Мемлекеттік аудит және қаржылық бақы лау органының камералдық бақылау нәтижелеріне дау айту туралы
ӘРПК-нің 100-бабының 5-бөлігіне сәйкес, егер шағымды қарайтын орган ӘРПК-іде бел гіленген мерзімдерде шағымды қарау нәти желері бойынша шешім қабылдамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап шағымды қа райтын орган шағымды қанағаттандырудан бас тартты деп есептеледі.
Заңның 47-бабының 1-тармағында, егер тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, мемлекеттік сатып алу ды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссия лардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекет тері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім беруші олардың әрекет теріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға құқылы екендігі регламенттелген.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақы лау органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (МАжҚБ туралы Заң) белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының әрекеттері не (әрекетсіздігіне), сондай-ақ, шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады (МСА туралы Заңның 18-бабы).
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілет ті орган ақпараттық жүйелердің деректерін, сондай-ақ, мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы мәліметтерді талдау және салыстыру негізінде ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлім шесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектісі) бар май жүзеге асыратын бақылаудың өзге ныса ны - – камералдық бақылауды жүргізеді.
Камералдық бақылауды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұй рығымен бекітілген Камералдық бақылау жүр гізу қағидалармен (бұдан әрі - – № 598 Қағида) регламенттелген.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін каме ралдық бақылау мемлекеттік сатып алу тура лы шарттар жасалғанға дейін жүргізіледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойын ша бұзушылықтар анықталған кезде уәкілет ті органның аумақтық бөлімшесі (ІМАД) анықталған бұзушылықтардың сипаттама сын қоса бере отырып, № 598
Қағидалар да белгіленген нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны рәсімдейді және мемлекеттік аудит объек тілеріне жібереді және веб-порталда автомат ты түрде тіркейді.
Хабарлама бұзушылықтар анықталған күн нен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тін мерзімде веб-портал арқылы мемлекеттік аудит объектісіне жіберіледі.
ІМАД шешімін мемлекеттік аудит объектісі, ол мемлекет тік аудит объектісіне тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап, он жұмыс күні ішінде орындайды.
Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көз делген тәртіппен апелляциялық комиссияға шағым жасауға құқылы (Заңның 47-бабының 7-тармағы).
Заңның 47-бабының 8-тармағы сотқа дей інгі реттеу шеңберінде әлеуетті өнім беруші ге жоғары тұрған органға не сотқа жүгінуге таңдау құқығын береді (Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша қабыл даған шешімдеріне Қазақстан Республикасы ның заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.).
Әлеуетті өнім беруші конкурс қорытынды ларына веб-портал арқылы дау айтқан жағдай да ІМАД-ға шағыммен жүгінеді, осылайша дауды сотқа дейін реттеу сақталады.
Егер ІМАД-ға шағыммен жүгіну мерзім дері өткізіліп алынған жағдайда, шағым Қа зақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес электрондық мемлекеттік аудит шең берінде қаралады. Уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда камералдық бақылау объектісі үшін дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу міндеті Заңның 47-бабының 9-тармағында көзделген.
МАжҚБ туралы Заңның 58-1-бабының мазмұнынан аудиторлық есепке қарсылықтар ды, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілет ті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әре кетсіздіктеріне) келтірілген шағымды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ның жанындағы апелляциялық комиссия қа райтыны туындайды.
Заңның 58-6-бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады. Әлеуетті өнім беруші шағым беруге құқылы, ал ұйымдастырушы, тапсырыс беруші қарсылық білдіреді, олар МАжҚБ туралы Заңның 11-1-тарауында және «Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 302 бұйрығымен бекітілген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жанындағы апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіпте және мерзімде қаралады.
Апелляциялық комиссия қарсылықты немесе шағымды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
2) осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты, шағымды қанағаттан дырудан бас тарту туралы.
Апелляциялық комиссияның шешімі жаз баша нысанда шығарылады және мемлекеттік аудит объектісінің орындауы үшін міндетті бо лып табылады.
Қарсылықты, шағымды қарау нәтижелерін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті ор ган Апелляциялық комиссия шешім шығарған күннен бастап, екі жұмыс күні ішінде ресім дейді.
Қарсылықты қарау нәтижелері қоры тындымен ресімделеді (№ 598 Қағидалардың 30-тармағы).
Мемлекеттік сатып алу мәселелері бой ынша Апелляциялық комиссияның шешім дері өтініш берушіге қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері жіберілген күннен бастап, бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.
Апелляциялық комиссия қабылдаған шешімге ӘРПК талаптарына сәйкес сотқа шағым жасалады.
Апелляциялық комиссия туралы
Апелляциялық комиссия уәкілетті орган ның жанынан құрылады.
Апелляциялық комиссияның төрағасы Апелляциялық комис сияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етеді.
Апелляциялық комиссияның төрағасы бол маған уақытта оның функцияларын Апелля циялық комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы мини стрлігінің және оның ведомстволарының қызметкерлерін, «Атамекен» Қазақстан Ре спубликасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша) және салалық қауымда стықтардың (келісім бойынша) өкілдерін қамтитын Апелляциялық комиссияның құра мына кемінде 7 (жеті) адам кіреді:
Апелляциялық комиссияның төрағасы;
Апелляциялық комиссия төрағасының орынбасары;
Апелляциялық комиссия мүшелері кемінде 5 (бес) адам. Апелляциялық комиссияның жұмысын ұй ымдастыруды комиссияның жұмыс органы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі қамтамасыз етеді. Жұмыс органы қарсылықты, шағымды, сондай-ақ, шағым жасалатын мәселелерге қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде қарсылықты, шағымды алған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті ма териалдарды (шағым жасалатын мәселелер бөлінісінде талдау нәтижелерін, қарсылықтың, шағымның көшірмелерін, сұрау салуларға жа уаптарды), оның ішінде «Мемлекеттік құпи ялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік құпиялар туралы заң) сәйкес Заңмен қорғалатын құпи яға жататын материалдарды қоса бере отырып қарсылықты, шағымды зерделеу және талдау нәтижелері бойынша анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) қалыптастырады және Апелляци ялық комиссияның мүшелеріне жібереді.
Материалдар Апелляциялық комиссия мү шелеріне жіберіледі.
Бұрын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 70 бұйрығындағы редакцияда – Ереже жа зылғанға дейін Жұмыс органы қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша алдын ала қорытынды жасаған және комиссияның отырысы басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оның мүшелеріне қар сылықты, шағымды қарау нәтижелері бой ынша алдын ала қорытындыны және шағым жасалатын мәселелерге қатысты материалдар дың көшірмелерін жіберген.
Апелляциялық комиссия отырысының ба рысы аудиотіркеу техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі. Отырыс кворум болған жағдайда заңды деп есептеледі.
Отырысты өт кізу үшін кворум Апелляциялық комиссияның төрағасы мен оның орынбасарын қоса алған да, Апелляциялық комиссия мүшелері саны ның кемінде жартысын құрайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы отырысқа қатысып отырған мүшелердің қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда Апелляци ялық комиссияның төрағасы немесе оны ал мастыратын оның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Апелляциялық комиссия шығарған шешім дер, сондай-ақ, қарсылықтарды, шағымдарды қарау нәтижелері бойынша Апелляциялық ко миссия мүшелерінің дауыс беруі оның ішінде, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қалыптастырылатын Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі – Хат тама) көрсетіледі.
Жұмыс органы хаттаманы отырыс күнінен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қалыптасты рады. Хаттамаға отырысқа қатысқан Апелля циялық комиссия мүшелері хаттама жобасын алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде, оның ішінде, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қол қояды.
Апелляциялық комиссияның отырысында екі және одан да көп қарсылықтар, шағымдар бойынша мәселелер қаралған жағдайда, әр бір қарсылық, шағым бойынша жеке Хаттама ресімделеді. Хаттама тиісті қарсылықтың, шағымның материалдарына қоса тіркеледі.
Әкімшілік істердің соттылығы
ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігі не сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттар дың соттылығына жатады.
№ 4 ЖСНҚ-ның 2-тармағында МСА қо рытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мем лекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ, өткізілген МСА-ны тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қо рытындыларына, нұсқамаларына, хабарлама ларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106-ба бының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны түсіндірілген.
Егер талап қоюшы конкурс қорытындыла рын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар МСА туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлі гінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, МАӘС-те бірлесіп қарауға жатады.
Алайда, МСА туралы шарт тарды тану бөлігінде талап қою талаптарын қайтару фактілері орын алады, ал олар МСА қорытындыларына шағымдану туралы талап қою талаптарымен бірге қойылған.
№ 4 ЖСНҚ мұндай жағдайда қойылған та лаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етіл мейтінін де көздейді.
Тапсырыс берушінің, МСА-ны ұйымда стырушының, МСА-ны бірыңғай ұйымдасты рушының, комиссиялардың, сарапшының, МСА саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ, уәкілетті орган мен МАжҚБ орган дарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешім деріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары МАӘС-тің қарауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлі гінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты МСА-ны ұйымдастырушылар дың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ, МСА туралы шарттарды орындау дан туындайтын талап қоюлар МАЭС-тің қа рауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес МСА-ға жосықсыз қа тысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні МСА-ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар МАӘС-тің қарауына жатады.
Әкімшілік талап қоюларды қайтару
Соттылыққа жатпайтыны бойынша қайтарулардың негізгі себебі дау айтылатын әкімшілік актінің электрондық нысанда шыға рылуы болып табылады және сондықтан та лап қоюшының орналасқан (тұратын) жері бойынша қаралуға тиіс.
Бұл қағида ӘРПК-іге енгізілді және сот практикасының бастапқы кезеңінде қайтарулар санының өсуіне әсер етті.
Талап қоюлардың көп санын орталық әкімшілік органдар елордада орналасқан дықтан, Астана қаласының бірінші сатыдағы соты қарады.
әкімшілік актінің электрондық нысанда шыға рылуы болып табылады және сондықтан та лап қоюшының орналасқан (тұратын) жері бойынша қаралуға тиіс.
Бұл қағида ӘРПК-іге енгізілді және сот практикасының бастапқы кезеңінде қайтарулар санының өсуіне әсер етті. Талап қоюлардың көп санын орталық әкімшілік органдар елордада орналасқан дықтан, Астана қаласының бірінші сатыдағы соты қарады.
1. № 5 ЖСНҚ-ның 1-тармағының мағына сын негізге ала отырып, соттардың өнім бе рушіні таңдау және МСА туралы шарт жасасу процесінде туындайтын, қарау тәртібі ӘРПК нің нормаларымен реттелетін даулардың және мемлекеттік сатып алу туралы шарттан туын дайтын, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын даулардың аражігін ажыратқаны жөн.
Соттарға МСА туралы шарттан туындай тын, атап айтқанда,
а) тапсырыс берушінің шартты бұзу туралы хабарламаны жіберу ту ралы әрекеттерін;
б) жауапкердің шартты бұзу жөніндегі шараларды қабылдамау жөніндегі әрекетсіздігін тану және оны бұзуға міндеттеу;
в) шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы ха барламаны;
г) осындай хабарламаны жіберу жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюлар түсті.
Соттардың мұндай талап қоюларды қай таруы даулардың әкімшілік органдардың нормативтік құқықтық актілерде белгілен ген өкілеттіктеріне орай бір тараптың (өнім беруші) екінші тарапты (тапсырыс беруші) әкімшілік немесе өзге де билікпен бағынды руына немесе тәуелді болуына негізделмеуі нен туындаған.
Қаралып отырған жағдайда мәлімделген талаптар тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарттың талаптары бойынша дауды қамтиды, бұл олардың арасындағы жария-құқықтық қаты настарды жоққа шығарады.
Мұндай жағдайларда талап қоюлар ӘРПК нің іс жүргізу тәртібі АПК-іде көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтыны көзделген 3-бабы жетінші бөлі гінің
2) тармақшасы бойынша заңды түрде қайтарылды.
2. Талап қоюшылар жүргізілген ішкі мемле кеттік аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп пен аудиторлық қорытындыға дау айтқан және соттар мұндай талап қоюларды қайтару туралы қорытындыға негізді түрде келді.
Қысқа уақыт ішінде МАжҚБ туралы заң ның 19-бабына бірнеше мәрте енгізілген түзетулерге байланысты осы даулардың сот тылығы туралы сұрақтар туындағанын атап өткен жөн.
Атап айтқанда, осы бап 2021 жылғы 1-6 шілде аралығында, МАжҚБ органдары осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес басқа МАжҚБ органдары жүргізген мемле кеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қа зақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, таниды деп көзделген.
2021 жылғы 6 шілдеден бастап, бұл норма дауларды азаматтық процестік юрисдикцияға ауыстыру арқылы өзгертілді, бұл, осы Талдау авторларының пікірінше, заңды логика тұрғы сынан негізді болып табылады, өйткені, ау диторлық қорытынды мен аудиторлық есеп бірінші жағдайда аудиторлардың тұжырымда ры мен ұсынымдарын, екіншісінде, аудит нәтижелерін қамтиды. Бұл ретте, осы құжаттарда әкімшілік актінің міндетті өлшемшарт тары жоқ.
Сонымен қатар, соттар МАжҚБ туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 1) тармақ шасына сәйкес қаржылық бақылаудың ден қою шараларының бірі, барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазым ды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдар дың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару болып табылатынына назар аударуы қажет. Бұдан басқа, осы Заңның 58-4-бабы ның 7-тармағы апелляциялық комиссияның шешімдеріне МАжҚБ саласындағы уәкілетті органның шағымдану құқығын көздейді.
Апелляциялық комиссияның мұндай нұсқа малары мен шешімдеріне дау айту, егер олар әкімшілік актінің, әрекеттің (әрекетсіздіктің) шешімдеріне МАжҚБ саласындағы уәкілетті органның шағымдану құқығын көздейді.
Апелляциялық комиссияның мұндай нұсқа малары мен шешімдеріне дау айту, егер олар әкімшілік актінің, әрекеттің (әрекетсіздіктің).
Қысқартулар
Әкімакт – әкімшілік акт
МСА – мемлекеттік сатып алулар;
ЖҚТ – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;
МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
ӘІСА – облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
ҚР ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
МАЭС – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазынашылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
ІМАК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;
ДВГА – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
МАжҚБ – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;
КҚ – конкурстық құжаттама;
ЖСҚ – жобалау-сметалық құжаттама;
ҚР ҚН – Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары.
Нормативтік құқықтық база
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК)
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПK);
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МСА туралы заң);
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МАжҚБ туралы заң);
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 648 Қағидалар);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (№ 694 Қағидалар);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (№ 598 Қағидалар);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (№ 392 Қағи далар);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітіл ген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 1200 Қағидалар);
«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Респу бликасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы (№ 4 ЖСНҚ);
Қордың Директорлар кеңесі басқармасының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31/19 шешімімен бекітілген Қордың сатып алу қызметін басқару стандарты;
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы