Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар

Құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар

Құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар («Құқыққорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы)Кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайды, ал Әдеп кодексінің нормаларын бұзу «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңда тәртіптік жазаның осы түрін қолданудың дербес негізі ретінде мүлдем қарастырылмаған.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заң кіріспеге сәйкес ҚазақстанРеспубликасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны ӛткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 79-бабының 1) тармақшасына сәйкес құқық қорғау органдарында қызметті тоқтату үшін негіздердің бірі осы Заңда белгіленген тәртіппен жұмыстан шығару болып табылады.Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жұмыстан шығару негіздерінің тізбесі «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабында кӛзделген және толық болып табылады, ӛйткені бұл нормада «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 61-бабынан айырмашылығы құқық қорғауорганының қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген ӛзге де негіздер бойынша жұмыстан шығарылуы мүмкін екендігі кӛрсетілмеген.

Жоғарыда аталған заңдардың жүйелі түсіндірмесінен құқық қорғау қызметін тоқтатуға байланысты қатынастар тек «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңмен реттелетіні туындайды«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабында құқық қорғау органының қызметкерін мемлекеттік қызметке емес, атап айтқанда құқыққорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босату үшін осындай негіз кӛзделген.

А. Ақтӛбе қаласының ІІБ полиция бӛлімінің аға тергеушісі лауазымына тағайындалған. Ол ҚК-нің 188-бабы 2-бӛлігінің 1), 3) тармақшаларында кӛзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Г. мен И.қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеп-тексерді.Тергеп-тексеру барысында А. И-ға қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді негізсіз тоқтатты.2019 жылғы 10 желтоқсандағы бұйрықпен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 5-тармағының 13) тармақшасының, 5-тармағының 2) тармақшасының талаптарын бұзғаны және қылмыстық істі тоқтату және қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімді дайындау және қабылдау кезінде күдікті И. құқыққа сыйымсыз қолдау кӛрсетуден кӛрінетін «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында кӛзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықты жасағаны үшін» А. жұмыстан шығарылады.Ақтӛбе облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2020 жылғы 03 маусымдағы қаулысымен ӛзгеріссіз қалдырылған Ақтӛбе қаласы сотының 2020 жылғы 05 наурыздағы шешімімен А. бұйрықтың күшін жою және жұмысқа қайта алу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылды.

Бұл ретте соттар тергеуші А. қылмыстық қудалауды жүргізетін жауапты лауазымды тұлға ретінде жәбірленушінің құқықтары мен қылмыстық-процестік заңның ӛзге де талаптарын ӛрескел бұзғанын, тергеудің объективтілігі, жан-жақтылығы қамтамасыз етілмегенін атап ӛтті.Сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жібере отырып (сот отырысының хаттамасының болмауына байланысты) Жоғарғы Соттың сот алқасы А. «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның нормаларын емес, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан шығару фактісін соттар назардан тыс қалдырғанын кӛрсетті, ал «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес осы Заңның күші Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамалық актілерінде кӛзделген ерекшеліктері бар құқық қорғау қызметін ӛткеріп жүрген мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады.

Полиция департаменті А. мемлекеттік қызметші ретінде тәртіптік жаза қолдана отырып, оған жүктелген құқық қорғау органы қызметкерінің міндеттерін құқыққа қарсы қалай орындамауға немесе тиісінше орындамауға жол бергенін, жұмыстан шығаруға әкеп соқтырған лауазымдық ӛкілеттіктерін асыра пайдаланғанын, қызметтік және еңбек тәртібін бұзғанын нақты кӛрсеткен жоқ.

Аталған бұйрықтың заңдылығына құқықтық баға бере отырып, жергілікті соттар кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығарутүріндегі жазаға әкеп соқтырмайтынын, ал Әдеп кодексінің нормаларын бұзу тәртіптік жазаның осы түрін қолдану үшін дербес негіз ретінде Құқық қорғау қызметі туралы Заңда мүлде кӛзделмегенін тағы да ескерген жоқ (2021 жылғы 03 ақпандағы 3гп-440).

Жергілікті сот істі жаңадан қараған кезде А-ның талабынқанағаттандырды.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңда «Мемлекеттік қызмет туралы»Заңға сілтеме жасамай, құқық қорғау органына кір келтіретін тәртіптік теріс қылық ұғымы берілген жеке норма бар екенін ескеру қажет («Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабының 2-тармағы). Демек, құқық қорғау органының қызметкері құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін ғана «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы бойынша жұмыстан шығарылуы мүмкін.

Ақтӛбе облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының2021 жылғы 13 сәуірдегі қаулысымен Ақтӛбе қаласы сотының 2021 жылғы 02 ақпандағы шешімінің күші жойылды, іс бойынша А-тың Ақтӛбе облысының полиция департаментіне бұйрықты заңсыз деп тану, оның күшін жою және жұмысқа қайта алу туралы талабын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

А. қару айналымын бақылау бӛлімшесінің бӛлім бастығы бола тұра, қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсатты заңсыз бергені үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының негізінде жұмыстан шығарылды.Апелляциялық сатыдағы сот рұқсатты заңсыз беру фактісі расталмағанын, Полиция департаменті «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңды негізсіз қолданғанын, бұйрықта «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабында кӛзделген жұмыстан шығару негіздері келтірілмегенін анықтады.Сонымен қатар, алқа Департаменттің тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімін бұзғанын атап ӛтті. Талап қоюшыға тағылып отырған теріс қылық 2019 жылдың 01 қазанында жасалған, ал жұмыстан шығару туралы бұйрық 2020 жылдың 02 қазанында шығарылған. Бұл ретте алқа Заңның 57-бабының 10-тармағына сілтемені дұрыс жасады.

Заңның сол кездегі қолданыстағы редакциясында тәртiптiк жаза тәртіптік терiс қылық мәлiм болған күннен бастап бiр айдан және тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылатыны кӛзделгенін ескеру қажет.

№ 136-VII Заңмен Заңның 57-бабының 10-тармағына толықтырулар енгізілді:Осы Заңда кӛзделген, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны және қызметтік тәртіпті ӛрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.Сондай-ақ қызмет бабында қызметкер бағынатын адамға тәртіптік жаза қолдану құқығы берілгеніне не берілмегеніне қарамастан, тәртіптік теріс қылық жасалғаны туралы белгілі болған, мерзім басталатын күн тәртіптік теріс қылық байқалған күн болып есептелетіні нақтыланған.Сонымен бірге № 136-VII Заңға ӛзгерістер енгізілгеннен кейін құқық қорғау органына кір келтіретін тәртіптік теріс қылық ұғымын қамтитын «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылғанын есте ұстаған жөн.

Ақтөбе облыстық соты «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50- бабында кӛзделген негіздер бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауаптылыққа тарту мүмкіндігі туралы мәселелерді болдырмау мақсатында «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабын мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтыруды ұсынады: «Қызметкерлер құқық қорғау органында қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабында кӛзделген негіздер бойынша да тәртіптік жауаптылыққа тартылуға жатады.».

Осы санат бойынша бұрын кассациялық тәртіппен қаралған істердің бірінде (2016 жыл) ІІМ мен Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің (2015 жылғы 11 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 13 қыркүйекке дейін мемлекеттік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылды) арасында хат алмасу болды, онда ІІМ «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолдану мүмкіндігі туралы мәселе қойды.

Оған «Құқыққорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабының 2-тармағында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ғана жұмыстан шығаруға жататын теріс қылықтар кӛзделгені туралы жауап алынды, ал «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда мемлекеттік қызметке кір келтіретін және барлық мемлекеттік қызметшілерге, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне таралатын жалпы тәртіптік теріс қылықтар белгіленген.

Осылайша, хат авторының пікірінше, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылықтар жасаған қызметкерлерге қатысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның нормалары қолданылады, ал олар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған жағдайда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның нормалары қолданылады.

Содан бері алты жылдан астам уақыт ӛтті, бірақ іс жүзінде бұл нормаларды дұрыс қолдану мәселелері қалып қойды.Сонымен қатар, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабында тәртіптік теріс қылықтар мен жазалардың түрлері емес, тізбесі толық болып табылатын жұмыстан шығарудың негіздері кӛзделгенін ескеру қажет. Сондықтан, құқық қорғау органының қызметкерін «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабында кӛзделген теріс қылық үшін жұмыстан шығару үшін «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 80-бабында жұмыстан шығарудың осындай негіздемесін дербес ретінде қарастыру қажет.

Құқық қорғау органының қызметкерін «Мемлекеттік қызмет туралы»Заңның 50-бабында кӛзделген теріс қылықтарды жасағаны үшін жұмыстан шығарудан басқа, ӛзге де тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкіндігіне келетін болсақ, мұндай теріс қылықтар үшін жаза түрлері «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 44-бабында кӛзделгеніне және олар құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 56-бабында кӛзделген жаза түрлерімен сәйкес келмейтініне назар аударғанжӛн.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу

  • 34FC~1
    76 рет жүктеп алынды

44-бап. Мемлекеттік қызметті өткерудің өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

44-бап. Мемлекеттік қызметті өткерудің өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық уәкіл...

Толық оқу »

50-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты кепілдіктер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

50-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты кепілдіктер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Еңбек жағдайларының өзгеруіне алып келмейтін, әкімшілік мем...

Толық оқу »

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайды

Құқық қорғау органының беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар / кез келген тәртіптік теріс қылық жұмыстан шығару түріндегі жазаға әкеп соқтырмайдыҚұқық қорғау органының бе...

Толық оқу »

81-бап. Жұмыстан шығарудың тәртібі және шарттары Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

81-бап. Жұмыстан шығарудың тәртібі және шарттарыҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Қызметкерлерді жұмыстан шығаруды қызметкерлерді осы лауазымдарға қабылдауға және таға...

Толық оқу »

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тартты

Еңбек тәртібін бұзу және жұмыс берушінің жұмыстан босату рәсімін бұзуы сот жұмыста қалпына келтіруден негізді түрде бас тарттыСот алқасының 2016 жылғы 12 мамырдағы қаулысымен...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың сәуiр-маусымында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың сәуiр-маусымында мер...

Толық оқу »

Жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмыста қалпына келтіру туралы талап

Жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тану және жұмыста қалпына келтіру туралы талап№ 2 Алмалы аудандық сотынаАлматы қаласыАлматы қ., Төле би к-сі, 267талапкер: Қожағелді...

Толық оқу »

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қылмыстық жауаптылыққа тарту және соттылық туралы ақпаратты жасыру қызметкерді жұмыстан шығаруға негіз болып табылады

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қылмыстық жауаптылыққа тарту және соттылық туралы ақпаратты жасыру қызметкерді жұмыстан шығаруға негіз болып табыладыА.сотқа "Шығыс Қазақстан...

Толық оқу »

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап, бірақ ақшалай қаражат төленген күннен ерте емес және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күнге дейін үш жылдан аспайтын мерзімде тағайындалады және жүзеге асырылады

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап, бірақ ақшалай қаражат төленген күннен ерте емес және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1996 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1996 жылдың қазан-желтоқсан айла...

Толық оқу »

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың қазан-желтоқс...

Толық оқу »

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың сәуір-маусымы...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1998 жылдың қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1998 жылдың қазан-желтоқс...

Толық оқу »

80-бап. Жұмыстан шығарудың негіздері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

80-бап. Жұмыстан шығарудың негіздеріҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Қызметкерлері мынадай негіздер бойынша:      1) еңбек сіңірген жылдары (қызмет мерзімі) және зейне...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1995 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1995 жылдың қазан-желтоқсан айла...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1996 жылдың сәуiр-маусымында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1996 жылдың сәуiр-маусымында кез...

Толық оқу »

51-бап. Қызметтен шығару тәртібі Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

51-бап. Қызметтен шығару тәртібіҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы      1. Қызметкерлерді қызметтен запасқа немесе отставкаға шығару лауазымды...

Толық оқу »

Ішкі істер министріне Ішкі істер органдарында қызметтен босатудың заңсыздығы туралы шағым

Ішкі істер министріне Ішкі істер органдарында қызметтен босатудың заңсыздығы туралы шағымІшкі істер министрінеҚазақстан Республикасыныңполиция генерал-лейтенантынаЕ. С. Сәдено...

Толық оқу »

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындысын, ішкі істер органдарынан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп тану және бұрынғы лауазымына қалпына келтіру туралы

Қызметтік тергеп-тексеру қорытындысын, ішкі істер органдарынан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп тану және бұрынғы лауазымына қалпына келтіру туралыАлматы қаласы полиция депар...

Толық оқу »

Әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен босату туралы талап-арыздары

Әскери қызметшілердің денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен босату туралы талап-арыздарыӘскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін атқару кезеңінде алған әрбір ауруы бі...

Толық оқу »

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы

Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1997 жылдың қазан-желтоқсанында...

Толық оқу »

Қызметтік тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау жұмыстан шығаруға негіз болып табылмайды.

Қызметтік тергеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау жұмыстан шығаруға негіз болып табылмайды.Е.сотқа "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті" мемлек...

Толық оқу »

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желт...

Толық оқу »

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы

Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың сәуір-маусымы...

Толық оқу »

60-бап. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

60-бап. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 1.Мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны жән...

Толық оқу »

Өңірлік аттестаттау комиссиясының атқаратын лауазымына сәйкес обстігі туралы шешіміне шағым және тиісінше жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз және негізсіз болып табылады

Өңірлік аттестаттау комиссиясының атқаратын лауазымына сәйкес обстігі туралы шешіміне шағым және тиісінше жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз және негізсіз болып табыладыА.ай...

Толық оқу »