⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті Жылу энергетикасы туралы Заңы

8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті Жылу энергетикасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті Жылу энергетикасы туралы Заңы 

      1. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары: 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       1) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 53-бабына сәйкес.  

      1) уәкілетті орган бекіткен жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеу және бекіту қағидаларының негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жылумен жабдықтауды дамытудың ұзақ мерзімді және орта мерзімді схемаларын әзірлейді және жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады; 

      2) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жылу энергетикасының жай-күйіне, оның ішінде жылу энергиясының пайдаланылу сенімділігін, технологиялық және экономикалық қолжетімділігін бағалау бөлігінде мониторингті жүзеге асырады және алынған деректердің, оның ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органнан алынған деректердің негізінде жылыту маусымына дайындық бөлігінде өңірлер бойынша есептілікті мемлекеттік органдарға ұсынады; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       3) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 53-бабына сәйкес.  

      3) жылумен жабдықтауды дамыту схемаларының орындалуына мониторинг жүргізеді; 

      4) жылу энергетикасы объектілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, жаңартып отыруды және жариялауды жүргізеді; 

      5) жылумен жабдықтау субъектілерінің тізілімін жүргізеді; 

      6) Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес мониторинг жүргізу шеңберінде жылумен жабдықтау субъектілерінен алынған деректерді уәкілетті органға береді; 

      7) жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді; 

      8) жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылу энергиясының көздері мен жылу желілерін жоспарлы жөндеуді келіседі; 

      9) жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылу энергиясы көздерінің, жылу желілерінің, тұтынушылардың жылу тұтынатын қондырғыларының дайындығы мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүзеге асырылуын және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеп тұруын бақылайды; 

      10) Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және істерді сот қараған кезде қатысады; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       11) тармақша 01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 53-бабына сәйкес.  

      11) энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарды және жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды төлеу немесе өтеу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру тәртібін әзірлейді; 

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады. 

      2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары: 

      1) қажет болған кезде тиісті облыстың аудандары мен облыстық маңызы бар қалаларының жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын әзірлеу мен іске асырудың қаржыландырылуын қамтамасыз етеді; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       2) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы Заңның 53-бабына сәйкес.  

      2) жылумен жабдықтауды дамытудың әзірленген схемаларына сәйкес облыстың жылумен жабдықтау жүйелерін дамытуды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады; 

      3) жылумен жабдықтау субъектілерінің облыстық тізілімін жүргізеді; 

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады. 

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жылу өндіруші субъектілердің жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға жұмсалатын шығындарын субсидиялауды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады. 

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жылумен жабдықтау субъектілерінің қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарын субсидиялауды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады. 

 

      Осы Заң коммуналдық және өндірістік мұқтаждықтарға жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу мен тұтыну, сондай-ақ жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуі мен оларды дамыту және жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы