62-бап. Қызметтік тәртіп Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы
1. Қызметтік тәртіп – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар мен қағидаларды қатаң және дәл сақтау.
Қызметтік тәртіп әрбір қызметкердің қызметтік борышын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген жеке жауапкершілігін сезінуіне негізделеді.
2. Басшылар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң басшылыққа ала отырып, сеніп тапсырылған бөлімшелерде қызметтік тәртіпті күнделікті сақтауға міндетті.
3. Қызметтік тәртіпке:
1) қызметкерлерге патриоттық, имандылық және рухани тәрбие беруді ұйымдастырумен, оларда жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптастырумен;
2) әрбір қызметкердің өзінің міндеттерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауға деген жеке жауаптылығымен;
3) бөлімшеде күн тәртібін және қызмет уақытының регламентін сақтаумен;
4) басшылардың жеке үлгі көрсетуімен және бағынысты қызметкерлерге қызметтік міндеттерін тиісінше орындауы туралы күнделікті талап қоюымен, олардың орындаушылығын бақылаумен, қызметкерлердің құқықтары мен жеке қадір-қасиетін құрметтеумен, оларға қамқорлық жасаумен, көтермелеу, сендіру, мәжбүрлеу және ұжымның қоғамдық ықпал ету шараларын шебер үйлестіру және дұрыс қолданумен;
5) бөлімшеде қызмет өткеру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар, қажетті материалдық-тұрмыстық және өзге де жағдайлар жасаумен қол жеткізіледі.
4. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі – қызметкерлер қызметтік міндеттерін атқару кезінде тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін олар жауапты болатын жауапкершілік түрі.
5. Қызметкерлерді тәртіптілікке тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру әдісі болып табылады.
6. Қызметтік тәртіптің жай-күйіне арнаулы мемлекеттік органдардың басшылары жауап береді. Олар бағынысты қызметкерлерден оның сақталуын талап етуге, лайықтыларды көтермелеуге, тәртіп бұзушыларды әділ жазалауға міндетті.
7. Қызметтік тәртіпті және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етпеген, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдамаған, оларды жасыруға жол берген басшы бұл үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
8. Қызметтік тәртіпті сақтау бойынша басшылардың лауазымдық міндеттерін, оларға сеніп тапсырылған бөлімшелерде қызметтік тәртіпті нығайту мен сақтау бойынша бағалаудың негізгі өлшемдерін тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
9. Қызметкерлердің арнаулы мемлекеттік органдардың орналасқан жерінен тысқары жерлерде, қызметтен тыс уақытта жасаған және қызметтік әрекетпен немесе қызмет мүдделерімен байланысты емес қылмыстық құқық бұзушылықтары мен теріс қылықтары үшін басшы тәртіптік жауаптылықта болмайды.
10. Әрбір қызметкер басшыға бөлімшеде тәртіп орнатуға және қызметтік тәртіпті сақтауға жәрдемдесуге міндетті. Басшыға жәрдемдесуден бас тартқаны үшін қызметкер жауапкершілікте болады.
11. Басшының бұйрық беру құқығы мен бағынысындағының оған мүлтіксіз бағыну міндеті дара басшылықтың негізгі қағидаттары болып табылады.
Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы