Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

55-бап. Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

   1. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігінің адам кінәлі деп танылған бабында немесе бабының бір бөлігінде бас бостандығынан айырудан гөрі онша қатаң емес жазаның негізгі түрі көзделсе, адамды:

      1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркiмен өтеген, моральдық және өзге зиянды қалпына келтірген жағдайда;

      2) осы Кодекстің 218, 218-1, 248 және 249-баптарында көзделгендерді қоспағанда, экономикалық қызмет саласында қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде, қылмыспен келтірілген мүліктік залалды адам өз еркімен өтеген жағдайда, бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

      2. Жасалған қылмыс белгісі ретінде көзделмеген жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің:

      1) қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде – жартысынан;

      2) ауыр қылмыс жасаған кезде – үштен екiсiнен;

      3) адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс немесе аса ауыр қылмыс жасаған кезде – төрттен үшiнен;

      4) адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыс жасаған кезде бестен төртінен асыруға болмайды.

      Егер ауырлататын мән-жайлар қылмыстық құқық бұзушылық белгісі ретінде көзделсе, осы бөліктің ережелері қолданылмайды.

      3. Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша, сондай-ақ процестік келісімнің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің жартысынан, адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты ауыр қылмыс немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін – төрттен үшiнен, ал адам өмiрiне немесе денсаулығына қолсұғушылыққа байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бестен төртінен асыруға болмайды. Айыптау үкімі бұйрықты іс жүргізу тәртібімен шығарылған істер бойынша айыппұл қылмыстық теріс қылық жасалған кезде – айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі, онша ауыр емес қылмыс жасалған кезде айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде тағайындалады.

      4. Іс-әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, кінәлі адамның рөлiне, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мінез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және іс-әрекеттiң қоғамға қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сол сияқты топтық қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушы топтың жасаған іс-әрекеттерін ашуға белсене жәрдемдескен кезде, осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен жаза тағайындалуы мүмкiн не соттың жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн.

      5. Жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, осындай мән-жайлардың жиынтығы да ерекше мән-жайлар деп танылуы мүмкiн.

      6. Осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде, жаза осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін.

      7. Қылмысқа дайындалғаны немесе оқталғаны үшін жаза тағайындалған жағдайларда, осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шектер осы Кодекстің 56-бабының ережелері ескеріле отырып айқындалады.

      8. Осы баптың ережелері адамды қасақана қазаға ұшыратумен байланысты қылмыс, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға, мұндай қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, қолданылмайды.

      Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінің ережелері, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмысты кәмелетке толмаған адам жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыстарды жасаған адамдарға қолданылмайды.

      9. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаның өзге түрі көзделмесе, онда осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамға жиырма жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.

      Дәл сол жағдайларда он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға он бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, ал әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

 

 

 

8-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы, ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

8-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы, ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Респ...

Толық оқу »

98-3-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

98-3-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеуҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының      1. Қылмыстық құқық бұзушылық...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталу қылмыстық Заңда теріс қылық пен ауырлығы аз қылмыс жасауға оқталғаны үшін жауапкершілік көзделмеген

Қылмыстық құқық бұзушылыққа оқталу қылмыстық Заңда теріс қылық пен ауырлығы аз қылмыс жасауға оқталғаны үшін жауапкершілік көзделмегенБұрын сотталмаған к. ҚК-нің 187-бабының 1...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қылмыстық заңның қолданылуы

Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қылмыстық заңның қолданылуыҚР Қылмыстық кодексінің (ҚК) 7-бабы Қазақстан Республикасының аумағы...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қылмыстық заңның қолданылуы

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қылмыстық заңның қолданылуыҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 8-баб...

Толық оқу »

9-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

9-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстап беру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаға...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мас күйінде болуы кезіндегі қылмыстық жауаптылығы

Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мас күйінде болуы кезіндегі қылмыстық жауаптылығыҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 18-бабы алкогольд...

Толық оқу »

130-бап. Азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды процестік емес ұстап алуға құқығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

130-бап. Азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды процестік емес ұстап алуға құқығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жәбiрленушi...

Толық оқу »

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп тексеру істері бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан аспауға тиіс

Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп тексеру істері бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мерзімі немесе мөлшері жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзі...

Толық оқу »

18-бап. Масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

18-бап. Масаң күйде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Алкогольдi, есiрткi, психотроптық зат...

Толық оқу »

25-бап. Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

25-бап. Аяқталған қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Егер адам жасаған іс-әрекетте осы КодекстіңЕрекше бөлігіндекөзделген құқық бұзуш...

Толық оқу »

Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу

Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу📘 ЖАЛПЫ СИПАТТАМАҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-3-бабы — бұл бостандықтан айыру...

Толық оқу »

25-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК аяқталған қылмысы

25-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК аяқталған қылмысы Егер адам жасаған әрекетте осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері...

Толық оқу »

7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңҚа...

Толық оқу »

587-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

587-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алу ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Ш...

Толық оқу »