Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 70-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

70-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

70-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қорғаушы күдіктi, айыптауды теріске шығаратын немесе күдіктінің, айыпталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтау мақсатында қорғаудың барлық заңды құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажетті білікті заң көмегін көрсетуге мiндеттi.

      2. Қорғаушы:

      1) күдіктімен, айыпталушымен саны мен ұзақтығы шектелмейтін оңаша және құпия кездесуге;

      2) осы Кодексте көзделген тәртіппен, қылмыстық іс материалдарына міндетті түрде қоса тігілуге жататын, заң көмегін көрсету үшін қажетті нәрселерді, құжаттарды, мәліметтерді, сондай-ақ өзге де деректерді жинауға және ұсынуға;

      3) күдіктіден, айыпталушыдан жауап алуға, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтінішхаты не қорғаушының өз өтінішхаты бойынша жүргізілетін өзге де тергеу әрекеттеріне және процестік әрекеттерге, оның ішінде қарап-тексеруге, тінтуге, алуға қатысуға, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды жариялау кезінде күдіктіге қатысуға, сондай-ақ осы қаулыларды прокурор келіскеннен кейін олардың көшірмелерін алуға;

      4) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;

      5) жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шаралары, жасырын тергеу әрекеттері туралы деректер қамтылған іс материалдарын қоспағанда, іске кіріскен кезден бастап, өзінің қорғауындағы адамға қатысты істің мынадай материалдарымен:

      адамның жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызында, хабарында қамтылған дербес деректерді қоспағанда, осындай арыздармен, хабарлармен;

      оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің табылғанын растайтын, қолдарында бар құжаттар мен өзге де материалдарды (олар болған кезде) қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянатпен;

      қорғауындағы адамның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің және процестік әрекеттердің хаттамаларымен;

      өзінің қорғауындағы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының:

      бұлтартпау шарасын қолдану және бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы сот алдында өтінішхатты қозғау;

      сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын іс жүргізуге қабылдау;

      тергеу, жедел-тергеу тобын құру;

      қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілін белгілеу;

      оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, жәбірленуші деп тану;

      азаматтық талапкер деп тану;

      күдікті деп тану;

      күдіктінің іс-әрекетін саралау;

      бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қозғау;

      қорытынды беру үшін маманды тарту;

      сот сараптамасын тағайындау;

      мүлікке тыйым салуды қолдану;

      сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу;

      сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату;

      тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау;

      қорғау тарапының шағымдарын, өтінішхаттарын қарау нәтижелері;

      тінту, алу (олар аяқталғаннан кейін) жүргізу;

      тергеу экспериментін жүргізу;

      сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулылармен танысуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен олардың көшірмелерін түсіруге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан оларды алуға құқылы.

      Сонымен қатар, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен:

      маман, сарапшы қорытындысының, өзінің қорғауындағы адамға қатысты қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабардың;

      тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны және қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығын түсіндіру туралы хабарламаның көшірмелерін түсіруге құқылы.

      Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді және айыптау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық істің барлық материалымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметтерді жазып алуға, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен көшірмелерін түсіруге құқылы;

      6) өтінішхаттарды, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге;

      7) кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тыңдауға, сот талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау кезінде, соттың бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы кезінде, күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттарды қарау кезінде, тергеу судьясы қорғаушы тараптың шағымдары мен өтінішхаттарын қараған кезде, айғақтар сақтауға қою кезінде сот отырысына қатысуға;

      8) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға құқылы, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға және оған ескерту енгізуге;

      9) өзіне және өзінің қорғауындағы адамға табыс етілуге жататын процестік құжаттардың көшірмелерін алуға;

      10) қылмыстық процесті жүргізетін адамның және қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды процестік құжаттарға енгізуді талап етуге;

      11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым келтіруге және оларды қарауға қатысуға;

      12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;

      13) қорғауындағы адамның қатысуымен процестік әрекеттің өткізілетін уақыты мен орны туралы, сондай-ақ қорғаушы тараптың шағымдарын, бұлтартпау шарасын қолдану, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту, айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхаттарды қарауға байланысты барлық сот отырыстары туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган арқылы күні бұрын хабардар етілуге құқылы.

      3. Іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокат осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар, сондай-ақ:

      1) тергеу судьясы алдында куәның және жәбірленушінің айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат беруге;

      2) сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда тергеу судьясы алдында, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, күдіктіге, айыпталушыға, қорғалуға құқығы бар куәға білікті заң көмегін көрсету және олардың мүдделерін қорғау үшін қажет кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру туралы өтінішхат беруге;

      3) жасырын тергеу әрекетін қоспағанда, оның ішінде қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, тергеу судьясының алдында сараптама тағайындау не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тергеу әрекетін жүргізуі туралы өтінішхат беруге;

      4) істің мән-жайлары туралы бірдеңе білетін адамдардан сұрақ алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, сұрақ алуға және осылайша алынған нақты деректерді іс материалдарына қосып тігу туралы өтінішхат беруге;

      5) сарапшының, маманның іс бойынша қорытындыларын шарттық негізде алуға және осындай қорытындыларды іс материалдарына қосып тігу туралы өтінішхат беруге;

      6) тергеу судьясы алдында өзі бұрын сұрақ алған айғақ беру үшін келуін қамтамасыз ету қиындық туғызатын куәны қылмыстық процесті жүргізетін органға мәжбүрлеп әкелу туралы өтінішхат беруге құқылы.

      4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алуды аяқтағаннан кейін тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысатын қорғаушы жауап алынып жатқан адамдарға сұрақтар қоюға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қорғаушының сұрақтарын қабылдамауына болады, бiрақ берiлген сұрақтардың бәрiн хаттамаға енгiзуге мiндеттi. Қорғаушы тергеу әрекетiнiң хаттамасына оның жазбаларының дұрыстығы мен толықтығына байланысты жазбаша ескертулер жасауға құқылы.

      Қорғаушы ретінде процестік әрекетті жүргізуге қатысатын адвокат сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қатысуымен қорғалатын адамның өтініші бойынша қысқаша консультациялар беруге құқылы.

      5. Қорғаушы: өзiнiң қорғауындағы адамның мүдделерiне қарсы қандай да бір әрекеттер жасауға және оған тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруына кедергi келтіруге; қорғауындағы адамның ұстанымына қарамастан, оның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы барын және оны жасауда кiнәлi екенін мойындауға, қорғауындағы адамның жәбiрленушiмен татуласқаны туралы мәлiмдеуге; азаматтық талап қоюды мойындауға; қорғауындағы адам берген шағымдар мен өтiнiшхаттарды керi қайтарып алуға; заң көмегін көрсетуге өтiнiш бiлдiру және оны жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жариялауға құқылы емес.

      6. Қорғаушының осы Кодексте көзделген басқа да құқықтары бар және басқа да мiндеттерi болады.

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

751-бап. Қорғаушыдан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

751-бап. Қорғаушыдан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiл...

Толық оқу »

69-бап. Қорғаушыдан бас тарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

69-бап. Қорғаушыдан бас тартуҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Қорғалуға құқығы бар куә, күдіктi, айыпталушы, сотталушы іс бойынша іс жүргізудің к...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 69-бабына түсініктеме. Қорғаушыдан бас тарту

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 69-бабына түсініктеме. Қорғаушыдан бас тарту1. Күдікті, айыпталушы, сотталушы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде...

Толық оқу »

751-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қорғаушыдан бас тарту

751-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қорғаушыдан бас тарту 1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша...

Толық оқу »

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету ҚР ҚПК...

Толық оқу »

Статья 517. Участие защитника ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

Статья 517. Участие защитника ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. В производстве по делу о применении принудительных мер медицинского характера уча...

Толық оқу »

Шағым апелляциялық сот алқасына қорғаушының шағым арызын қараусыз қалдырылып, кері қайтару туралы қаулысының күшін жою

Шағым апелляциялық сот алқасына қорғаушының шағым арызын қараусыз қалдырылып, кері қайтару туралы қаулысының күшін жоюТүркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот...

Толық оқу »

Қорғаушыны қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуға жіберу / қылмыстық іс бойынша адвокаттан өтінішхат

Қорғаушыны қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуға жіберу / қылмыстық іс бойынша адвокаттан өтінішхатНазар аударымыз! "Заң және Құқық" адвокаттық кеңесіі, бұлақ құжатының ж...

Толық оқу »

Жақын туысын қорғаушы деп тану туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыға шағым

Жақын туысын қорғаушы деп тану туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулыға шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың н...

Толық оқу »

Тергеушіге қылмыстық іс бойынша өтінішхат / Қорғаушының ісі бойынша өтінішхатыНазар аударыңыз! «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақт...

Толық оқу »

495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Осы Кодекстің67-бабыныңбірінші...

Толық оқу »

67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуыҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер: 1) бұл туралы қ...

Толық оқу »

495-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің қадағалау сатысы сотына қорғаушының міндетті түрде қатысуының негіздері

495-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің қадағалау сатысы сотына қорғаушының міндетті түрде қатысуының негіздеріОсы Кодекстің 67-бабының б...

Толық оқу »

Күдіктінің қорғаушыларынан аудан прокурорына қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат

Күдіктінің қорғаушыларынан аудан прокурорына қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхатАлматы облысы Талғар ауданының прокурорынаЕ. Бекмановқакүдіктінің қорғаушылары u K. K.-адво...

Толық оқу »

296-бап. Күдікті мен оның қорғаушысын істің барлық материалдарымен таныстыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

296-бап. Күдікті мен оның қорғаушысын істің барлық материалдарымен таныстыру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүз...

Толық оқу »

536-бап. Қорғаушының қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

536-бап. Қорғаушының қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша осы Ко...

Толық оқу »

22-2-бап. Қорғаушыларымен, туысқандарымен және өзге адамдармен кездесулер Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы

22-2-бап. Қорғаушыларымен, туысқандарымен және өзге адамдармен кездесулерКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 67-бабына түсініктеме. Қорғаушының міндетті түрде қатысуы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 67-бабына түсініктеме. Қорғаушының міндетті түрде қатысуы1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қорғаушының қатысуы мына...

Толық оқу »

Комментарии к статье 94. отставка от участия в производстве по уголовному делу защиты, предъявителя потерпевшего (частичного обвинителя), гражданского истца или гражданского ответчика Угловно-процессуального кодекса Республики Казахстан

94-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің Қылмыстық қорғау дел бойынша іс жүргізуге қатысудан, жәбірленушінің (ішінара айыптаушының), азам...

Толық оқу »

95-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

95-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қа...

Толық оқу »

Тергеушіге қылмыстық іс материалдарына сарапшының қорытындысы қосу туралы өтінішхат

Тергеушіге қылмыстық іс материалдарына сарапшының қорытындысы қосу туралы өтінішхатТергеушіге Мақтаарал ауданы БББТүркістан облысы полиция департаментіМахамадову А. А.Адвокат...

Толық оқу »

274-бап. Күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

274-бап. Күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары ҚР ҚПК Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

750-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

750-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегiне ақы төлеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Қорғаушыны өзiне қатысты ә...

Толық оқу »

Қорғаушыдан тергеушіге жәбірленушілерден қосымша жауап алу жүргізу туралы өтініш

Қорғаушыдан тергеушіге жәбірленушілерден қосымша жауап алу жүргізу туралы өтінішАлматы қаласы Медеу ауданы ПБ жанындағы ББ аға тергеушісінеполиция майоры Кабитова Д. К.күдікті...

Толық оқу »

336-бап. Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

336-бап. Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Сотталушының қорғаушысы басты сот талқылауына осы Кодекстің 6...

Толық оқу »

Қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту | Тергеушігің қаулысына Шағым | Қорғаушының талап-тілегіНазар аударыңыз! «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпыл...

Толық оқу »

752-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

752-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Қорғаушы: iстiң барлық материалдарымен танысуға; iстi қарауға қат...

Толық оқу »

272-1-бап. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

272-1-бап. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1....

Толық оқу »

68-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, алмастыру, оның еңбегiне ақы төлеуҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Қорғаушы ретінде адвокатты қорғалуға құ...

Толық оқу »

749-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі қорғаушысының міндетті қатысуы

749-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі қорғаушысының міндетті қатысуы 1. Қорғаушының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс б...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 68-бабына түсіндірме. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 68-бабына түсіндірме. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу1. Адвокатты қорғаушы ретінде қо...

Толық оқу »

Қорғаушының іске қатысуы алдын-ала тергеу органдарын және сотты кәмелетке толмаған айыпкердің сезіктінің сотталушының заңды өкілін іске қатыстыру міндетінен босатпайды.

Қорғаушының іске қатысуы алдын-ала тергеу органдарын және сотты кәмелетке толмаған айыпкердің сезіктінің сотталушының заңды өкілін іске қатыстыру міндетінен босатпайды.Оңтүсті...

Толық оқу »

752-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қорғаушының өкілеттіктері

752-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін қорғаушының өкілеттіктері 1. Қорғаушы: істің барлық материалдарымен танысуға; істі...

Толық оқу »

Арыз тергеушіге күдіктінің туысқанын қосымша (қоғамдық) қорғаушы ретінде тануыңызды

Арыз тергеушіге күдіктінің туысқанын қосымша (қоғамдық) қорғаушы ретінде тануыңыздыММ ҚР ІІМ, Түркістан облысы Полиция департаментініңМақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің ағ...

Толық оқу »

Өзге де бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат / қорғаушының тергеу сотына өтініші

Өзге де бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат / қорғаушының тергеу сотына өтініші Назар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »

Алқабилердің қатысуымен істі қарау кезінде қорғаушының адвокаттың басты сот талқылауына қатысуы міндетті

Алқабилердің қатысуымен істі қарау кезінде қорғаушының адвокаттың басты сот талқылауына қатысуы міндеттіҚІЖК-нің 316-бабына сәйкес, сотталушының қорғаушысы ҚІЖК-нің 125-бабыны...

Толық оқу »

750-бапқа түсініктеме. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі

750-бапқа түсініктеме. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 1. Қорғаушыны өзін...

Толық оқу »

Өтінішхат қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру және материалдармен танысу туралы

Өтінішхат қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру және материалдармен танысу туралыММ ҚР ІІМ, Түркістан облысы Полиция департаментініңМақтаарал ауданы Полиция бө...

Толық оқу »

Тергеушінің Іс бойынша қорғаушының арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы қабылдаған Қаулысын – заңсыз деп тану

Тергеушінің Іс бойынша қорғаушының арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы қабылдаған Қаулысын – заңсыз деп тануВнимание! Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше в...

Толық оқу »

749-бап. Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

749-бап. Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге...

Толық оқу »

17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау...

Толық оқу »

Тергеушіге арыз күдіктіге қоғамдық (қосымша) қорғаушысы ретінде туысқанын тануын сұрау бойынша

Тергеушігеарыз күдіктіге қоғамдық (қосымша) қорғаушысы ретінде туысқанын тануын сұрау бойыншаММ ҚР ІІМ, Түркістан облысы Полиция департаментініңМақтаарал ауданы Полиция бөлімі...

Толық оқу »

Күдіктіні және қорғаушыны қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде оны күзетпен ұстауға тергеу судьясы санкция береді және ұзартады күдіктінің айыпталушының және оның қорғаушысының күзетпен ұсталатын қылмыстық іс материалдарымен танысу уақыты күзетпен ұстау мерзіміне кірмейді бірақ жаза тағайындалған кезде жалпы мерзімге есептеледі

Күдіктіні және қорғаушыны қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде оны күзетпен ұстауға тергеу судьясы санкция береді және ұзартады күдіктінің айыпталушының және оның қор...

Толық оқу »

Қорғаушының арызын қарамай қайтару бойынша Тергеу сотының қаулысына Апелляциялық шағым

Қорғаушының арызын қарамай қайтару бойынша Тергеу сотының қаулысына Апелляциялық шағым10 сәуір 2025 жылы Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық сотының тергеу судьясы Е.Б.Сламбе...

Толық оқу »

Тергеушіге қорғаушыны қылмыстық іске қатысуға жіберу туралы өтінішхат және қылмыстық іс материалдарымен танысу

Тергеушіге қорғаушыны қылмыстық іске қатысуға жіберу туралы өтінішхат және қылмыстық іс материалдарымен танысуҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіТүркістан облысының...

Толық оқу »

Тергеушіге Өтінішхат қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру туралы

Тергеушіге Өтінішхат қорғаушының қылмыстық іс бойынша қатысуға рұқсат беру туралыММ ҚР ІІМ, Түркістан облысы Полиция департаментініңМақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға...

Толық оқу »