39-бап. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы
1. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен ықтимал мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында оларды сертификаттау жүргізіледі.
2. Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жүргізеді, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен бір өкіл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен бір өкіл, Жоғары аудиторлық палатадан бес өкіл, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органнан бес өкіл, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) кіреді.
Жоғары аудиторлық палата Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол берілген ұсыныстар негізінде саны кемінде он төрт адам болатын комиссияның дербес құрамын бекітеді.
3. Алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдар тізбесін тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бекітеді.
5. Сертификаттау деңгейлік жүйе бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын, Ұлттық комиссия туралы ережені ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Жоғары аудиторлық палата бекітеді.
6. Ұлттық комиссияның жұмыс органы Жоғары аудиторлық палата айқындайтын тәртіппен мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізеді.
7. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Жоғары аудиторлық палата ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейтін және бекітетін Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Ұлттық комиссия мынадай негіздер бойынша:
1) кәсіби әдеп талаптарын сақтамағаны үшін сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органының ұсынуы бойынша;
2) кәсіби әдеп талаптарын сақтамағаны үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша;
3) қаржылық бұзушылық фактілерінің көрсетілмеуі орын алған анық емес аудиторлық есеп берген және аудиторлық есебі мемлекеттік аудит материалдарының сапасын бақылаумен расталмаған мемлекеттік аудиторға қатысты тиісті мемлекеттік аудит органының ұсынуы бойынша;
4) осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес Жоғары аудиторлық палата жүргізген бақылау барысында мемлекеттік аудитордың материалдары танылмауына себеп болған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын бірнеше рет (бір жылда үш реттен көп) бұзғаны үшін мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алуды жүзеге асырады.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарға алғаш рет жол берген мемлекеттік аудиторларға ескерту шығарылады.
Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы