61-бап. Пробация қызметінің қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау кезіндегі өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
Пробация қызметі:
1) сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
2) оларға жазаны өтеу, сондай-ақ жазаның өтелуін бақылау тәртiбi мен шарттарын түсiндiредi;
3) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың орындалуын бақылайды;
4) сотталған адаммен айына бір рет профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
5) жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталған адамға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа iздестіруді жариялау туралы ұсыну енгiзедi.
Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы