5-2-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Электр энергетикасы туралы Заңы
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары электр энергиясын беру және онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялауды уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бір мезгілде электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және балансында жиырмадан астам жылу көздері бар, өздеріне қатысты оңалту рәсімі қолданылған, коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың шығындарын (борыштарын) субсидиялауды резерв есебінен жүзеге асырады."
Жергілікті атқарушы органдар жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алу бойынша энергия өндіруші ұйымдарға субсидия беру қағидаларында айқындалған тәртіппен акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, коммуналдық меншіктегі және суды (дистиллятты), электр және жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті бір мезгілде жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау