9-бап. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының құзыреті Жылу энергетикасы туралы Заңы
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары:
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 53-бабына сәйкес.
1) жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын бекітеді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2) тармақша 01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 53-бабына сәйкес.
2) энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарды және жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды төлеу немесе өтеу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру тәртібін бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Осы Заң коммуналдық және өндірістік мұқтаждықтарға жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу мен тұтыну, сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен оларды дамыту және жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы