98-3-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған адамға жаза тағайындау кезінде не оны қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату кезінде сот өз бастамасы бойынша не қылмыстық процесс тараптарының өтінішхаты бойынша оның жүріс-тұрысына үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге ерекше талаптар белгілеуі мүмкін, онда психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ:
1) жәбірленушінің кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қоса алғанда, жәбірленушінің еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
3) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды тұтынуға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салу көзделеді.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот айрықша жағдайларда, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға тұрғын үйде жәбірленушімен бірге тұруға тыйым салу түрінде құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулікке дейінгі мерзімге қолдануға құқылы.
3. Сотталған адамның не өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына орай тоқтатылған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келіп тұру міндеттері жүктелуі мүмкін.
4. Осы Кодекстің 108-1-бабының екінші бөлігі, 109-1-бабының екінші бөлігі бойынша өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына орай тоқтатылған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған сот шешімімен профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келіп тұру міндеті жүктеледі.
5. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамға ерекше талаптар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 165-бабында айқындалған тәртіппен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы