Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

61-бап. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылықтары және тәртіптік жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 

      1. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – тәртіптік теріс қылық) – мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі болатындай орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сондай-ақ бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамауы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыста болатын редакцияны 90-б 2-тармағынан қараңыз.

      2. Тәртіптік жазалар тәртіптік жауаптылық шарасы болып саналады.

      Тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай тәртіптік жаза түрлері қолданылады:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) қызметке толық сай еместігі туралы ескерту;

      5) мемлекеттік қызметшінің лауазымдық деңгейін төмендету;

      6) сайланған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету;

      7) сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану;

      8) сайланған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.

      Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармақтың қолданысы, егер осы Заңның 90-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, 01.01.2029 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде қолданыста болатын редакцияны 90-б 2-тармағынан қараңыз.

      3. Мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза, уақытша бос мемлекеттік лауазымдарды қоспағанда, мемлекеттік органда келесі төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болғанда және мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сай келген кезде қолданылады. Төмен тұрған мемлекеттік лауазымға тағайындау конкурс өткізілмей жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметшінің лауазымдық деңгейін төмендету түріндегі тәртіптік жаза келесі төмен тұрған лауазымдық деңгей болған кезде қолданылады. Ол болмаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолданылады.

      Атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару және сайланған мемлекеттік қызметшіні атқаратын лауазымына сай емес деп тану түріндегі тәртіптік жаза осы Заңда көзделген негіздер бойынша қолданылады.

      4. Басқа саяси немесе әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасқан мемлекеттік қызметші бұрынғы мемлекеттік лауазымда тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану мерзімдері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.

      5. Тәртіптік жаза:

      1) мұндай өкілеттігі бар лауазымды адам (орган) не осындай өкілеттік берілген өзге де лауазымды адам (орган) (бұдан әрі – тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адам) тарапынан қолданылады;

      2) бірінші тәртіптік жазаны қолдану заңды болса және тәртіптік жаза теріс қылықтың ауырлығына сәйкес келсе, сол бір теріс қылық үшін қайта қолданылмайды;

      3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібіне сәйкес қолданылады.

      6. Мыналар тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адамдар деп танылады:

      1) саяси мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану кезінде – саяси мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау және оны лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (орган);

      2) сайланған мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану кезінде – жоғары тұрған лауазымды адам;

      3) жергілікті өкілді орган тағайындайтын әкімшілік мемлекеттік қызметшіні қоспағанда, әкімшілік мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану кезінде – әкімшілік мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау және оны лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (орган);

      4) жергілікті өкілді орган тағайындайтын әкімшілік мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану кезінде – жергілікті өкілді орган не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (уәкілетті орган).

      7. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығы мәселелері бойынша шешімді тәртіптік жаза қолдануға уәкілеттік берілген адам қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығын алқалы орган Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібіне сәйкес қарайды.

      8. Сайланған мемлекеттік қызметшіге оны атқаратын лауазымына сай емес деп тану түрінде тәртіптік жаза қолданылған кезде тиісті актінің көшірмесі жергілікті өкілді органға жіберіледі, ол сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін тоқтату туралы не оның өз міндеттерін жүзеге асыруын жалғастыруы туралы мәселені бір ай мерзімде қарайды.

      Сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда жергілікті өкілді орган шешімінің көшірмесі тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.

      Жергілікті өкілді органның шешімі негізінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған мемлекеттік қызметшінің өкілеттігін жоғалту фактісін назарға алады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

 

 

_________________________ 

-Заңды күші жойылды Қазақстан Республикасының жаңа № 290-VIII ҚРЗ 22026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы  Заңын қабылдаумен 

61-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы 

        1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына мыналар негіз болып табылады:

      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін олардың жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, олардың өз қалауы бойынша қызметтен шығару туралы өтініш беруi;

      2) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      3) мемлекеттік қызметте болу мерзімін тараптардың өзара келісімі бойынша бір жылға ұзарту құқығы ескеріліп, олардың Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;

      4) еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуы не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген негiздер бойынша еңбек шартының бұзылуы;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген олардың өкілеттік мерзімдерінің аяқталуы;

      6) олар атқаратын мемлекеттік лауазымдардың саяси лауазымдарға не жергілікті өкілді органдар азаматтарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындайтын немесе олар сайланатын мемлекеттік лауазымдарға өзгертілуі;

      7) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      7-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамауы;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеуі;

      10) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;

      10-1) шет мемлекет азаматтығының болуы;

      11) мемлекеттік әкімшілік қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы;

      12) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi;

      13) осы Заңның 16-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 6), 6-1), 7), 8), 9), 9-1), 9-2), 10), 11) және 14) тармақшаларында көрсетілген адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;

      14) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      15) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатуы;

      16) мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтердi мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынуы;

      17) мемлекеттік лауазымға тағайындалу немесе сайлану кезінде осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмеуі;

      18) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстан тыс орналасуы;

      19) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

      20) осы Заңға сәйкес олардың жұмысын бағалаудың қанағаттанарлықсыз нәтижелері;

      20-1) сынақ мерзімінің қанағаттанарлықсыз нәтижелері;

      20-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптардың сақталуы ескеріле отырып, ротациядан бас тартуы;

      21) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауы;

      22) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де негiздемелер.

      1-1. Басқа мемлекеттік лауазымға орналасу мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болмайды. Бұл жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшіні атқаратын лауазымынан босату туралы акт шығарылады.

      2. "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамның (органның) уәкілетті комиссия ұсынымы негізінде қабылданатын шешімі де негіз болып табылады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 7), 8), 9), 11), 12), 13), 15), 16) және 21) тармақшаларына сәйкес қызметтен шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер терiс себептермен қызметтен шығарылған болып танылады.

      4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi қызметтен шығаруды мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдауға құқығы бар тиiстi лауазымды адамы осы Заңға сәйкес жүргiзедi.

      5. Қызметтен шығарумен келіспеген жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң қызметтен шығару туралы шешімге жоғары тұрған басшылық алдында, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.

      6. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын басшыларының ауысуы жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси және (немесе) әкімшілік қызметшілердің бастамасы бойынша мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшінің атқаратын мемлекеттік лауазымдағы мемлекеттiк қызметiн тоқтатуына негiз болып табылмайды.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

Қызметтік міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік теріс қылықтар

Қызметтік міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік теріс қылықтар«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 1-бабының 15) тармақшасына сәйкес тәртіптік т...

Толық оқу »

62-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

62-бап.Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Осы Заңда мемлекеттік қызметшілердің мынадай іс-әрек...

Толық оқу »

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайды

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайдыҚұқық қорғау органының бе...

Толық оқу »

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша

Шағым Бас Прокурорға қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты прокуратура, полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойыншаҚа...

Толық оқу »

9-бап. Қызметтiк мiндеттердi орындау тәртiбiмен және тапсырыс берушiмен шарт бойынша жасалған топологияға айрықша құқық Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы

9-бап. Қызметтiк мiндеттердi орындау тәртiбiмен және тапсырыс берушiмен шарт бойынша жасалған топологияға айрықша құқық Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорға...

Толық оқу »

Өтініш полиция департаментіне қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шағым ҚР

Өтініш полиция департаментіне қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы қ...

Толық оқу »

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуТүркістан облысының полиция департаментінеТүркіста...

Толық оқу »

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Антикорға арыз өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назар...

Толық оқу »

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту

Өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Алматы қаласының полиция департаментіне шағым полицияның жауапты қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілік...

Толық оқу »

321-бап. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

321-бап. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

438-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Бастыққа, сол сияқты өзiне жүктелген...

Толық оқу »

Өтініш полиция департаментіне қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шағым

Өтініш полиция департаментіне қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы қ...

Толық оқу »

462-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің қаулыларын, нұсқамаларын және өзге де талаптарын орындамау

462-бапқа түсініктеме. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау...

Толық оқу »

Ішкі істер министріне, қылмыстық істі орындамау және әуре-сарсаңға салу жөніндегі тергеушіге шағымдану немесе дәрігерлік қателік жіберген дәрігерлердің біліктілігінің болмау фактісі бойынша өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау бойынша Практика

Ішкі істер министріне, қылмыстық істі орындамау және әуре-сарсаңға салу жөніндегі тергеушіге шағымдану немесе дәрігерлік қателік жіберген дәрігерлердің біліктілігінің болмау ф...

Толық оқу »

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту ҚР

Полицияға шағым o өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сізд...

Толық оқу »

462-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

462-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулылар...

Толық оқу »