8-бап. Күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да іс-әрекеттер қатерін төндiретiн адамға оның қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми алдын ала ескерту Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қорғалатын адамдарға қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да іс-әрекеттер жасау қатері туралы жеткілікті деректер болған кезде қылмыстық процестi жүргiзетін орган күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған басқа да іс-әрекеттер жасау қатерін төндiретiн адамға оның қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн екендiгi туралы ресми алдын ала ескерту жасайды. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган жасаған алдын ала ескерту адамға қолхат алынып хабарланады.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі № 72 Заңы.
Осы Заң қылмыстық процеске құқыққа қарсы араласудың жолын кесу мақсатында, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өмiрiн, денсаулығын, мүлкiн, заңды құқықтарын, мүдделерiн мемлекеттiк қорғау, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының жүйесiн белгiлейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы