⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талаптары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

21-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талаптары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 21-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талаптары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өз құзыреті шегінде берген талаптары мемлекеттік аудит объектілерінің орындауы үшін міндетті. 

      2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талабы бойынша мемлекеттік аудит объектілері, лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар: 

      1) ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы сұралатын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуы туралы есептерді дайындау үшін, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит саласында зерттеулер жүргізу үшін қажетті құжаттаманы және ақпаратты өтеусіз беруге; 

      2) қажетті материалдарды (дәлелдемелерді): мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыруға және оны мемлекеттік аудит объектісіне шықпай жүргізуге байланысты мәселелер бойынша анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша – бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынуға; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелерге мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті қолжетімділікті ұсынуға міндетті. 

      3. Талап етілетін ақпарат мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына сұратылатын нысандарда, тәртіпте, сондай-ақ осы Заңда белгіленген мерзімдерде беріледі. 

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына міндеттерін орындауға жәрдем көрсетеді, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтай отырып, олардың сұрау салулары бойынша өздері жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат береді. 

      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы