Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 71-бап. Ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

71-бап. Ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

71-бап. Ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1 Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап мынадай мерзiмдер:

      1) қылмыстық теріс қылық жасалғаннан кейін бір жыл;

      2) онша ауыр емес қылмыс жасалғаннан кейiн екi жыл;

      3) ауырлығы орташа қылмыс жасалғаннан кейiн бес жыл;

      4) ауыр қылмыс, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалғаннан кейiн он жыл;

      5) аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейiн он бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2 Ескіру мерзімдері қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi.

3 Қылмыстық теріс қылықтар бойынша ескіру мерзімдерінің өтуi жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қарамастан тоқтатыла тұрмайды және үзілмейді.

4 Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескіру мерзімдерінің өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескіру мерзімдерінің өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап қайта басталады. Бұл ретте, егер қылмыс жасаған уақыттан берi ескіру мерзімі үзілмесе және мынадай мерзімдер:

      1) онша ауыр емес қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;

      2) ауырлығы орташа қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;

      3) ауыр қылмыс, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл;

      4) аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін жиырма жыл өтсе, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

      Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мерзiм өткенге дейiн жаңадан ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаса, ескіру мерзімінің өтуі үзіледі. Мұндай жағдайларда ескіру мерзімін есептеу жаңа қылмыс жасалған күннен бастап қайта басталады. Өзге жағдайларда, егер ескіру мерзімі өткенге дейiн адам қайтадан қылмыс жасаса, әрбiр қылмыс бойынша ескіру мерзімі дербес өтедi.

5 Осы Кодекс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімінің өтуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға болады деп таппаса, онда өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

6 Бейбiтшiлiкке және адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға ескiру мерзiмдерi қолданылмайды.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

355-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК анықтау немесе алдын ала тергеу деректерін жария ету

355-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК анықтау немесе алдын ала тергеу деректерін жария ету Егер ол прокурордың, тергеушінің немесе анықтауд...

Толық оқу »

50-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

50-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртiбiҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процеске қатысушылардың мерзi...

Толық оқу »

364-бап. Сот тергеуiнiң басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

364-бап. Сот тергеуiнiң басталуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Сот тергеуi толық немесе қысқартылған тәртіппен жүзеге асырылады және мемлекетт...

Толық оқу »

434-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық следстігі

434-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық следстігіІсті дұрыс шешу үшін белгіленуі елеулі мәнге ие...

Толық оқу »

73-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

73-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Онша ауыр...

Толық оқу »

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулысы.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот пр...

Толық оқу »

419-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне апелляциялық (жеке) шағым, наразылық беру мерзімін қалпына келтіру тәртібі

419-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне апелляциялық (жеке) шағым, наразылық беру мерзімін қалпына келтіру тәртібіШағым, наразылық беруг...

Толық оқу »

419-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмін қалпына келтiру тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

419-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмін қалпына келтiру тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Апе...

Толық оқу »

152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. К...

Толық оқу »

49-бап. Мерзiмдi сақтау және ұзарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

49-бап. Мерзiмдi сақтау және ұзартуҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер шағым, өтiнiшхат немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн поштағ...

Толық оқу »

86-бап. Қарсылық бiлдiру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

86-бап. Қарсылық бiлдiру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1...

Толық оқу »

650-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің алқабилерінің қатысуымен сотта сот тергеуінің ерекшеліктері

650-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің алқабилерінің қатысуымен сотта сот тергеуінің ерекшеліктеріСотта алқабилердің қатысуымен сот терге...

Толық оқу »

69-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

69-бапқа түсініктеме. ҚР ҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату 1. Егер қылмыс жасалған күннен баст...

Толық оқу »

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату

75-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату 1. Қылмыс жасағаны үшін сот...

Толық оқу »

77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

77-бап. Айыптау үкiмiнің ескіру мерзімінің өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1. Қылмыстық құқық бұзушылық үшiн сотталға...

Толық оқу »