Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар  бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар  бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар  бойынша тәртіптік жаза қолдану мерзімдері


«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабына сәйкес Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды. 
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін осы Заңда кӛзделген тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды. 

Қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан, бірақ адамның іс-әрекеттерінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда кӛзделген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілері болған жағдайда тәртіптік жаза қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.

М. сотқа «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-ге (бұдан әрі - Басқарма) тәртіптік жаза қолдану туралы 2021 жылғы 13 қазандағы бұйрықтың күшін жою туралы талап қоюмен жүгінді.

Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 9 ақпандағы қаулысымен ӛзгеріссіз қалдырылған Қостанай қалалық сотының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жӛніндегі сот алқасының 2022 жылғы 25 мамырдағы қаулысымен жергілікті соттардың сот актілерінің күшіжойылды, іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

Іс бойынша М. Басқарма басшысының міндетін атқарғаны анықталды.2021 жылғы 16 шілдеде Қостанай кӛлік прокуратурасы Қостанай облысының әкімі аппаратының атына М. қатысты тәртіптік іс қозғау туралы қаулыны жолдады.

Қостанай облысы әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 328 бұйрығымен комиссия құрылып, ол 2021 жылғы 3-10 қыркүйек аралығында қызметтік тергептексеру жүргізді. Комиссияның 2021 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысымен еңбек инспекторы М. ӛзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны анықталды.

2021 жылғы 16 қыркүйекте талап қоюшыға қатысты қызметтік тергептексеру материалдары бірыңғай тәртіптік комиссияның отырысында қаралды.

Басқарма басшысының 2021 жылғы 13 қазандағы бұйрығымен М. сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ӛз талаптарын негіздеу үшін талап қоюшы тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімі бұзылғанын кӛрсетті.

Осы дәлелді жоққа шығара отырып, бірінші сатыдағы сот талапқоюшыны «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабында кӛзделген тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімі аяқталған жоқ деген тұжырыммен ғана шектелді.

Апелляциялық сатыдағы сот тәртіптік жаза аталған Заңда белгіленген мерзімдер шегінде, яғни теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай шегінде қолданылғанын кӛрсетті.

Сонымен бірге, теріс қылық жасалған күн ғана емес, оның анықталған күні де маңызды.Бұдан басқа, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабының 4-тармағына сәйкес Тәртіптік жауаптылық туралы мәселені қарау және тәртіптік жазаны қолдану мерзімінің ӛтуі осы баптың 3-тармағында кӛрсетілген жағдайларда, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу не әкімшілік іс жүргізу кезеңінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауаптылығы мәселесін шешуге әсер ететін сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Тәртіптік жазаны қолдану мерзімінің ӛтуі прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін қарау кезеңіне де тоқтатыла тұрады және осы акт бойынша шешім қабылданған күннен бастап қайта басталады. Іс материалдарынан тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы қаулыны прокурор шығарып, оны 2021 жылғы 16 шілдеде Қостанай облысы әкімінің аппаратына жолдағаны туындайды.

Жаза 2021 жылдың 13 қазанында ғана қолданылған. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабының 3-тармағында кӛзделген тәртіптік жаза қолдану мерзімінің ӛтуін тоқтата тұру үшін негіздер іс бойынша анықталмаған. Прокурордың қаулысы бойынша қызметтік тергеп-тексеру 2021 жылғы 3-10 қыркүйек аралығында тағайындалды және жүргізілді. Яғни, теріс қылық анықталған сәттен бастап (2021 жылғы 16 шілдеде) минус 8 күн - прокурорлық қадағалау актісін қарау кезеңі, бұйрық шығарылған күнге дейін – 2021 жылғы 13 қазанда бір айдан астам уақыт ӛтті.

Мұндай жағдайларда талап қоюшының талабы қанағаттандырылуға жатады.

Ақмола облысының Бұланды аудандық соты Т. Бұланды ауданының әкіміне қойған тәртіптік жаза туралы ӛкімнің күшін жою туралы талабын қарап, ӛзге тұжырымға келді.

Талап қоюшы ӛз талаптарын негіздеу үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімінің бұзылғанына да сілтеме жасады.Мәселен, іс материалдарынан 2021 жылғы 27 қазанда аудан әкімінің атына әкімнің орынбасары Т. жетекшілік ететін ТКШ бӛлімінің жұмысында жол берілген бұзушылықтар туралы прокурордың ұсынуы келіп түскені туындайды.
Қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу әкімнің ӛкімімен 2021 жылдың 29 қарашасында ғана тағайындалып, 2021 жылдың 30 қарашасында аяқталды. Қызметтік тергеп-тексеру материалдары 2021 жылғы 6 желтоқсанда тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Т. сӛгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ӛкім 2021 жылғы 10 желтоқсанда шығарылған.

Талап қоюшыға талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, сот оның теріс қылық анықталған күн прокурордың ұсынысы келіп түскен күн –2021 жылғы 27 қазан екендігі туралы уәждерімен келіспейді, бірақ соттың пікірінше, қай күн теріс қылық анықталған күн екенін кӛрсетпеген. Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 71-1-тармағына (бұрынғы 44-тармақ) сәйкес уәкілетті адамға мемлекеттік қызметшінің теріс қылық жасағаны жӛнінде белгілі болған күн тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып саналады. 

Талап қоюшының қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы ӛкім шығарылған кезде тәртіптік жауапкершіліке тарту мерзімі ӛтіп кеткені туралы уәждерін жоққа шығара отырып, сот Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеп-тексеру тағайындау мерзімі белгіленбегенін кӛрсетті.

Шынында да, сол кезде қолданыста болған Қағидалардың редакциясында қызметтік тергеп-тексеру тағайындау мерзімі айтылмаған. Алайда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабының 1 және 2-тармақтарында кӛзделген тәртіптік жауаптылыққа тарту мерзімдерін есептеудің жалпы қағидаларын және осы мерзімдерді тоқтата тұрудың негіздерін ескеру қажет (осы баптың 4-тармағы).

Талап қоюшыға талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, бірінші сатыдағы сот Бұланды ауданы әкімінің атына жеке ұйғарым шығарды, онда қолданыстағы заңнамамен адамды тәртіптік жауаптылыққа тартудың нақты мерзімдері белгіленгеніне қарамастан, әкім аппараты қызметкерлерінің салғырттығынан түсініктеме тек 2021 жылғы 26 қарашада алынғаны, қызметтік тергеп-тексеру формальды түрде жүргізілгенін атап кӛрсетілді.

Тараптар сот актілеріне шағымданған жоқ.Мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімдерін сақтау туралы мәселені шешу кезінде мынадай мән-жайға назар аудару қажет.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 57-бабының 10-тармағында тәртiптiк жаза тәртіптік терiс қылық мәлiм болған күннен бастап бiр айдан және тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылатыны туралы да норма қамтылған. Осы Заңда кӛзделген, құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны және қызметтік тәртіпті ӛрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды. 

Бұл ретте кӛрсетілген норманың 11-тармағына сәйкес қызметкерге қатысты қызметтік тергеп-тексеру не сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген немесе сот қараған әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісқозғалған жағдайларда, кінәлінің ауырғанына байланысты жұмыста болмауы немесе демалыста, іссапарда болуы уақытын есептемегенде, тиісінше тергептексеру аяқталған, қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы процестік шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тәртіптік жазалау қолданылады. 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда тәртіптік жаза қызметтік тергептексеру аяқталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылатыны туралы осындай норма жоқ. Демек, мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік жаза «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 45-бабының 4-тармағында кӛзделген негіздер бойынша мерзімді тоқтата тұру мүмкіндігін ескере отырып, теріс қылық анықталған күннен бастап бір (үш) айдан кешіктірілмей қолданылуы тиіс.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу

  • 34FC~1
    19 рет жүктеп алынды

24-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы Нотариат туралы Заңы

24-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы Нотариат туралы Заңы      1. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палатаның...

Толық оқу »

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

56-бап. Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар және тәртіптік теріс қылықтардың түрлеріҚұқық қорғау қызметі туралы Заңы      1. Құқық қорғау органдарындағы тәртіптік жа...

Толық оқу »

38-бап. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

38-бап. Судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқалары Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы Ескерту. 38-бап алып тасталды - ҚР...

Толық оқу »

24-1-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариустың тәртіптік жауаптылығы Қазақстан Республикасының Президенті

24-1-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариустың тәртіптік жауаптылығы Қазақстан Республикасының Президенті      1. Нотариаттың палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық па...

Толық оқу »

44-бап. Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

44-бап. Тәртіптік теріс қылықтар және жазаларҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы      1. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – тері...

Толық оқу »

50-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы

50-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарҚазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңы      1. Осы Заңда мемлекеттік қызметшілердің мына...

Толық оқу »

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтарға жатады.Бұдан бұрын «Сы...

Толық оқу »

Еңбек даулары, ішкі істер органдарының қызметкері құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылуы мүмкін

Еңбек даулары, ішкі істер органдарының қызметкері құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылуы мүмкінТ. сотқа "Қазақстан Республикасы...

Толық оқу »