Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-бап. Мүдделер қақтығысын басқаруға қойылатын жалпы талаптар Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

19-бап. Мүдделер қақтығысын басқаруға қойылатын жалпы талаптар Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Мүдделер қақтығысын басқаруға қойылатын жалпы талаптар Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 

      1. Кредиттік рейтингтік агенттіктің, оның акционерлерінің, рейтингтік талдаушыларының, оған елеулі ықпал ететін өзге де жұмыскерлер мен тұлғалардың кез келген орын алған немесе ықтимал мүдделер қақтығысының рейтингтерге және рейтингтер бойынша болжамдарға әсер етуін болғызбауға бағытталған саясатты, рәсімдерді және ішкі бақылау құралдарын қабылдауды және оларды сақтауын кредиттік рейтингтік агенттік қамтамасыз етеді.

      Кредиттік рейтингтік агенттік орын алған немесе ықтимал мүдделер қақтығысы рейтингтік талдаушылардың талдауы мен пайымдауларына әсер етуі мүмкін жағдайларда осындай мүдделер қақтығысын анықтауды, басқаруды және ашып көрсетуді қамтамасыз етеді.

      2. Кредиттік рейтингтік агенттік кредиттік рейтингтік қызметтің, рейтингтер мен рейтингтік талдаушылардың кредиттік рейтингтік агенттіктің акционерлері мен басқару органдарынан, сондай-ақ коммерциялық қызмет пен бизнесті дамытуға (маркетингтік қызметке, жұртшылықпен байланысқа, қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға) жауапты бөлімшелер мен адамдардан тәуелсіз болуын қамтамасыз ету мақсатында орын алған немесе ықтимал мүдделер қақтығысын болғызбаудың, анықтаудың, басқарудың және ашып көрсетудің өзі бекіткен қағидалары мен рәсімдерінің қолданылуын ішкі бақылау органдары арқылы бақылайды.

      3. Рейтингтік талдаушылардың, оның ішінде рейтингтік комитеттер төрағаларының, ішкі бақылау қызметінің, тәуекелдерді басқару бөлімшесінің жұмыскерлері сыйақысының мөлшері кредиттік рейтингтік агенттіктің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне және (немесе) кредиттік рейтингтік агенттіктің рейтинг берілетін тұлғадан алған кірісіне қарамастан белгіленеді.

      4. Кредиттік рейтингтік агенттік көрсететін қызметтерге төленетін ақының мөлшері мен рәсімдері берілген рейтингтің немесе рейтинг бойынша болжамның деңгейіне, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның берілген рейтингпен немесе рейтинг бойынша болжаммен келісуіне немесе келіспеуіне байланысты болмайтындай етіп айқындалады.

      5. Кредиттік рейтингтік агенттік өз қызметін қамтамасыз ету мақсатында активтермен жасалатын мәмілелерді, оның ішінде активтерді пайдалануға беру жөніндегі мәмілелерді жүзеге асырған кезде осы баптың 1-тармағының талаптарын сақтауға міндетті.

      6. Мыналарды:

      қаржы құралдарының орнықты даму және (немесе) қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келуі тұрғысынан оларды верификациялауды;

      ұйымдардың қызметіне, оның ішінде ұйымның қаржылық мүмкіндіктері мен тәуекелдерді басқару деңгейін растайтын баға беруді;

      ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді, оның ішінде қолданбалы зерттеулерді;

      экономикалық-математикалық модельдеу мен макроэкономикалық болжау құралдарын зерттеу мен әзірлеуді;

      өзге де кәсіптік, ғылыми, талдамалық және техникалық қызметті;

      деректерді, оның ішінде рейтингтік әрекеттерді жүзеге асыру туралы шарт жасасқан тұлғаларға тарату бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      осы Заңның 15 және 19-баптарында көзделген қызмет шеңберінде кредит төлеу қабілеттілігін бағалау, тәуекелдерді талдау және шешімдер қабылдау процестерін цифрландыру үшін бағдарламалық қамтылым құруды, дамытуды және ендіруді қоспағанда, кредиттік рейтингтік агенттіктің өзге де кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысуына, сондай-ақ консультациялық қызметтер көрсетуіне тыйым салынады.

      Кредиттік рейтингтік агенттік осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда жоғарыда аталған қызмет түрлерін көрсетеді.

 

 

 

 

Кредиттік рейтингтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 23 шілдедегі № 351-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау