8-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту негіздерi Коллекторлық қызмет туралы Заңы
1. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту мынадай:
1) уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген;
2) коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаның жұмыскерлері осы Заңның 12-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;
3) коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлға осы Заңның 3-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;
4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай өткеннен кейін уәкілетті органға есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгінген;
5) осы Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайларда жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес құжаттарды қайтадан ұсынуға құқылы не өзінің атауынан "коллекторлық агенттік" деген сөздерді, олардан туындайтын, оның коллекторлық қызметті жүзеге асыратынын болжайтын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.
Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есептік тіркеуден бас тартуды алған жағдайда, мұндай заңды тұлға өзінің атауынан "коллекторлық агенттік" деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге міндетті.
Заңды тұлға осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлі түрде таратылуға жатады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізлді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ.
Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы