Қызметтік тергеп-тексеру қорытындыларына, тәртіптік комиссиялардың шешімдерін және Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдерін даулау
Аталған барлық актілерде, әдетте, мемлекеттік қызметшілерді немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша ұсынымдар бар. Түпкілікті шешімді басшы бұйрық шығару жолымен қабылдайды. Сондықтан ұсынымдары бар аталған актілерді даулаутуралы талап қою талаптары азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 58-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында қамтылған қызметкердің қызметтік тергеп-тексеру жүргізетін қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне),қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшысына шағымдану құқығы қызметтік тергеп-тексеру қорытындысының ӛзіне сот тәртібімен шағымдану мүмкіндігін білдірмейді.
Кассациялық сатының 2023 жылғы 14 ақпандағы қаулысымен іс бойынша жаңа шешім шығара отырып, Ақмола облысы Бұланды аудандық сотының 2022 жылғы 03 тамыздағы шешімі мен Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 19 қазандағықаулысының күші жойылды.
Т-тың аудан әкіміне қойған ӛкімді заңсыз деп тану және күшін жою туралы талабы қанағаттандырылды.Тәртіптік комиссияның шешімін заңсыз деп тану туралы талап бӛлігінде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, алқа Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 68, 72-тармақтарына сәйкес тәртіптік комиссияның мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік сипаттағы шараларды қолдану туралы шешімі ұсынымдық сипатта болатынын, тәртіптік жаза қолдануға ӛкілеттігі бар адамның қарауына берілетінін, тиісінше, тәртіптік комиссияның шешімі оған қатыстықабылданған адам үшін қандай да бір құқықтар жасамайтынын және ешқандай міндеттер жүктемейтінін кӛрсетті. Сондықтан тәртіптік комиссияның әрекеттері мен шешімі сот тәртібімен бӛлек даулауға жатпайды
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
34FC~1
15 рет жүктеп алынды