163-бап. Республикалық палата Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы
1. Республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жарғымен реттеледі.
2. Республикалық палатаның жарғысын съезд қабылдайды.
3. -Алынып тасталды Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII ҚРЗ Республикалық палата Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың ортақ шартын жасасады.
4. Республикалық палатаның төрағасын лауазымға төралқа екі жыл мерзімге сайлайды. Бір адам қатарынан екі реттен артық Республикалық палатаның төрағасы болып сайлана алмайды.
5. Республикалық палатаның төрағасы:
1) Республикалық палатаның ағымдағы жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, басқарма отырыстарына төрағалық етеді және төралқаның отырыстарына қатысады;
2) Республикалық палата атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) Республикалық палатаның жарғысында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы