914-1-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысын орындау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін орындалуға жатады.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы заңды күшіне енген сот қаулысын сот әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның тұрғылықты жеріндегі жергілікті атқарушы органға орындау үшін жібереді.
3. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
4. Жергілікті атқарушы органдар:
1) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқық бұзушыны шақырып, оның жеке деректерін толтырады;
2) құқық бұзушыға қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібі мен шарттарын түсіндіреді;
3) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына оның орындауға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді;
4) сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде ұйымға қоғамдық жұмыстарды орындау үшін адам жіберілетіні туралы хабарлама жібереді;
5) қоғамдық жұмыстарды орындау графигі мен кезеңділігін жасайды;
6) құқық бұзушының қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі анықталған кезден бастап дереу ішкі істер органдарын хабардар етеді;
7) адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы орындалған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа хабарлама жібереді.
5. Ішкі істер органдары осы баптың төртінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген хабарлама келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламаны қарайды және осы Кодексте белгіленген тәртіппен шаралар қабылдайды.
6. Ұйым:
1) орындалған жұмыстардың актілерін жасайды, жұмыс істеген сағаттар табелін жүргізеді;
2) қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы есепті тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.
7. Қоғамдық жұмыстар түрінде әкімшілік жаза қолданылған адам:
қоғамдық жұмыстарды орындаудың осы Кодексте белгіленген шарттары мен тәртібін сақтауға;
жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстарды орындауға;
тұрғылықты жерінің өзгергені туралы жергілікті атқарушы органдарды хабардар етуге міндетті.
8. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығына адамның қоғамдық жұмыстар орнына бару мен кері қайту уақыты кірмейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы