⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Мемлекеттік аудит көрсеткіштері Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

4-бап. Мемлекеттік аудит көрсеткіштері Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 4-бап. Мемлекеттік аудит көрсеткіштері Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы 

      Мемлекеттік аудиттің типіне қарай мынадай көрсеткіштер ескеріледі: 

      1) тиімділік – жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы; 

      2) үнемділік – қызметтің бағаланатын нәтижелерінің тиісті сапасын сақтай отырып, осы нәтижелерге қол жеткізу үшін бөлінген ресурстардың құнын барынша азайту; 

      3) өнімділік – санын, сапасын және мерзімдерін ескере отырып бөлінген ресурстарды пайдалана отырып, экономика немесе жекелеген басқару саласы үшін барынша пайдалы нәтиже алу; 

      4) нәтижелілік – әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы ( түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы; 

      5) мәнділік – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер; 

      6) перспективалық – жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы