Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 20-бап. Рейтинг беруге тыйым салынатын мүдделер қақтығысының тізбесі Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

20-бап. Рейтинг беруге тыйым салынатын мүдделер қақтығысының тізбесі Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Рейтинг беруге тыйым салынатын мүдделер қақтығысының тізбесі Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 

      1. Кредиттік рейтингтік агенттік мынадай мән-жайлар болған кезде:

      1) рейтинг берілетін тұлға кредиттік рейтингтік агенттіктің қызметіне елеулі ықпал ететін тұлға болғанда;

      2) кредиттік рейтингтік агенттікке елеулі ықпал ететін тұлғамен не тұлғалар тобымен байланысты немесе оларға қатысты үлестес тұлға болып саналатын тұлға рейтинг берілетін тұлғаның қызметін бақылауды жүзеге асырғанда немесе рейтинг берілетін осындай тұлғаға елеулі ықпал еткенде;

      3) кредиттік рейтингтік агенттік рейтинг берілетін тұлғаның қызметін бақылауды жүзеге асыратын немесе оған елеулі ықпал ететін тұлға болғанда;

      4) кредиттік рейтингтік агенттік, басшы қызметкерлер не рейтинг берілетін тұлғаның рейтингін және (немесе) рейтинг бойынша болжамын дайындауға қатысатын рейтингтік талдаушылар, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), ата-аналары және жұбайының (зайыбының) балалары рейтинг берілетін тұлғаның қаржы құралдарына немесе өзге де активтеріне тікелей немесе жанама түрде иелік еткенде;

      5) рейтингтік комитеттің мүшелері жұмыскердің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның немесе оны бақылауды жүзеге асыратын немесе оған елеулі ықпал ететін тұлға жұмыскерінің жұбайының (зайыбының) жақын туыстары болғанда;

      6) кредиттік рейтингтік агенттіктің орналастырылған акцияларының жалпы санының он және одан көп пайызына иелік ететін кредиттік рейтингтік агенттіктің акционері не кредиттік рейтингтік агенттіктің орналастырылған акцияларының жалпы санының он және одан көп пайызына тікелей немесе жанама түрде билік ететін тұлға:

      рейтинг берілетін тұлғаның жарғылық капиталын құрайтын дауыс беретін акцияларға тиесілі дауыстардың он және одан көп пайызын иеленгенде не оның рейтинг берілетін тұлғаға қатысты өзге мүліктік мүддесі болғанда;

      рейтинг берілетін тұлғаның немесе оны бақылауды жүзеге асыратын немесе оған елеулі ықпал ететін тұлғалардың басқару органдарының құрамына кіргенде;

      7) рейтингтік талдаушылар, кредиттік рейтингтік агенттіктің басшы қызметкерлері рейтинг берілетін тұлғаның немесе оны бақылауды жүзеге асыратын немесе оған елеулі ықпал ететін тұлғалардың басқару органдарының құрамына кіргенде не олардың рейтинг берілетін тұлғамен немесе оны бақылауды жүзеге асыратын немесе оған елеулі ықпал ететін тұлғалармен еңбек қатынасы бойынша байланысы болғанда;

      8) рейтинг берілетін тұлға кредиттік рейтингтік агенттік активтерінің баланстық құнының он және одан көп пайызы көлемінде осы агенттіктің кредиторы немесе кредиторды бақылауды жүзеге асыратын немесе оған елеулі ықпал ететін тұлға болғанда, рейтингті немесе рейтинг бойынша болжамды беруге құқылы емес, сондай-ақ кредиттік рейтингтік агенттік берілген рейтингке немесе рейтинг бойынша болжамға әсер ету немесе ықтимал әсер туралы ақпаратты дереу жариялайды.

      2. Кредиттік рейтингтік агенттік осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлардың туындау фактісін анықтауға міндетті.

      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар анықталған және олар жарияланған кезде кредиттік рейтингтік агенттік бар рейтингті немесе рейтинг бойынша болжамды қайта қарауға негіздердің бар-жоғын айқындайды, сондай-ақ осындай негіздер болған жағдайда кредиттік рейтингтік агенттіктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен рейтингке немесе рейтинг бойынша болжамға қатысты тиісті әрекеттер жасайды.

      4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шектеулер екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне, ұжымдық инвестициялаудың әртараптандырылған құралдарына және өзге қаржы құралдарын иеленуге қолданылмайды, мұндай иелену кредиттік рейтинг агенттікке немесе оның жұмыскерлеріне осы қаржы құралдарын ұсынатын қаржы институттарының қызметіне ықпал ету мүмкіндігін қамтамасыз етпейді.

      Кредиттік рейтингтік агенттік активтерді екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне, ұжымдық инвестициялаудың әртараптандырылған құралдарына, қаржы құралдарына және өзге де мүлікке оларды инвестициялаудың ең жоғары үлесі екінші деңгейдегі бір банктің және (немесе) қаржы құралдары эмитентінің және (немесе) бір басқарушы компанияның депозиттеріне салынған қаржы активтерінің жиынтық көлемінде он пайыздан аспайтындай етіп орналастыру арқылы қаржы активтерін әртараптандыруды қамтамасыз етеді.

      5. Кредиттік рейтингтік агенттік жұмыскерлерінің рейтинг берілетін тұлғалар мен рейтинг берілетін тұлға андеррайтерлерінің қызметіне қатысты рейтингтің деңгейіне әсер етуі мүмкін ұсынымдарды оларға тікелей немесе жанама түрде беруіне тыйым салынады.

 

 

 

Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 23 шілдедегі № 351-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау