Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Нормативтік қаулы / 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 951-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 9-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 қазандағы № 32-НҚ нормативтік қаулысы

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 951-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 9-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 қазандағы № 32-НҚ нормативтік қаулысы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 951-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 9-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 қазандағы № 32-НҚ нормативтік қаулысы

 

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Төраға Э.Ә. Азимова, судьялар А.Қ. Ескендіров, А.Е. Жатқанбаева, А.Қ. Қыдырбаева, Қ.С. Мусин, Б.М. Нұрмұханов, Р.А. Подопригора, Е.Ж. Сәрсембаев және С.Ф. Ударцев қатысқан құрамда, конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды, өзге де тұлғаларды шақырмай және тыңдаулар өткізбей,

       өзінің ашық отырысында С.М. Ахметжановтың 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – АК (Ерекше бөлім) 951-бабы 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының (бұдан әрі – ЖС НҚ) 9-тармағының Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 16, 29 және 76-баптарына сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады.

      Баяндамашы – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы А.Е. Жатқанбаеваны тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық нормаларына талдау жасай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

 анықтады:

       Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына (бұдан әрі – Конституциялық Сот) АК-нің (Ерекше бөлім) 951-бабы 2-тармағының және ЖС НҚ-ның 9-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі – Конституция) сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.

       АК-нің (Ерекше бөлім) 951-бабының 2-тармағына сәйкес моральдық зиянды, көрсетілген баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кiнәсі болған кезде зиян келтiрушi өтейдi. ЖС НҚ-ның 9-тармағына сәйкес АК-нің (Ерекше бөлім) 917-бабының 1-тармағына және 951-бабының 2-тармағына сәйкес моральдық зиянның орнын толтыру бойынша міндеттеме мынадай негіздер: тікелей жеке тұлғаға қатысты осы адамның заңмен қорғалатын жеке мүліктік емес құқықтарына және игіліктеріне қол сұғатын құқық бұзушылық (деликт) жасалған; құқық бұзушылық пен жәбірленушіге келтірілген зиян мен ол қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарына тиесілі жеке мүліктік емес құқықтардың бұзылуы мен жан азабына немесе тән азабына әкеп соқтырған, оған тиесілі жеке мүліктік емес құқықтардың бұзылуы арасындағы себепті байланыс болған; заңмен көзделген кінәсіз жеке мүліктік емес зиянды өтеу жағдайларынан басқа, зиян келтірушінің кінәсі болған кезде туындайды. Жоғарыда аталған негіздердің кез келгенінің болмауы жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау мүмкіндігін жоққа шығарады, өйткені олар бұзылмаған деп көзделеді.

       Өтініштен өтініш берушінің ұстап алынғанын, жеке басы жете тексерілгенін және медициналық куәландырылғанын, кейіннен әкімшілік айыппұл тағайындала отырып, әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын түсінуге болады. Іс Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚбК) 741-бабы бірінші бөлігі 2) тармақшасының негізінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған, кейіннен өтініш беруші өзіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының заңсыз қолданылу фактісі бойынша моральдық зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінген.

       Соттар моральдық зиянның орнын толтырудан бас тартуды ЖС НҚ-ның 9-тармағымен уәждейді.

      Өтініш субъектісі заңнамада белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартылған кезде моральдық зиянды өтеу туралы ережелер әкімшілік қамаққа алуды тағайындау жағдайларымен ғана шектеледі, осылайша азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруына кедергі келтіреді деп ойлайды.

       АК-нің (Ерекше бөлім) 951-бабы 2-тармағының және ЖС НҚ-ның 9-тармағының конституциялылығын тексеру кезінде Конституциялық Сот мыналарды негізге алады.

  1. Конституцияда Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары (1-баптың 1-тармағы), заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады деп бекітіледі.

       Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең (14-баптың 1-тармағы), өмір сүру (15-баптың 1-тармағы), жеке бас бостандығы (16-баптың 1-тармағы), жеке өмірге қол сұғылмау, өзінің және отбасы құпиясының болу, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалу (18-баптың 1-тармағы), денсаулықты сақтау (29-баптың 1-тармағы) құқықтары және адамға тумысынан тиесілі басқа да құқықтар мен бостандықтар Негізгі Заңға сәйкес танылады және оларға кепілдік беріледі (12-баптың 1-тармағы). Жинақтай келгенде аталған құқықтар мен бостандықтар Конституция, заңдар мен өзге де құқықтық актілер қорғайтын мызғымас әлеуметтік игілік ретінде жеке адамның толыққанды, үйлесімді даму құқығын және оның қадір-қасиетіне қол сұғылмауды (17-баптың 1-тармағы) қамтамасыз етеді. Бұл тәсіл 1948 жылғы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының бағытымен және мазмұнымен үйлеседі, онда "барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс." (1-бап) деп бекітілген.

       Мемлекет адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы өз міндеттемелерін іске асыра отырып, кез келген қолсұғушылықтарға, оның ішінде моральдық және материалдық зиян келтіруі мүмкін қолсұғушылықтарға жол бермеу арқылы оларды қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ зардап шеккенге өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен, атап айтқанда, сотқа жүгіну арқылы қорғау (Конституцияның 13-бабының 1 және 2-тармақтары) мүмкіндігін беруге міндетті. Сот билігі өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды (Конституцияның 76-бабының 1-тармағы). Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар келтірген зиянды өтеу жағдайлары ерекше құқықтық регламенттеуге жатады.

      Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) келтірілген моральдық зиянның, зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан, орнын толтыру азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.

  1. Адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудің маңызды элементі бола отырып, зиянды өтеу заңмен қорғалатын мүліктік немесе мүліктік емес игіліктегі қолайсыз өзгерістердің орнын толтыруға бағытталған.

       Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына құқыққа сыйымсыз әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген зиянды (мүліктік және (немесе) мүліктік емес) зиян келтірген тұлға толық көлемде өтеуге тиіс (АК-нің (Ерекше бөлім) 917-бабының 1-тармағы). Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1985 жылы 29 қарашадағы 40/34 қарарымен қабылданған Қылмыс және билікті асыра пайдалану құрбандары үшін әділ сот төрелігінің негізгі ұстанымдары туралы декларацияның 1 және 4-тармақтарына сәйкес келеді, онда жекеше немесе ұжымдық түрде зиян келтірілген, оның ішінде дене жарақаты, моральдық және материалдық залал, эмоционалдық азап, билікті қылмысты түрде асыра пайдалануға тыйым салатын заңдарды қоса алғанда, қолданыстағы ұлттық заңдарды бұзатын әрекет немесе әрекетсіздік салдарынан негізгі құқықтарына айтарлықтай нұқсан келтірілген тұлғалардың сот төрелігі тетіктеріне қол жеткізу құқығына және келтірілген залал үшін ұлттық заңнамаға сәйкес жедел түрде өтемақы алуына кепілдік беріледі.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы мәселелері жөніндегі сот практикасын қорыта отырып, бұзылуы, айырылуы немесе кемсітілуі зардап шеккенге моральдық зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар деп азаматтың жеке басымен тұтасымен байланысты әрі оған тумысынан тиесілі игіліктерді немесе заңмен берілген құқықтарды түсіну қажет деп түсіндірді. Адамға тумысынан тиесілі игіліктерге – өмірін, денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін, бостандығын, жеке басына қол сұғылмаушылықты, ал азаматтың заңмен берілген құқықтарына тұрғын үйіне немесе меншігіне қол сұғылмаушылық, жеке өмірінің және отбасының құпиясы, телефон, телеграф хабарларының және хат алысу құпиясы; атын пайдалану; өз бейнесіне; авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамада көзделген авторлық және басқа да жеке мүліктік емес құқықтар; еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерін таңдау, анық ақпарат алу құқығын, сондай-ақ заңнамада көзделген басқа да құқықтарды жатқызуға болады (ЖС НҚ-ның 3-тармағы).

       1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) (бұдан әрі – АК (Жалпы бөлім) азаматтық құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету шараларының жүйесі бекітіледі, олардың арасында азаматтық-құқықтық тәртіппен іске асырылатын моральдық зиянды өтеу құқығы бар. Бұл ретте АК-нің (Жалпы бөлім) 141-бабының 3-тармағында егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, құқық бұзған адамның кінәсіне қарамастан, жеке мүліктік емес құқықтар қорғалуға тиіс. Қорғау туралы талап қойған адам өзінің жеке мүліктік емес құқығының бұзылуын нақты дәлелдеуге тиіс деп көзделеді.

  1. Моральдық зиянды өтеу дегеніміз қандай да бір құқыққа сыйымсыз әрекеттерді жасау салдарынан туындаған эмоциялық күйзелістер не физикалық ауырсыну, кемшілік, ыңғайсыздық және басқа сезімдер үшін материалдық өтемақы алу мүмкіндігі болып табылады.

       Заң шығарушы моральдық зиянды өтеудің аражігін оның келтірілу мән-жайларына қарай ажыратады. Мемлекеттік органдар (лауазымды адамдар) келтірген зиянды, оның ішінде моральдық зиянды өтеу кезінде ерекше рәсімдер көзделген: мемлекеттік органдардың заңнамалық актілерге сәйкес келмейтін актілерді шығаруы (АК-нің (Ерекше бөлім) 922-бабы), анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттері (АК-нің (Ерекше бөлім) 923-бабы). Аталған ережелерде зиян келтірушінің кінәсін дәлелдемей зиянның орнын толтыру міндеті белгіленеді, бұл билік өкілеттігі берілген субъектінің өзіндік ерекшелігіне байланысты.

       Осы ережелерді тәптіштей отырып, заң шығарушы АК-нің (Ерекше бөлім) 951-бабының 3-тармағында зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан моральдық зиян: 1) зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы келтірілген; 2) зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды, үйқамақты немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алуды заңсыз қолданудың, қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген; 3) зиян ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілген кезде; 4) заңнамалық актілерде көзделген өзге де жағдайларда өтеледі деп айқындалады.

       Барлық өзге жағдайларда АК-де (Ерекше бөлім) зиян келтірушінің кінәсі болған кезде ғана моральдық зиян өтеледі деп белгіленген (951-баптың 2-тармағы).

  1. АК-нің (Ерекше бөлім) 951-бабының 1-тармағында моральдық зиян – өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалу салдарынан жан азабын немесе тән азабын басынан кешірген жеке тұлғаға, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда, оның жақын туыстарына, жұбайына (зайыбына) өтеледі деп көзделеді. Бұл ереже ЖС НҚ-ның моральдық зиян жан азабын және тән азабын басынан өткізген жеке тұлға қайтыс болған жағдайда жақын туыстарына өтелетіні анық жазылмаған 9-тармағында өзінің толық мағынасында көрініс табуға тиіс. Жоғарғы Соттың түсіндірмесінде моральдық зиян өтелетін субъектілер тобы тарылған, оларға жұбайы (зайыбы) көрсетілмей, тек жақын туыстары жатқызылған.

       Бұдан басқа, Конституциялық Сот заң шығарушының назарын АК-нің (Ерекше бөлім) 951-бабы 3-тармағының 4) тармақшасы заңнамалық актілерге сілтеме жасайтынына аударады, ал Конституцияның 61-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне қатысты негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға құқылы.

       Осы жазылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 3-тармағын, 74-бабының 3-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабы 4-тармағының 3) тармақшасын, 49-бабының 6-тармағын, 55 – 58, 62-баптарын, 64-бабының 3-тармағын және 65-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

 қаулы етеді:

  1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 951-бабының 2-тармағы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысының 9-тармағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы нормативтік қаулыда қамтылатын құқықтық ұстанымдарына сәйкес:

       Қазақстан Республикасының Үкіметіне – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) өзгерістер енгізу туралы;

       Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарау ұсынылсын.

  1. Осы нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.
  2. Осы нормативтік қаулы заңнамалық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде және Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

      Қазақстан Республикасының

 

 

Конституциялық Соты

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

Құжатты жүктеп алу

Полицияға моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қою үшін мәліметтер беру туралы сұрау салу

Полицияға моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қою үшін мәліметтер беру туралы сұрау салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың...

Толық оқу »

Аудандық соттың моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздарды қанағаттандыру туралы шешіміне апелляциялық шағым

Аудандық соттың моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздарды қанағаттандыру туралы шешіміне апелляциялық шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назар...

