Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

Бұған дейін жүргізілген Талдауда атқарушылық іс жүргізу тараптары болып табылмайтын тұлғалардың талап қою мәселесі егжей-тегжейлі қарастырылғанына қарамастан, атқарушылық құжатты орындау кезінде сот орындаушыларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту бойынша іске қатысушы тұлғалардың шеңберін дұрыс айқындамауға байланысты даулар әлі де орын алуда.

Заңның 127-бабына сәйкес сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөніндегі шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ осындай әрекеттерді жасаудан бас тартуына өндіріп алушы немесе борышкер сотқа шағым жасай алады. Шағым Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.

Атқарушылық құжатты орындау жөніндегі сот орындаушыларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту бойынша іске қатысушы тұлғалардың шеңбері Заңның 127-бабында айқындалған және осы норманы қолдану кезінде проблемалық мәселелер туындамайды.

Жалпылау нәтижелері көрсеткендей, практикада атқарушылық іс жүргізудің тарапы болып табылмайтын тұлғалардың талап қою жағдайлары кездеседі.

Мысалы, «НУР-Сервис Строй» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Қостанай қаласының сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық органының сот орындаушыларына қатысты аяқталмаған құрылыс объектісін – «Қостанай қаласында пайдаланудан шыққан ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жарату зауытын салу» объектісін сипаттау және тәркілеу, кейіннен беру жөніндегі әрекеттер жасалған сот актісін және атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға беруден бас тарту әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

(6001-24-00-6ап/2283).

Қаралып отырған жағдайда жергілікті соттар дау әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды деген қорытындыға келген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жергілікті соттардың қаралып отырған дау меншік құқығына дау айтуға байланысты екенін, ал жария-құқықтық қатынастардағы лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне қатысты емес екенін дұрыс анықтағанын атап өтті. Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде «ауыртпалық түсіретін» сипатқа ие, яғни талап қоюшының құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер ететін әкімшілік актілерге, әрекеттерге және әрекетсіздікке шағым жасауға болады.

Алайда бұл жағдайда сот орындаушылары сот берген атқарушылық құжат шеңберінде әрекет етіп, қылмыстық жолмен табылған деп танылған мүлікті тәркілеу туралы сот үкімін орындаған. Осыған байланысты дау Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен, ҚР Азаматтық процестік кодексінің 251-бабына сәйкес мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қою арқылы не Қылмыстық-процестік кодексте белгіленген тәртіппен шешілуге тиіс болған.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің 251-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өндіріп алу қолданылған мүліктің тиесілілігіне байланысты құқық туралы дау сотта талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қаралады.

251-баптың 2-бөлігінде мүлікті тыйым салудан босату (тізімдемеден алып тастау) туралы талаптарды меншік иелері немесе мүлікке шаруашылық жүргізу, оралымды басқару, жалдау, тұрақты жер пайдалану құқығында не заңда немесе шартта көзделген өзге де негізде иелік ететін тұлғалар бере алатыны көзделген.

Осы баптың 3-бөлігіне сәйкес мүлікті тыйым салудан босату туралы талаптар борышкерге және өндіріп алушыға қойылады.

Осылайша, тыйым салынған мүлікті және өзге де ауыртпалықтарды алып тастау туралы, сондай-ақ тыйым салынған мүлікке талаптанатын, яғни құқық туралы дау мәлімдейтін тұлғалар берген талап қоюлар тек азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының Шуваев Д.А.-ның жеке сот орындаушысы Ақжанов С.К.-ға қатысты әрекетсіздікті заңсыз деп тану туралы әкімшілік іс бойынша ұйғарымымен талап қою әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтындықтан қайтарылған (5994-24-00-4/445).

Сот атқарушылық іс жүргізу шеңберінде «Фридом Банк Қазақстан» АҚ пайдасына ЖК Рахматуллина С.И.-ден берешекті өндіріп алу туралы іс бойынша талап қоюшының 2024 жылғы 16 тамыздағы сатып алу-сату шартына сәйкес тұрғын үй мен жер учаскесін сатып алғанын анықтаған.

Мәміле мемлекеттік тіркеуден өткен.

2025 жылғы 20 маусымда «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген кезде жылжымайтын мүлік объектісіне жеке сот орындаушысы Ақжанов С.К. 2024 жылғы 19 тамызда ауыртпалық салғаны анықталған.

Талап қоюшының жеке сот орындаушысына тыйымды алып тастау туралы өтініш жасауына қарамастан, соңғысы әрекетсіздік танытып, ауыртпалықты алып тастамаған.

Талап қоюшының түсініктемелерінен талап қоюмен жүгінудегі мақсаты өзіне тиесілі жылжымайтын мүліктен тыйымды алып тастау болып табылатыны анықталған.

Осылайша, ұқсас дауларды шешу кезінде соттар талап қоюды қайтаруға тиіс, өйткені бұл құқық туралы дау болып табылады және ол азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

Сондай-ақ даулар мынадай мәселелер бойынша туындайды:

  • мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы, бастапқы сату құнын белгілей отырып шығарылған сот шешімдерін орындау;
  • борышкерлер тізіліміне енгізу және одан шығару.

Қазақстан Республикасының «Ипотека туралы» Заңының 21-бабы 3-тармағына сәйкес, ипотекалық шарт бойынша кепілге салынған жылжымайтын мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы шешім қабылдаған кезде сот кепілге салынған жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде оның бастапқы сату бағасын айқындауға және оны шешімде көрсетуге тиіс.

«Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес, соттың заңды күшіне енген, кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы, оның бастапқы сату құнын сот айқындаған шешімі болған кезде, осы сот шешімін орындау шеңберінде қайта бағалау жүргізу талап етілмейді. Мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 12) тармақшасына сәйкес қайтарылуға тиіс, өйткені ӘРПК шеңберінде борышкерлер жеке сот орындаушысының мүлікті сот белгілеген құн бойынша өткізу жөніндегі әрекеттеріне дау айтады.

Соттардың кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы, бастапқы сату құнын белгілей отырып шығарған шешімдерін орындау барысында бағалау тағайындаудың қажеттілігіне қатысты даулар туындайды.

Атқарушылық іс жүргізу тараптары, әдетте, сот шешімі шығарылған күннен бастап едәуір уақыт өткенін, сот айқындаған құнның өзектілігін жоғалтқанын және мүлікті төмендетілген баға бойынша өткізу атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтарының бұзылуына алып келетінін негізге алады.

Алайда ҚР Азаматтық процестік кодексінің 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері барлығы үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің 241-бабының 4-бөлігіне сәйкес атқару құжатында шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз) көрсетілуге тиіс.

Осылайша, сот шешімі оның мәтініне қатаң сәйкестікте орындалуға тиіс.

Демек, қайта бағалау жүргізуге негіз де, қажеттілік те жоқ.

Сонымен қатар мүліктің нарықтық құнының қарқынды өзгеруін ескере отырып, бірқатар азаматтық соттар мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы шешім шығарған кезде нақты құнды көрсетпей, мүлікті мәжбүрлеп өткізу кезінде жеке сот орындаушысы айқындаған нарықтық құн бойынша өткізудің қажеттігін көрсетеді. Аталған практика тараптардың мүдделеріне неғұрлым сәйкес келеді деп есептейміз.

Сондай-ақ кейбір соттар жоғарыда көрсетілген Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының тармағына өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Атап айтқанда, сот бастапқы сату құнын белгілеген кезден бастап бір жылдан астам уақыт өткен жағдайда, өткізілуге жататын мүлік атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қайта бағалануға тиіс екенін көрсету ұсынылады.

«Ипотека туралы» Заңның 21-бабына өзгерістер енгізілмейінше, аталған ұсынысты іске асыру мүмкін емес деп есептейміз. Бұдан басқа, бұл мәселені ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьяларымен талқылау қажет деп санаймыз.

Сонымен қатар атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер әкімшілік талап қоюларды борышкерлер тізіліміне енгізу/одан шығару мәселелері бойынша да береді.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 36-бабына сәйкес уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындау жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті мақсаттарда Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді. Борышкерлер туралы мәліметтер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.

Тізілімді қалыптастыруға және жүргізуге жауапты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады.

Бұл ретте Борышкерлердің бірыңғай тізілімі атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады және жүргізіледі.

Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтерді, үш айдан астам мерзімді өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізуде берешегі жоқ борышкерлер туралы мәліметтерді, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдау және олардың күшін жою туралы атқарушылық құжаттар бойынша мәліметтерді қоспағанда, сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізуді қозғағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 36-бабының 2-тармағында мәліметтердің мыналарды қамтитыны көзделген:

  • борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не борышкер ұйымның атауы;
  • атқару құжатын берген орган, оның берілген күні және борышкердің орындалмаған міндетінің мазмұны;
  • көрсетілген мәліметтерді жіберетін сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), аумақтық бөлімнің атауы мен мекенжайы немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайы.

Борышкерді Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару:

  1. атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін;
  2. мерзімді өндіріп алуға қатысты атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешек болмаған кезде;
  3. борышкер атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған жағдайда, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Мысалы, ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы қараған әкімшілік іс талап қоюшының пікірінше, мәжбүрлеп орындату шараларының күшін жоюдан заңсыз бас тартудан көрініс тапқан жеке сот орындаушысының әрекеттері мен әрекетсіздігінің заңдылығына қатысты болған. Атап айтқанда, талап қоюшыны Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығармау және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға қойылған уақытша шектеуді алып тастамау мәселелері қаралған (6001-23-00-6ап/2315).

2018 жылы жеке сот орындаушысы Н.С. Мултыкбаев Алматы қаласы Медеу аудандық сотының 2017 жылғы 7 қыркүйектегі шешімі негізінде «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ пайдасына Тунгушбаев Е.А.-дан «AMPEX GLOBAL LTD» ЖШС-нің 100 000 000 теңге мөлшеріндегі берешегін және 3 000 000 теңге мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізуді қозғаған. Сот актісінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жеке сот орындаушысы мәжбүрлеп орындату шараларын қолданған. 2020 жылы борышкерде мүліктің болмауына байланысты өндіріп алуды қолдану мүмкін болмағандықтан, атқару құжаты Заңның 48-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы негізінде өндіріп алушыға қайтарылған.

Кейіннен, 2022 жылғы 28 желтоқсанда өндіріп алушы атқару құжатын қайтадан ұсынған, ал жеке сот орындаушысы жаңа атқарушылық іс жүргізуді қозғаған. Осы қаулыға сот тәртібімен дау айтылғаннан кейін, 2023 жылғы 29 наурызда талап қоюшы мен жеке сот орындаушысы арасында сот бекіткен медиациялық келісім жасалған.

Аталған келісімді орындау шеңберінде жеке сот орындаушысы атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімінің өтуіне байланысты атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының күшін жойған. Алайда кейіннен, 2023 жылғы 26 сәуірде Алматы қалалық сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы медиациялық келісімді бекіту туралы ұйғарымның күшін жойған, осыған байланысты 2023 жылғы 5 мамырда жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қайта бастаған.

Талап қоюшы 2023 жылғы 30 наурызда жеке сот орындаушысына жүгініп, бұрын атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қолданылған барлық қамтамасыз ету шараларының күшін жоюды және оны Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығаруды талап еткен. 2023 жылғы 31 наурызда жеке сот орындаушысы өтінішхатты ішінара қанағаттандырған: ақша қаражатына салынған тыйымды алып тастап, жекелеген әрекеттерді жасауға қойылған шектеулерді жойған, алайда Қазақстан Республикасынан шығуға қойылған тыйымның күшін жоюдан және борышкерлер тізілімінен шығарудан бас тартқан. Бас тартуын атқарушылық іс жүргізудің Заңның 47 және 48-баптарында көзделген негіздер бойынша тоқтатылмағанымен және өндіріп алушы алдындағы берешектің өтелмегенімен негіздеген.

Жергілікті соттар іс материалдары мен құқық нормаларын зерттей отырып, жеке сот орындаушысының бас тартуын заңды деп таныған, өйткені мәжбүрлеп орындату шараларының күшін жою, борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуына қойылған уақытша шектеуді алып тастау және оны Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен шығару тек атқару құжаты бойынша міндеттемелер нақты орындалған, атқарушылық іс жүргізу Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған не атқару құжатын орындауға ұсыну мерзімі өткен, ал берешек болмаған жағдайларда ғана мүмкін.

Борышкердің тізілімдегі мәртебесі сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етудің жария кепілдігі функциясын атқарады, ал оны міндеттеме толық орындалғанға немесе атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғанға дейін сақтау жеке сот орындаушысының құқығы емес, міндеті болып табылады.

ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жергілікті соттардың құқықтық ұстанымымен келісті.

Талаптардың тұжырымдалуы

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы әкімшілік талап қою берілген кезде талап қоюшылар талаптарын әртүрлі редакцияда тұжырымдайды.

Жалпы қаралып отырған санаттағы даулар негізінен дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы және әрекет жасау туралы талап қоюларды беру арқылы қаралады (ӘРПК-нің 132–134-баптары).

ӘРПК-нің 132-бабына сәйкес, ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт арқылы талап қоюшының құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, ол әкімшілік актінің толықтай немесе оның қандай да бір бөлігін жою туралы талаппен дау айту туралы талап қою беруге құқылы.

Сот орындаушысы шығарған қаулымен келіспеген жағдайда, талаптар аталған қаулыны заңсыз деп тану туралы қойылады. Бұл ретте әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап қоюды бір мезгілде берудің қажеті жоқ.

ӘРПК-нің 84-бабының 2-бөлігіне сәйкес заңсыз әкімшілік акт толықтай немесе оның бір бөлігінде жойылуы мүмкін.

Қаулы заңсыз деп танылған жағдайда, сот аталған қаулының күшін жояды.

Талап қоюды қайтару

ӘРПК-нің 138-бабының 2-бөлігінде әкімшілік талап қоюды қайтарудың 17 негізі көзделген.

Қаралып отырған санаттағы істер көбінесе мынадай негіздер бойынша қайтарылады:

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 6) тармақшасы – талап қоюшы берген талап қоюын кері қайтарып алған;

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 9) тармақшасы – тараптар татуласу туралы, медиация туралы немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан және оны сот бекіткен;

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 11) тармақшасы – іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды;

ӘРПК-нің 138-бабы 2-бөлігінің 17) тармақшасы – іс осы соттың соттылығына жатпайды.

Сонымен қатар талап қоюды қайтарудың негізі ӘРПК-нің 136-бабының 8-бөлігінде де көзделген. Оған сәйкес, дәлелді себепсіз сотқа талап қою беру мерзімінің өткізіп алынуы, сондай-ақ сотқа жүгіну үшін өткізіп алынған мерзімді қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтаруға негіз болып табылады.

Қаралып отырған санаттағы талап қоюларды қайтару мәселесін шешу кезінде соттарда қиындықтар туындамайды.

Бұл ретте соттың белсенді рөл қағидатын іске асыру істердің бітімгершілік жолмен шешілу санының едәуір артуына (келісім жасасу немесе талап қоюды кері қайтарып алу) мүмкіндік берді.

Сот шешіміне шағым жасау мерзімі

ӘРПК-нің 168-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін. Шешім түпкілікті нысанда шешім жарияланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалуға тиіс.

Бұл нормаға өзгерістер 2024 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 қазандағы №33-НП «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 168-бабы төртінші бөлігінің бірінші абзацының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында енгізілді.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 6 қазандағы №33-НП «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 168-бабы төртінші бөлігінің бірінші абзацының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» нормативтік қаулысынан туындайтындай, ӘРПК-нің 168-бабының төртінші бөлігінің ережелері осы баптың екінші бөлігінің нормаларынан туындайды. Аталған нормалар заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне шағым жасаудың жалпы қағидаларын айқындайды, оның мерзімі сот шешімі түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап есептеледі.

Осыған байланысты сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істер бойынша апелляциялық шағым мен прокурордың өтінішхатын беру үшін көзделген он жұмыс күндік мерзім шешімнің түпкілікті нысанда шығарылған (дайындалған) күнінен бастап есептелуге тиіс. Себебі ӘРПК-де белгіленген апелляциялық шағым беру мерзімі (сот шешімі шығарылған күннен бастап он жұмыс күні) шешім түпкілікті нысанда дайындалғанға дейін іс жүзінде өтіп кетуі мүмкін. Бұл процеске қатысушыларды оның уәждеу бөлімімен танысу және апелляциялық шағым беру құқығын толыққанды іске асыру мүмкіндігінен айырады.

Конституциялық Сот мұндай құқықтық реттеу Конституциямен кепілдік берілген сот арқылы қорғалу құқығын, білікті заң көмегін алу құқығын және барлығының заң мен сот алдында теңдігі қағидатын шектеуі мүмкін екенін көрсетті.

Конституциялық Сот ӘРПК-де қолданылатын («шешім шығарылған күн», «шешімнің түпкілікті нысанда дайындалған күні» және т.б.) ұғымдардың заң тұрғысынан жеткілікті дәрежеде дәл еместігін және олардың әртүрлі түсіндірілуіне жол беретінін, бұл өз кезегінде процеске қатысушылардың құқықтарының бұзылу тәуекелін туындататынын атап өтті.

Нәтижесінде Конституциялық Сот дауланып отырған ережені Конституцияға тек мынадай түсіндірмеде сәйкес деп таныды: ӘРПК-нің 168-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік істер санаттары бойынша апелляциялық шағым мен прокурордың апелляциялық өтінішхатын беру мерзімі қарар бөлігінің жарияланған сәтінен емес, сот шешімінің түпкілікті нысанда шығарылған (дайындалған) күнінен бастап есептелуге тиіс.

Жоғарыда көрсетілген өзгерістер ӘРПК-нің 168-бабының 4-бөлігіне енгізілгенге дейін жергілікті соттарда бірінші сатыдағы сот шешіміне шағым жасау мерзімін есептеу бөлігінде осы норманы әртүрлі түсіндіруге жол берілген.

ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы процестік нормаларды конституциялық-құқықтық тұрғыдан түсіндірудің басымдығын растады және апелляциялық шағым жасау мерзімдерін біркелкі есептеуді қамтамасыз ететін практиканы бекітті – мерзім шешімнің түпкілікті нысанда дайындалған күнінен бастап есептеледі.

Бұл практика жүйелі маңызға ие, өйткені ол сот практикасы арасындағы қайшылықтарды жояды және тараптардың әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот арқылы қорғалу құқығын нақты іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Дәлелдемелер және дәлелдеу

Дәлелдемелерді, дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректерді, дәлелдеу нысанасы мен дәлелдемелердің көздерін құқықтық реттеу тәртібі, сондай-ақ дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану (дәлелдеу) және дәлелдемелер мен дәлелдеу туралы өзге де ережелер ӘРПК-де белгіленген ерекшеліктерді қоспағанда, АПК нормаларымен айқындалады (ӘРПК-нің 128-бабы).

Жеке сот орындаушысының әрекеттеріне сотқа шағым берген кезде, жеке сот орындаушысы тарапынан жол берілген бұзушылықтарды растайтын әртүрлі құжаттар мен материалдар дәлелдемелер бола алады. Заңсыз әрекеттерді немесе әрекетсіздікті көрсететін нақты фактілерді анықтау қажет.

Дәлелдемелер (тігілген және нөмірленген атқарушылық іс жүргізу материалдары) мыналарды қамтиды:

Атқару құжаты:

Жеке сот орындаушысы өз әрекеттерін жүзеге асырған негізде берілген атқару парағының немесе сот бұйрығының түпнұсқасы не куәландырылған көшірмесі.

Шағым жасалып отырған жеке сот орындаушысының қаулылары, онда олардың шығарылған күні мен мазмұны көрсетіледі.

Бұзушылықтарды растайтын құжаттар:

Төлем туралы түбіртектер, жеке сот орындаушысымен хат алмасу, хабарламалар (SMS-хабарламалардың жеткізілгені туралы есептер), куәгерлердің айғақтары, мүлікті бағалау туралы есептер, мүлікті сипаттау хаттамалары, қарап-тексеру актілері, тұрмайтыны туралы актілер, фотосуреттер, бейнежазбалар және өтініш берушінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғанын растайтын кез келген басқа материалдар.

Әділет органдарына немесе жеке сот орындаушыларының палатасына берілген шағымдар (жеке сот орындаушысының әрекеттеріне шағым берілген жағдайда, шағымның көшірмесі мен оған берілген жауаптар да дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін).

Куәгерлердің айғақтары:

Іс үшін маңызы бар мән-жайларды растай алатын куәгерлер айғақ беру үшін сотқа шақырылады.

Мемлекеттік бажды өндіріп алу

Сот орындаушыларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы талап қоюлар бойынша талап қоюшылар Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 616-бабы 15) тармақшасына сәйкес сотқа талап қою берген кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

ӘРПК-нің 122-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот шығыстарын бөлу мәселелері АПК-нің қағидалары бойынша қаралады.

АПК-нің 117-бабының 1-бөлігіне сәйкес талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден талап қою қанағаттандырылған бөлігіне толық көлемде немесе соған мөлшерлес мемлекет кірісіне өндіріп алынады.

Талап қою қанағаттандырылған жағдайда, жергілікті бюджет кірісіне төленуге жататын мемлекеттік баж талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне мөлшерлес сот орындаушысынан өндіріп алынуға жатады.

Мемлекеттік баж мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 610-бабы 1-тармағының 8) тармақшасының қағидалары бойынша есептеледі (0,5 айлық есептік көрсеткіш).

Процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану

Істі қарау барысында процестік заңнама нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда, ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

ӘРПК-нің 127-бабына сәйкес сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде дәлелдемелерді ұсыну, сот белгілеген тапсырмаларды дәлелді себептерсіз белгіленген мерзімді бұза отырып орындау жағдайларында, егер бұл әкімшілік істі қарауды созбалаңға салуға әкеп соқса, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

Соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы тұлғаның сот отырысына келмегені, сотқа уақтылы хабарламағаны, пікірді уақтылы ұсынбағаны, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген тәртіпті бұзғаны, сондай-ақ сотқа және (немесе) судьяға құрметсіздік танытатынын анық көрсететін өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.

Сот шешімін, тараптардың татуласу, медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісімін бекіту туралы сот ұйғарымын орындамағаны үшін сот жауапкерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданады, бұл ретте сол сот актісінде оны орындауға жататын, бір айдан аспайтын мерзім көрсетіледі.

Талданатын кезеңде соттарда ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолдану практикасы қалыптасты. Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы даулар санаты бойынша ақшалай өндіріп алу көбінесе жауапкерлерге мынадай себептер бойынша қолданылған:

  • пікірді уақтылы ұсынбау;
  • атқарушылық іс жүргізу материалдарын уақтылы ұсынбау;
  • атқарушылық іс жүргізу материалдарын толық көлемде ұсынбау;
  • дәлелді себепсіз сот отырысына келмеу (немесе онлайн форматта қосылмау).

Пайдаланылған қысқартулар:

  • ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
  • АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңы – Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
  • ЖС НҚҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
  • Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидалары – Қағидалар;
  • СОТАС – Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;
  • ЖС ӘСК – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
  • ЖС ӘІСА немесе алқа – әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;
  • МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
  • ӘД – Әділет департаменті (департаменттері);
  • МСО – мемлекеттік сот орындаушысы (мемлекеттік сот орындаушылары);
  • ЖСО – жеке сот орындаушысы (жеке сот орындаушылары);
  • АІЖ – атқарушылық іс жүргізу.

Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • ӘРПК;
  • АК;
  • АПК;
  • Атқарушылық іс жүргізу туралы заң;
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі;
  • 2017 жылғы 31 наурыздағы №1 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы;
  • 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №12 «Сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы;
  • 2009 жылғы 12 қаңтардағы №2 «Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы;
  • 2024 жылғы 29 қарашадағы №5 «Әкімшілік істер бойынша сот шешімі туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы;
  • 2019 жылғы 29 қарашадағы №6 «Алименттерді өндіріп алуға байланысты істерді қарау кезінде соттардың заңнаманы қолдануы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы №437 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысы (2023 жылғы 13 шілдеде күшін жойған);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №372 «Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент ұстап қалу жүргізілетін жалақының және (немесе) өзге де кірістің түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №416 «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №148 «Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандарын бекіту туралы» бұйрығы.

 

  

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Егер атқарушылық құжатта ақшалай қаражатты өндіріп алу туралы нұсқау болса, мүлікті сатуды "атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңға сәйкес сот орындаушысы емес, сот шешеді

Егер атқарушылық құжатта ақшалай қаражатты өндіріп алу туралы нұсқау болса, мүлікті сатуды "атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңға сәйкес сот...

Толық оқу »

3-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің негізгі принциптері Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

3-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің негізгі принциптеріАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Атқарушылық iс жүргiзу:      1) заңдылық;     ...

Толық оқу »

5-бап. Халықаралық, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін орындау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

5-бап. Халықаралық, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін орындауАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Қазақстан Республика...

Толық оқу »

4-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

4-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы З...

Толық оқу »

Алматыда адвокат адвокаттың жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне шағым

Алматыда адвокат адвокаттың жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымН.Н. Нұрсұлтановқа алғысымды білдіремін.. Мен тіпті күткен жоқпын.. Көмек қаншалықты сауатты және бей-ж...

Толық оқу »

Қарағанды облыстық сотының ұсынысы бойынша "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 5-тармағының конституциялылығын тексеру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысы

Қарағанды облыстық сотының ұсынысы бойынша "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 5-тармағының конституциял...

Толық оқу »

8-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тілі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

8-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тіліАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздар...

Толық оқу »

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы өзге де даулар

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы өзге де дауларСондай-ақ даулар:- бастапқы сату құнын белгілей отырып, мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы...

Толық оқу »

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы даулар

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы дауларСондай-ақ даулар:- бастапқы сату құнын белгілей отырып, мүлікке өндіріп алуды қолдану туралы сот шеш...

Толық оқу »

10-4-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдері Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

10-4-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі атқарушылық құжаттарды орындау мерзімдеріАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Оңайлатылған іс жүрг...

Толық оқу »

11-бап. Атқарушылық құжаттарды орындауға беру мерзiмдерi 2-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГІ МЕРЗІМДЕР Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

11-бап. Атқарушылық құжаттарды орындауға беру мерзiмдерi 2-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГІ МЕРЗІМДЕРАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы   ...

Толық оқу »

32-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

32-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Сот орындаушысы атқар...

Толық оқу »

9-1-бап. Атқарушылық құжатты орындауға ұсыну Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

9-1-бап. Атқарушылық құжатты орындауға ұсыну Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Өндіріп алушы мемлекеттік сот орындаушысы орындауға ти...

Толық оқу »

123-бап. Қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шоттарында және ағымдағы шотта сомаларды есепке алу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

123-бап. Қолма-қол ақшаны уақытша орналастыратын бақылау шоттарында және ағымдағы шотта сомаларды есепке алуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы З...

Толық оқу »

10-1-бап. Оңайлатылған іс жүргізудің ерекшеліктері Закона Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей

10-1-бап. Оңайлатылған іс жүргізудің ерекшеліктеріЗакона Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей      1. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде осы Заңның 9...

Толық оқу »

Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды сот "атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"Заңның нормаларын басшылыққа алу қажет болған кезде жалпы талап қою ісінде қарады

Сот орындаушысының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды сот "атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы"Заңның нормаларын басшылыққа алу қажет болған...

Толық оқу »

13-бап. Атқарушылық құжатты орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

13-бап. Атқарушылық құжатты орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiруАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Атқарушы...

Толық оқу »

19-бап. Өкiлдiң өкiлеттiктерi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

19-бап. Өкiлдiң өкiлеттiктерiАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Атқарушылық іс жүргізудегі өкіл өкілдік берушінің атынан сенімхат б...

Толық оқу »

131-бап. Мемлекеттік сот орындаушысына қойылатын талаптар Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

131-бап. Мемлекеттік сот орындаушысына қойылатын талаптарАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының азаматы болып...

Толық оқу »

62-бап. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу 2-параграф. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

62-бап. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу 2-параграф. Борышкердiң мүлкiне тыйым салуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы 1. Сот орындаушысы атқа...

Толық оқу »

146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруының ерекше шарттары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруының ерекше шарттарыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Жеке сот орындаушысыны...

Толық оқу »

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына шағымды қараусыз қалдыру туралы өтініш

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасына шағымды қараусыз қалдыру туралы өтінішНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

35-1-бап. Күштеп әкелу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

35-1-бап. Күштеп әкелуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Осы Заңның 67-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген, сондай-ақ атқа...

Толық оқу »

21-бап. Заңды өкiлдер Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

21-бап. Заңды өкiлдерАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Атқарушылық iс жүргiзуде кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ сот әреке...

Толық оқу »

74-бап. Тыйым салынған мүлікті өткізу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

74-бап. Тыйым салынған мүлікті өткізуАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүліктен басқа, тыйым...

Толық оқу »

15-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

15-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптарыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тарапт...

Толық оқу »

Атқару парағын жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберу туралы өтінішхат

Атқару парағын жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберу туралы өтінішхатІстер бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотқаАлматы облысының кәмелетке толмағандары.Судь...

Толық оқу »

23-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге куәгерлердің қатысуы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

23-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге куәгерлердің қатысуыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Атқарушылық әрекеттер кемiнде екi куәгердің...

Толық оқу »

18-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге тараптар өкiлдерiнiң қатысуы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

18-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге тараптар өкiлдерiнiң қатысуыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Жеке тұлғалар атқарушылық iс жүргiз...

Толық оқу »

14-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылардың құрамы 3-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

14-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылардың құрамы 3-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы     ...

Толық оқу »

95-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен ұстап қалу мөлшерi Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

95-бап. Борышкердiң жалақысынан және өзге де табыс түрлерiнен ұстап қалу мөлшерiАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы     1. Бiр немесе бiрнеш...

Толық оқу »

10-3-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі мәжбүрлеп орындату шаралары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

10-3-бап. Оңайлатылған іс жүргізудегі мәжбүрлеп орындату шараларыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде...

Толық оқу »

68-бап. Борышкердің мүлкін бағалау 3-параграф. Мүлікті бағалау және сақтау Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

68-бап. Борышкердің мүлкін бағалау 3-параграф. Мүлікті бағалау және сақтауАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Сот орындаушысы мүлікк...

Толық оқу »

33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтата тұру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

33-бап. Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (оның міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу және уақытша шектеуді тоқтат...

Толық оқу »

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы Әкімшілік талап қою кезінде талаптарды тұжырымдау

Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану туралы Әкімшілік талап қою кезінде талаптарды тұжырымдауСот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым...

Толық оқу »

36-бап. Борышкерлердің бірыңғай тізілімі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

36-бап. Борышкерлердің бірыңғай тізіліміАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Уәкілетті орган атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындат...

Толық оқу »

26-бап. Сот орындаушыларының ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

26-бап. Сот орындаушыларының ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Ішкі істер органдары өздеріне з...

Толық оқу »

Атқару парағын жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына аумақтылығы бойынша жіберу туралы өтініш

Атқару парағын жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына аумақтылығы бойынша жіберу туралы өтінішБатыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 соты судья Т. К. НиязовқаБатыс Қаз...

Толық оқу »

10-бап. Сот орындаушысының қаулысы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

10-бап. Сот орындаушысының қаулысыАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Осы Заңның 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспа...

Толық оқу »

20-бап. Өкiл бола алмайтын тұлғалар Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

20-бап. Өкiл бола алмайтын тұлғаларАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      1. Он сегiз жасқа толмаған немесе қорғаншылықта не қамқоршылықта...

Толық оқу »

46-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi қайта жалғастыру Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

46-бап. Атқарушылық iс жүргiзудi қайта жалғастыруАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Атқарушылық iс жүргiзу өндiрiп алушының арызы бойы...

Толық оқу »

Өтініш жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына қамауды уақтылы алып тастамау және борышкердің қарым қатынасындағы әрекетсіздік туралы шағым

Өтініш жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына қамауды уақтылы алып тастамау және борышкердің қарым қатынасындағы әрекетсіздік туралы шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық...

Толық оқу »