16-бап. Борышкердің және (немесе) оның өкілінің құқықтары мен міндеттері Коллекторлық қызмет туралы Заңы
1. Борышкер және (немесе) оның өкілі:
1) кредитордан, коллекторлық агенттікпен сенімгерлік басқару шартын жасасқан тұлғадан, берешек бойынша борышкерге талап қою құқығы бар коллекторлық агенттіктен коллекторлық агенттік, оның орналасқан жері, коллекторлық агенттікте борышкердің дербес деректерінің болуы, берешектің мөлшері мен құрылымы туралы мәліметтер алуға;
2) коллекторлық агенттіктің талаптарына толығымен, сондай-ақ оның бір бөлігіне, оның ішінде сотта дау айтуға;
3) берешекті осы Заңның 6 және 6-1-баптарында көзделген тәртіппен реттеуге;
4) өзінің берешегі туралы ақпарат алу үшін коллекторлық агенттікпен осы Заңның 5-бабында көзделген кез келген тәсілмен өзара іс-қимыл жасасуға;
5) коллекторлық агенттіктің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасап, уәкілетті органға жүгінуге;
6) берешегі толық өтелген кезде кредитор алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама алу үшін мемлекеттік кредит бюросына және (немесе) кредиторға жүгінуге;
7) коллекторлық агенттіктің жұмыскерлерімен өзара іс-қимыл жасасу процесін аудио- және (немесе) бейнетехника құралдарының көмегімен өзі дербес тіркеуге;
8) жүгіну себептерін негіздей отырып, кредиторға не сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын коллекторлық агенттікке банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты көрсетілген шарттардың талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге;
9) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
2. Борышкер және (немесе) оның өкілі:
1) коллекторлық агенттікке өзінің тұрғылықты жерінің (заңды мекенжайының) өзгергені, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегінің ауысуы, жеке басты куәландыратын құжаттарының алмастырылғаны (мерзімі өткен, жоғалған жағдайда) туралы, өздерімен (өзімен) байланысу үшін пайдаланылатын байланыс ақпаратының өзгергені және коллекторлық агенттіктің өздерімен (өзімен) байланысу және өзара іс-қимыл жасасу тәсілінің өзгергені туралы хабарлауға;
2) коллекторлық агенттіктің сұрау салуы бойынша кірістері мен шығыстарының деңгейі, тұрғылықты жері (заңды мекенжайы), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешекті өтеу үшін өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкінің бар-жоғы туралы анық ақпаратты ашуға;
3) осы Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес коллекторлық агенттікпен берешекті реттеу бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
4) он бес жұмыс күні ішінде кредитор ұсынған берешекті өтеу талаптарын қарауға және коллекторлық агенттікке не кредиторға борышкер үшін қолайлы талаптарды хабарлауға міндетті.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ.
Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы