Жұмыстан шығару мемлекеттік қызметшінің жазбаша келісімімен хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.

      Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартқан кезде жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартуды ұсынған не мемлекеттік қызметшінің жазбаша түрде бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куәландыратын акт болған кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.

      11. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес мемлекеттік құпияларға берілген рұқсатты тоқтату туралы шешім негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      12. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мәліметтерді жария еткені туралы ақпарат және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      13. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалау нәтижелерінің қанағаттанарлықсыз болғаны туралы шешім негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      14. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметшінің ротациялаудан бас тартуы негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      Мемлекеттік қызметші жазбаша түрде бас тартқан не мемлекеттік қызметшінің жазбаша түрде бас тартуды ұсынудан бас тартқанын куәландыратын акт болған кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.

      15. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы ақпарат және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      Мемлекеттік қызметші еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақты не мемлекеттік қызметшіге жұмыста болмағаны туралы акт табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жұмыста болмау себептері туралы ақпаратты бермеген кезде не осы Заңның 53-бабында көзделген еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайлары салдарынан мемлекеттік лауазымнан босатылған кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.

      16. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік лауазымға орналасу кезіндегі талаптарға сай еместігі туралы ақпарат және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша осы баптың 1-тармағында аталған адамға мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы енгізген қызметтік жазба негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      17. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жаза қолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыста болмағаны туралы акт табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік қызметші жұмыста болмау себептері туралы ақпаратты бермеген кезде жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол беріледі.

      18. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) сот қаулысы немесе үкімі шыққаны, қылмыстық істің тоқтатылғаны, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      19. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жаза қолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      20. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 18) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) адамның мемлекеттік лауазымға қабылданғаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      21. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) шектеулердің сақталмағаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      22. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 20) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жаза қолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      23. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) ақпараттың берілмегені немесе қасақана бұрмаланғаны туралы мәліметтердің және осындай мәліметтерді қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      24. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) кірістер мен мүлік туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынылғаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      25. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 23) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мүліктің сенімгерлік басқаруға берілмегені туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      26. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 24) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) осы Заңның 14-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген кәсіпкерлік қызметті тоқтату және (немесе) мүлікті иеліктен шығару бойынша шаралардың қабылданбағаны туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      27. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 25) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жаза қолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      28. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) тәртіптік жазаны қолдану тәртібі сақтала отырып жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      29-тармақ 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - осы Заңның 90-б. қараңыз.

      29. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 27) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) мемлекеттік қызметші шығыстарының оның кірістеріне сәйкес келмейтіні туралы ақпараттың және осы ақпаратты қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы осы баптың 1-тармағында аталған адамға енгізген қызметтік жазбаның негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      30. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) еңбек шартының мерзімі аяқталған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      31. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) конкурс қорытындыларының, әкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы актінің күші жойылғаны туралы шешімнің негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      32. Осы Заңның 67-бабының 6-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) аттестаттау комиссиясы шешімінің негізінде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшіге жұмыстан шығару (өкілеттігін тоқтату) туралы хабарлама жіберу талап етілмейді.

      33. Осы Заңның 67-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 14), 15) және 16) тармақшаларында, 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызметші еңбекке уақытша жарамсыз болған (оның ішінде жүктілікке және босануға байланысты), демалыста болған кезеңде оны жұмыстан шығаруға (өкілеттігін тоқтатуға) жол берілмейді. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

 

 

_________________________ 

-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 290-VIII ҚРЗ 22026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы  Заңын қабылдаумен 

68-бап. Өтпелі ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы 

      1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтар "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына "Б" корпусының кадр резервінде болудың бір жылдық мерзімі өткенге дейін конкурс өткізілмей тағайындалуы мүмкін. 

       2. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 

     

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен босату туралы талап-арыздары

Әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен босату туралы талап-арыздарыӘскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін атқару кезеңінде алған әрбір ауруы бі...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1998 жылдың қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1998 жылдың қазан-желтоқс...

Толық оқу »

Атқарып отырған лауазымынан босату» және «жұмыстан шығару» сияқты жазалардың түрлерін ажырату керек

Атқарып отырған лауазымынан босату» және «жұмыстан шығару» сияқты жазалардың түрлерін ажырату керекАтқарып отырған лауазымынан босату сияқты осындай жазаны қолдану үшін тәртіп...

Толық оқу »

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап, бірақ ақшалай қаражат төленген күннен ерте емес және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күнге дейін үш жылдан аспайтын мерзімде тағайындалады және жүзеге асырылады

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап, бірақ ақшалай қаражат төленген күннен ерте емес және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қылмыстық жауаптылыққа тарту және соттылық туралы ақпаратты жасыру қызметкерді жұмыстан шығаруға негіз болып табылады

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қылмыстық жауаптылыққа тарту және соттылық туралы ақпаратты жасыру қызметкерді жұмыстан шығаруға негіз болып табыладыА.сотқа "Шығыс Қазақстан...

Толық оқу »

Өңірлік аттестаттау комиссиясының атқаратын лауазымына сәйкес обстігі туралы шешіміне шағым және тиісінше жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз және негізсіз болып табылады

Өңірлік аттестаттау комиссиясының атқаратын лауазымына сәйкес обстігі туралы шешіміне шағым және тиісінше жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз және негізсіз болып табыладыА.ай...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тартты

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тарттыСот алқасының 2016 жылғы 12 мамырдағы қаулысымен...

Толық оқу »

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың сәуір-маусымы...

Толық оқу »

51-бап. Қызметтен шығару тәртібі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

51-бап. Қызметтен шығару тәртібіҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызметкерлерді қызметтен запасқа немесе отставкаға шығару лауазымды...

Толық оқу »

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желт...

Толық оқу »

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайды

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайдыҚұқық қорғау органының бе...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың сәуiр-маусымында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың сәуiр-маусымында мер...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың қазан-желтоқсанында...

Толық оқу »

Жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмыста қалпына келтіру туралы талап

Жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмыста қалпына келтіру туралы талап№ 2 Алмалы аудандық сотынаАлматы қаласыАлматы қ., Төле би к-сі, 267талапкер: Қожағелді...

Толық оқу »

81-бап. Жұмыстан шығарудың тәртібі және шарттары Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

81-бап. Жұмыстан шығарудың тәртібі және шарттарыҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Қызметкерлерді жұмыстан шығаруды қызметкерлерді осы лауазымдарға қабылдауға және таға...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан босату үшін негіздердің бірі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны

Мемлекеттік қызметшіні жұмыстан босату үшін негіздердің бірі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 61-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1996 жылдың сәуiр-маусымында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1996 жылдың сәуiр-маусымында кез...

Толық оқу »

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың қазан-желтоқс...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1995 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1995 жылдың қазан-желтоқсан айла...

Толық оқу »

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың сәуір-маусымы...

Толық оқу »

Талапкерлердің есептері өз еркімен жұмыстан шығаруға негіз бола алмады өйткені оларда талапкерлер белгіленген мерзімде Департамент басшылығына жоспарланған еңбек қатынастарын тоқтату туралы ескертпеді.

Талапкерлердің есептері өз еркімен жұмыстан шығаруға негіз бола алмады өйткені оларда талапкерлер белгіленген мерзімде Департамент басшылығына жоспарланған еңбек қатынастарын...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1996 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1996 жылдың қазан-желтоқсан айла...

Толық оқу »

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындысын, ішкі істер органдарынан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп тану және бұрынғы лауазымына қалпына келтіру туралы

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындысын, ішкі істер органдарынан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп тану және бұрынғы лауазымына қалпына келтіру туралыАлматы қаласы полиция депар...

Толық оқу »

Қызметтік тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау жұмыстан шығаруға негіз болып табылмайды.

Қызметтік тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау жұмыстан шығаруға негіз болып табылмайды.Е.сотқа "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті" мемлек...

Толық оқу »

Ішкі істер министріне Ішкі істер органдарында қызметтен босатудың заңсыздығы туралы шағым

Ішкі істер министріне Ішкі істер органдарында қызметтен босатудың заңсыздығы туралы шағымІшкі істер министрінеҚазақстан Республикасыныңполиция генерал-лейтенантынаЕ. С. Сәдено...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану

Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолдану«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағ...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталу қылмыстық Заңда теріс қылық пен ауырлығы аз қылмыс жасауға оқталғаны үшін жауапкершілік көзделмеген

Қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталу қылмыстық Заңда теріс қылық пен ауырлығы аз қылмыс жасауға оқталғаны үшін жауапкершілік көзделмегенБұрын сотталмаған к. ҚК-нің 187-бабының 1...

Толық оқу »

Еңбек даулары, ішкі істер органдарының қызметкері құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылуы мүмкін

Еңбек даулары, ішкі істер органдарының қызметкері құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылуы мүмкінТ. сотқа "Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметшіні шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде заңсыз артықшылық көрсетті деп тәртіптік жауаптылыққа тарту

Мемлекеттік қызметшіні шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде заңсыз артықшылық көрсетті деп тәртіптік жауаптылыққа тартуМемлекеттік қызметшілерге көбінесе «Мемлекеттік қыз...

Толық оқу »

Қызметтік міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік теріс қылықтар

Қызметтік міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік теріс қылықтар«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 1-бабының 15) тармақшасына сәйкес тәртіптік т...

Толық оқу »

529-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

529-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Іс сотқа келіп түскеннен ке...

Толық оқу »

Қаулының заңдылығы және негізділігі Қылмыстық теріс қылыққа қатысты істің ҚК-нің 65-бабының бірінші бөлігі негізінде тоқтатылуы заңды

Қаулының заңдылығы және негізділігі Қылмыстық теріс қылыққа қатысты істің ҚК-нің 65-бабының бірінші бөлігі негізінде тоқтатылуы заңдыМаңғыстау облысы Қарақия аудандық сотының...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.Бұдан бұрын «Сы...

Толық оқу »

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлеріҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Құқық қорғау органдарындағы тәртіптік жа...

Толық оқу »

10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәре...

Толық оқу »

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкінӘрбір тәртіптік теріс қылық үшін жұмыскерге бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін (Еңб...

Толық оқу »

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)

Әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін (Еңбек кодексінің 65-бабының 3-тармағы)Жұмыс берушінің бұйрығымен 2022 жылғы 18 шілдеде...

Толық оқу »

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады

Қызметкерге тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданыладыД.2011 жылдың басында оның ат...

Толық оқу »

Теріс қылықтар бойынша іс жүргізу мерзімдері қылмыстық іс қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасау мерзімін өткізіп алуға байланысты тоқтатылды

Теріс қылықтар бойынша іс жүргізу мерзімдері қылмыстық іс қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасау мерзімін өткізіп алуға байланысты тоқтатылдыҚостанай облысы Меңдіқара ауда...

Толық оқу »

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық

Жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасау-тәртіптік теріс қылық "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 50-бабы...

Толық оқу »

54-бап. Әскери қызметшiлердiң қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылығы Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

54-бап. Әскери қызметшiлердiң қылмыстар, теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылығыӘскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы      Әск...

Толық оқу »

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс...

Толық оқу »

Қылмыстық жауапкершілік тек ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр санаттағы қылмыстарға оқталғаны үшін, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар үшін емес, террористік қылмысқа оқталғаны үшін туындайды

Қылмыстық жауапкершілік тек ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр санаттағы қылмыстарға оқталғаны үшін, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар үшін емес, террористік қылмысқа оқта...

Толық оқу »

Еңбек даулары - жаза қолдану қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы болып табылады

Еңбек даулары - жаза қолдану қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауы болып табыладыБ.сотқа "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепк...

Толық оқу »

62-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

62-бап.Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Осы Заңда мемлекеттік қызметшілердің мынадай іс-әрек...

Толық оқу »

Қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қызметкер жұмыстан шығарылуы мүмкін

Қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қызметкер жұмыстан шығарылуы мүмкінЗаңның 80-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес қызметкер жұмыстан шығарылуы мүмк...

Толық оқу »

Қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі - жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанына қарамастан, қылмыстық теріс қылықтар бойынша ескіру мерзімдерінің өтуі тоқтатылмайды және үзілмейді

Қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі - жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанына қарамастан, қылмыстық теріс қылықтар бойынша ескіру мерзімдерінің өтуі тоқтатылмайды және үзі...

Толық оқу »