Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 34-бап. Заңды тұлға-лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

34-бап. Заңды тұлға-лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

34-бап. Заңды тұлға-лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы 

      1. Заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бірігу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен қайта ресімделуге жатады. Сол бір лицензияланатын қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялары бар бірнеше заңды тұлға-лицензиаттар біріккен кезде, өтініш берушінің таңдауы бойынша осындай бір ғана лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бірігу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ресімделуге жатады. Заңды тұлға-лицензиаттар біріккен кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлға-лицензиаттар лицензиясының қолданысы жаңадан пайда болған заңды тұлға-лицензиаттың лицензиясы қайта ресімделген күннен бастап тоқтатылады. 

      2. Заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны үшін лицензияланатын қызметтің түрімен немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаға осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен қайта ресімделуге жатады. 

      3. Заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қосылған заңды тұлға-лицензиаттың лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен соңғысына қайта ресімделеді. Егер қосылатын заңды тұлғада және қосылатын заңды тұлғаны өзіне қосып алған заңды тұлғада сол бір лицензияланатын қызмет түріне немесе лицензияланатын қызмет түрінің кіші түріне лицензиялар болса, қосылатын заңды тұлғаның лицензиясын заңды тұлғаны қосып алған заңды тұлғаға қайта ресімдеу жүргізілмейді. 

      4. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша бөліп шығарылған заңды тұлғаның келісімі болған кезде, бөлініп шыққан заңды тұлғаның лицензияланатын қызметтің тиісті түрін және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда ғана қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаның біреуіне қайта ресімделуге жатады. 

      Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлға лицензияны осы тармақта көзделген негіз бойынша қайта ресімдеуге өтініш беруші болып табылады. 

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеу үшін өтініш беруші осы Заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа, өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімін ұсынады. 

      Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлініп шыққан заңды тұлғаға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу туралы өтінішті өтініш беруші бөліну нысанындағы қайта ұйымдастыру аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді. 

      Лицензиар осы Заңның 33-бабының 3-тармағында, осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, сондай-ақ өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы тармақта көзделген негіз бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады. 

      5. Заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған осы заңды тұлғаның біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаның біреуіне қайта ресімделуге жатады. 

      Бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуі лицензияны осы тармақта көзделген негіз бойынша қайта ресімдеуге өтініш беруші болып табылады. 

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуіне қайта ресімдеу үшін өтініш беруші осы Заңның 33-бабының 3-тармағында көзделген құжаттардан басқа, өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсынады. 

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың біреуіне қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші бөліну нысанында қайта ұйымдастыру аяқталған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде береді. 

      Лицензиар мынадай: 

      1) осы Заңның 33-бабының 3-тармағында және осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген; 

      2) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген; 

      3) егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғаларды-лицензиаттарды бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болғандардың ішіндегі басқа заңды тұлғаға бұрын қайта ресімделген жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы тармақта көзделген негіз бойынша бастамашылық жасалған қайта ресімдеуден бас тартады. 

      5-1. Айналдыру нысанында банкті ислам банкіне ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде: 

      банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияның қолданылуы оған ислам банкінің банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензия берген кезден бастап тоқтатылады; 

       лицензиар бағалық қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияны осы Заңның 33-бабының 3 және 4-тармақтарында айқындалған тәртіппен, тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ислам банкіне қайта ресімдейді. 

      5-2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру кезінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап тоқтатылады. 

      6. Лицензиар өтініш берушінің осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. 

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда лицензиар көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады. 

      7. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген жағдайларда өтініш берушінің Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарын) алу үшін лицензиар өтініш берушінің осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қызметті жүзеге асыру орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібереді. 

      Мемлекеттік органдар лицензиардың сауалы негізінде он жұмыс күні ішінде тиісті лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы жауап жібереді. 

      Нормативтік құқықтық актілерде осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайлар үшін өзге де мерзімдер белгіленуі мүмкін. 

      8. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін тиісті лицензиарға немесе Мемлекеттік корпорацияға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). Бұл ретте тізімдемені өтініш беруші жасайды. 

      Өтініш электрондық нысанда берілген жағдайда, рұқсат беру органының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құжат өтініштің қабылданғандығын растау болып табылады. 

       9. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша осы баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде және 5-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей қайта ресімделетін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импорты және экспорты саласындағы, білім беру саласындағы, көмірсутектер саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды қоспағанда, осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей қайта ресімдейді. 

      10. Лицензиарлар қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы бапта белгіленген мерзім ішінде беруге не оларды қайта ресімдеуден уәжді түрде бас тартуға міндетті. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ. 

      Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

945-бап. Заңды тұлға тоқтатылған ретте зиянды өтеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

945-бап. Заңды тұлға тоқтатылған ретте зиянды өтеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi1. Өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн белгiленген тәртiппен жауапты болып...

Толық оқу »

37-бап. Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы

  37-бап. Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн күзету, қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды...

Толық оқу »

Салық заңнамасын бұзуға байланысты салық органдарының заңды тұлғалардан салық және алымдар өндіру туралы

Салық заңнамасын бұзуға байланысты салық органдарының заңды тұлғалардан салық және алымдар өндіру туралы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 30 бабына...

Толық оқу »

Заңды тұлға ұғымы

Заңды тұлға ұғымы📘 1. Баптың жалпы сипаттамасыҚазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33-бабы заңды тұлға ұғымын бекітіп, оны азаматтық құқықтың дербес субъектісі реті...

Толық оқу »

33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтат...

Толық оқу »

8-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту негіздерi Коллекторлық қызмет туралы Заңы

8-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту негіздерiКоллекторлық қызмет туралы Заңы      1. Коллекторлық қызметті жүзеге а...

Толық оқу »

844-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына сәйкес келмеуi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

844-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына сәйкес келмеуi Әкімшілі...

Толық оқу »

Банкроттық салдарынан заңды тұлға таратылған кезде мемлекет оның құқықтық мирасқоры болып табылмайды.

Банкроттық салдарынан заңды тұлға таратылған кезде мемлекет оның құқықтық мирасқоры болып табылмайды.Д.сотқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Ми...

Толық оқу »

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану негізінде заңды тұлғаларды тарату туралы қойылған талаптар бойынша сот практикасы

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану негізінде заңды тұлғаларды тарату туралы қойылған талаптар бойынша сот практикасыСК-нің 19-бабы 1-тармағы 10) тармақш...

Толық оқу »

15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру Заңды тұл...

Толық оқу »

50-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-заңды тұлғаның тарату комиссиясына жiберу туралы мәселелердiқарау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

50-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару немесе оны банкроттықты басқарушыға, оңалтуды басқарушыға, борышкер-з...

Толық оқу »

46-бап. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде құқықтарды мемлекеттік тіркеу  Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы

46-бап. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде құқықтарды мемлекеттік тіркеуЖылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы      1. Заңды тұлғаны қайта ұйымдаст...

Толық оқу »

87-бап. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдардың дебиторлық берешегін анықтау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

87-бап. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдардың дебиторлық берешегін анықтауАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларыны...

Толық оқу »

6-3-бап. Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

6-3-бап. Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы   ...

Толық оқу »

844-бапқа түсініктеме. Қаулымен салынған әкімшілік жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кінәлінің жеке басына немесе заңды тұлғаның мүліктік қаржылық жағдайына сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі

844-бапқа түсініктеме. Қаулымен салынған әкімшілік жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кінәлінің жеке басына немесе заңды тұлғаның мүліктік қаржылық жағдайына сәйкес ке...

Толық оқу »

12-бап. Заңды тұлғаны, филиалды (өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжат Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

12-бап. Заңды тұлғаны, филиалды (өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжат Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді...

Толық оқу »

32-бап. Кооператив мүшесiнiң борыштары бойынша өндiрiп алу және кооператив мүшесiнiң құқықтық мирасқорларының мұрагерлік және кооператив мүшесiболып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезiндегi құқықтары Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заңы

32-бап. Кооператив мүшесiнiң борыштары бойынша өндiрiп алу және кооператив мүшесiнiң құқықтық мирасқорларының мұрагерлік және кооператив мүшесiболып табылатын заңды тұлғаны қа...

Толық оқу »

81-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру ерекшелiктерi Орман кодексі Қазақстан Республикасының

81-бап. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн күзету, қорғау, пайдалану, заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ормандарды молықтыру мен орман өсiру ерекше...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қ...

Толық оқу »

14-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

14-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгіз...

Толық оқу »

Заңды тұлғаның құрылтайшылары

Заңды тұлғаның құрылтайшылары📘 1. Мақаланың жалпы сипаттамасыЗаңды тұлғаның құрылтайшылары — бұл ұйымды құру бастамашысы болып табылатын және оның қалыптасуына үлес қосатын ж...

Толық оқу »

77-бап. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

77-бап. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Бөліну және бөлініп шығу жолымен қай...

Толық оқу »

6-1-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

6-1-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу тәртібі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу тур...

Толық оқу »

14-бап. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

14-бап. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу ту...

Толық оқу »

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану нәтижелері бойынша шығарылатын салық органдарының хабарламаларына дау айту.

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану нәтижелері бойынша шығарылатын салық органдарының хабарламаларына дау айту.Салық кодексінің 607-бабының 1-тармағына с...

Толық оқу »

39-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасының орналасқан жері

39-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасының орналасқан жері Заңды тұлғаның орналасқан жерін нақты анықтаудың практикалық мәні заңды тұлғ...

Толық оқу »

53-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

53-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі      1. Кәсіпкерлік субъектісі болып т...

Толық оқу »

Салық органдарының заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату мен қызметін тоқтату туралы

Салық органдарының заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді мәжбүрлеп тарату мен қызметін тоқтату туралы Сотқа бағыныстылық және соттылық бойынша. Сот ісін жүргізу тілі. Істі сот...

Толық оқу »

486-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

486-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1....

Толық оқу »

Заңды тұлғаның органдары

Заңды тұлғаның органдары📘 1. Баптың жалпы сипаттамасыҚР Азаматтық кодексінің 37-бабы заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз органдары арқылы қатысу тетігін реттейді. Заңды тұл...

Толық оқу »

41-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасының құрылтай құжаттары

41-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасының құрылтай құжаттары Құрылтай құжаттарына құрылтай шарты мен жарғы кіреді. Құрылтай құжаттары...

Толық оқу »

Заңды тұлғадан берешек, тұрақсыздық айыбы, өкілдік шығыстар сомасын өндіріп алу туралы

Заңды тұлғадан берешек, тұрақсыздық айыбы, өкілдік шығыстар сомасын өндіріп алу туралыЖШС арасында "...."2019 жылғы 04 қаңтардағы №3 сенімхат негізінде әрекет ететін Бас дирек...

Толық оқу »

16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден шығару Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

16-1-бап. Заңды тұлғаның филиалын (өкiлдiгiн) есептiк тiркеуден шығару Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы      Еске...

Толық оқу »

96-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

96-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен шығару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Салық органдары бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебінен...

Толық оқу »

78-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының тұрған жерінің) болуына байланысты құқықтар мен міндеттерді беруі кезінде салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

78-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеменің Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының тұрған жерінің) болу...

Толық оқу »

377-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату міндеттемесін тоқтату

377-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің заңды тұлғасын тарату міндеттемесін тоқтату Заңды тұлғалардың қызметін тоқтату тарату және қайта ұйымдастыру...

Толық оқу »

Заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі бойынша атқарушы орган басшысының өкілеттігі тоқтатылған

Заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі бойынша атқарушы орган басшысының өкілеттігі тоқтатылғанҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №...

Толық оқу »

747-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің дара кәсіпкерінің, заңды тұлғасының өкілдері

747-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің дара кәсіпкерінің, заңды тұлғасының өкілдері 1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзуш...

Толық оқу »

14-2-бап. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту мен толықтырудың хабарлама тәртібі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

14-2-бап. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу және өзге де мәліметтерін өзгерту мен толықтырудың хабарлама тәртібі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар...

Толық оқу »

7-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау Cот-сараптама қызметі туралы Заңы

7-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауC...

Толық оқу »

17-бап. Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы

      17-бап. Заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайыЕрекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы      1. Мемлекеттiк табиғат ескерткi...

Толық оқу »

189-бап. Заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының (оны алмастыратын адамның), сондай-ақ дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

189-бап. Заңды тұлғаның, заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының (оны алмастыратын адамның), сондай-ақ дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамн...

Толық оқу »

47-бап. Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі өзгерген, заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік иесі ауысқан, жұмыс беруші заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кездегі еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

47-бап. Жұмыс берушінің атауы, ведомстволық тиесілілігі өзгерген, заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) меншік иесі ауысқан, жұмыс беруші заңды тұлғ...

Толық оқу »

95-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою және тіркеу мәліметтерін өзгерту ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

95-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаны тіркеу есебіне қою және тіркеу мәліметтерін өзгерту ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Қызметін Қазақстан Республик...

Толық оқу »

691-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның салық органында тіркелмеген не мерзімдерін бұза отырып тіркелген Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменің құрылуына алып келетін қызметінен түсетін кірістеріне салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық кодексі

691-бап. Бейрезидент-заңды тұлғаның салық органында тіркелмеген не мерзімдерін бұза отырып тіркелген Қазақстан Республикасында тұрақты мекеменің құрылуына алып келетін қызметі...

Толық оқу »

Заңды компания заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы өйткені ол салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемейді

Заңды компания заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы өйткені ол салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемейдіКассациялық сатыдағы сот істі қарау кезін...

Толық оқу »