Толық оқу »

Азаматтық талап қою арқылы мүліктік залал мен моральдық зиянды өтеу туралы Адам саудасына қатысты істер бойынша азаматтық талап қою

Азаматтық талап қою арқылы мүліктік залал мен моральдық зиянды өтеу туралы Адам саудасына қатысты істер бойынша азаматтық талап қоюАдам саудасына қатысты істерді қарау кезінде...

Толық оқу »

Тісті имплантациялау бойынша материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа кері қайтарып алу

Тісті имплантациялау бойынша материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа кері қайтарып алуАлматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотынаталапкер: А Г...

Толық оқу »

Сот актісіне апелляциялық шағым - Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау және моральдық зиянды өндіріп алу

Сот актісіне апелляциялық шағым - Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау және моральдық зиянды өндіріп алуНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжа...

Толық оқу »

Соттар моральдық зиянды өндіріп алу туралы материалдық құқықтың нормаларын дұрыс қолданды, осыған байланысты кассациялық сатыда іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жоюға негіз болған жоқ.

Соттар моральдық зиянды өндіріп алу туралы материалдық құқықтың нормаларын дұрыс қолданды, осыған байланысты кассациялық сатыда іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жою...

Толық оқу »

Моральдық зиян, моральдық және физикалық азап шегу дәрежесін және олардың жәбірленуші үшін салдарын ескере отырып, моральдық зиянды анықтау

Моральдық зиян, моральдық және физикалық азап шегу дәрежесін және олардың жәбірленуші үшін салдарын ескере отырып, моральдық зиянды анықтауАстана қаласы Алматы ауданы № 2 ауда...

Толық оқу »

Аудандық сотқа тұтынушының құқықтарын қорғау, залалды өтеу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою.

Аудандық сотқа тұтынушының құқықтарын қорғау, залалды өтеу және моральдық зиянды өтеу туралы талап қою.Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотына.Талапкер: АГТ23.03. 19...

Толық оқу »

Талап арыз материалдық және моральдық залалды өндіру туралы адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін әрекеттері бойынша

Талап арыз материалдық және моральдық залалды өндіру туралыадамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiтетін, төмендететін әрекеттері бойыншаАлматы облысы Іле ауданы...

Толық оқу »

Стоматологиялық қызметтер бойынша материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа қарсы пікір

Стоматологиялық қызметтер бойынша материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа қарсы пікірАлматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотынаталапкер: А. Г...

Толық оқу »

Тісті имплантациялау бойынша стоматологиялық қызметтердің материалдық залалы мен моральдық зиянын өндіріп алу туралы талапқа кері қайтарып алу

Тісті имплантациялау бойынша стоматологиялық қызметтердің материалдық залалы мен моральдық зиянын өндіріп алу туралы талапқа қарсы пікірАлматы қаласы Алмалы ауданының № 2 ауда...

Толық оқу »

Қызметкерлердің штаты қысқартылған кезде жалақыны, өтемақы төлемдерін, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін, өсімпұл мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы

Қызметкерлердің штаты қысқартылған кезде жалақыны, өтемақы төлемдерін, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерін, өсімпұл мен моральдық зиянды өндіріп...

Толық оқу »

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралы

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралыТалап қоюшы А. жауапкер К.-ға өз бетімен салынған құрылы...

Толық оқу »

Бас бостандығынан айыру және моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыру негізсіз деп танылды

Бас бостандығынан айыру және моральдық зиянды өтеу мөлшерін айқындау түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыру негізсіз деп танылдыҚарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотыны...

Толық оқу »

Моральдық зиянның ар-намысын, қадір-қасиетін және өтемақысын қорғау туралы талап арызға шолу

Моральдық зиянның ар-намысын, қадір-қасиетін және өтемақысын қорғау туралы талап арызға шолуНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар кеңсесі сіздің назарыңызды осы құжатты...

Толық оқу »

Электр қуатын өшіру жөніндегі талап арыз заңсыз және моральдық залалды өндіріп алу

Электр қуатын өшіру жөніндегі талап арыз заңсыз және моральдық залалды өндіріп алуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екенді...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылық

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылы...

Толық оқу »

866-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің моральдық зиян салдарын жою

866-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің моральдық зиян салдарын жою 1. Адамды оңалту туралы шешім қабылдаған Орган (лауа...

Толық оқу »

Кінәлінің жан күйзелісінің кенеттен және жәбірленушінің моральға жат әрекетімен тікелей байланысты пайда болуы жан күйзелісі жағдайында адам өлтірудің саралау белгілері болып табылады.

Кінәлінің жан күйзелісінің кенеттен және жәбірленушінің моральға жат әрекетімен тікелей байланысты пайда болуы жан күйзелісі жағдайында адам өлтірудің саралау белгілері болып...

Толық оқу »

Тәртіптік жаза қолдану, сыйлықақы төлемдерін өндіріп алу, моральдық зиянды өтеу туралы бұйрықтың күшін жою

Тәртіптік жаза қолдану, сыйлықақы төлемдерін өндіріп алу, моральдық зиянды өтеу туралы бұйрықтың күшін жоюСот талапкердің сыйлықақы төлеу үшін жұмысына баға бере алмайды, сыйл...

Толық оқу »

866-бап. Моральдық зиян салдарларын жою Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

866-бап. Моральдық зиян салдарларын жою Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Тұлғаны ақтау туралы шешiм қабылдаған орган (лауазымды адам)...

Толық оқу »

Материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап-арызға қарсы пікір

Материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап-арызға қарсы пікірАлматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотынаталапкер: АА га ТыштықбайқызыЖСН ....,тұрғы...

Толық оқу »

18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы

18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы      1. Туристерге келтiр...

Толық оқу »

Қылмыстық жауапкершілікке тарту | қорлау Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау / жала жабу көрінеу жалған мәліметтер тарату / моральдық зиянды өндіріп алу

Қылмыстық жауапкершілікке тарту | қорлау Ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау / жала жабу көрінеу жалған мәліметтер тарату / моральдық зиянды өндіріп алуСот ашық сот отырысында...

Толық оқу »

Еңбекке қабілеттілігінен айырылғаны, моральдық залал және емдеуге арналған қосымша шығыстар үшін моральдық зиянды өтеу және бұйрықты жарамсыз деп тану туралы талап

Еңбекке қабілеттілігінен айырылғаны, моральдық залал және емдеуге арналған қосымша шығыстар үшін моральдық зиянды өтеу және бұйрықты жарамсыз деп тану туралы талапАлматы облыс...

Толық оқу »

Моральдық зиянды өтеу мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер

Моральдық зиянды өтеу мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерМоральдық зиянды өтеу мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылад...

Толық оқу »

Азаматтық талап арыз қылмыстық процестегі іс бойынша материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы

Азаматтық талап арызқылмыстық процестегі іс бойынша материалдық және моральдық зиянды өндіру туралыАлматы қаласының қылмыстық істер жөніндегімамандандырылған ауданаралық сотын...

Толық оқу »

Моральдық зиянды өтеу бөлігінде талап қою талаптарын азайту туралы талап қоюды қабылдау туралы өтініш

Моральдық зиянды өтеу бөлігінде талап қою талаптарын азайту туралы талап қоюды қабылдау туралы өтінішАлматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотына.Іс № 7520-25-00-2 \ 1852...

Толық оқу »

352-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің міндеттемелерін бұзумен келтірілген моральдық залалды өтеу

352-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің міндеттемелерін бұзумен келтірілген моральдық залалды өтеу ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқса...

Толық оқу »

Стоматологиялық қызметтерді тиісінше көрсетпеу бойынша материалдық залалды және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа кері қайтарып алу

Стоматологиялық қызметтерді тиісінше көрсетпеу бойынша материалдық залалды және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талапқа кері қайтарып алуМаңғыстау облысы бойынша Ақтау қал...

Толық оқу »

Жол-көлік оқиғасы немесе жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған жәбірленушілердің жақын туыстарына келтірілген моральдық зиянды өтеу

Жасалған қылмыс, ЖКО немесе жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқан жәбірленушілердің жақын туыстарына моральдық зиянды өтеуЖасалған қылмыс, ЖКО немесе өндірістегі жазатайым оқ...

Толық оқу »

21-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның моральдық зиянын өтеу құқығы

21-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның моральдық зиянын өтеу құқығы Сатушының (дайындаушының, Орындаушының) Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтары...

Толық оқу »

Азаматтық сот алқасының моральдық зиян мен залалды өтеу туралы қаулысын қайта қарау туралы

Азаматтық сот алқасының моральдық зиян мен залалды өтеу туралы қаулысын қайта қарау туралы2023 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөнінде...

Толық оқу »

Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту және моральдық зиянды өтеу салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы талап арыз

Қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту және моральдық зиянды өтеу салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы талап арызНазар аударыңыз! Заң және құқық адвокаттар ке...

Толық оқу »

Еңбек даулары бойынша бұйрықтың күшін жою, жұмысқа қайта алу, жалақы және моральдық зиян үшін өтемақы өндіру туралы

Еңбек даулары бойынша бұйрықтың күшін жою, жұмысқа қайта алу, жалақы және моральдық зиян үшін өтемақы өндіру туралыТалап қоюшы К. жауапкер «B» АҚ-ға (Банк) 2018 жылғы 12 қазан...

Толық оқу »

Ұжымдық келісіммен қарастырылған шарттарға тәуелді және тәуелді емес моральдық зиянның көлемін анықтау

Ұжымдық келісіммен қарастырылған шарттарға тәуелді және тәуелді емес моральдық зиянның көлемін анықтауТалапкер С.З.С-тов өзінің талаптарын «Корпорации «Казахмыс» кәсіпорындары...

Толық оқу »

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру | дене жарақатын келтіру / Әкімшілік құқық бұзушылық / моральдық зиянды өтеу және залалды өндіріп алу ҚР

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру | дене жарақатын келтіру / Әкімшілік құқық бұзушылық / моральдық зиянды өтеу және залалды өндіріп алуҚостанай облысының Жітіқара ауданд...

Толық оқу »

Материалдық зиян - сот мөлшерін өз қалауына қарай айқындай алатын моральдық залал емес материалдық зиян өндіру туралы талап нақты есептік құжаттармен сандық деректермен

Материалдық зиян - сот мөлшерін өз қалауына қарай айқындай алатын моральдық залал емес материалдық зиян өндіру туралы талап нақты есептік құжаттармен сандық деректерменҚ. сотқ...

Толық оқу »

Жәбірленушіге келтірілген моральдық және материалдық залалды өтеу бойынша ешқандай шара қолданбаған, оған және оның жақындарынан кешірім сұрамаған

Жәбірленушіге келтірілген моральдық және материалдық залалды өтеу бойынша ешқандай шара қолданбаған, оған және оның жақындарынан кешірім сұрамағанМәселен, БҚО Орал қалалық сот...

Толық оқу »

Азаматтың денсаулығына келтірілген зиянды немесе қайтыс болғанда моральдық зиянды өтеу туралы

Азаматтың денсаулығына келтірілген зиянды немесе қайтыс болғанда моральдық зиянды өтеуСоттардың мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондайақ қайтыс болуына байлан...

Толық оқу »

Жол-көлік оқиғасының салдарына келтірілген материалдық залал мен моральдық зиянды өтеу

Жол-көлік оқиғасының салдарына келтірілген материалдық залал мен моральдық зиянды өтеуСот ашық сот отырысында талап бойынша азаматтық істі қарады: П.В. В. к. т. б. б. материал...

Толық оқу »

Біржолғы сақтандыру төлемін, өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды, өндірістік жарақат алуына байланысты моральдық зиянның орнын толтыруды өндіріп алу

Біржолғы сақтандыру төлемін, өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды, өндірістік жарақат алуына байланысты моральдық зиянның орнын толтыруды өндіріп алуСақтандыру комп...

Толық оқу »

Ар-намысты, қадір-қасиетті, іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өндіріп алу туралы даулар

Ар-намысты, қадір-қасиетті, іскерлік беделді қорғау және моральдық зиянды өндіріп алу туралы дауларЛ.О., и., в., Б. ар-намысты, қадір-қасиетті, іскерлік беделді қорғау және мо...

Толық оқу »