74-бап. Тыйым салынған мүлікті өткізу Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы
1. Айналымнан заң бойынша алып қойылған мүліктен басқа, тыйым салынған мүлікті өткізуді тыйым салу негіздеріне және осы Заңның 77-бабының 3-тармағында көрсетілген мүлікті қоспағанда, мүлік түрлеріне қарамастан, сот орындаушысы электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінің бірыңғай электрондық сауда алаңында не бірыңғай электрондық сауда алаңында жүргізеді, оны таңдауды Республикалық палата уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
2. Сот орындаушысы мүлікке тыйым салынғаннан және бағалау жүргізілгеннен кейін және мүлік өткізілгенге дейін бір мезгілде бағалау туралы есеппен таныстыра отырып, борышкерге оның жазбаша өтініші бойынша бір айдан аспайтын мерзімде тыйым салынған мүлікті жасалған күнінен бастап бір жылдан аспайтын уақыт өткен бағалау туралы есепте көрсетілген бағалау құнының жетпіс бес пайызынан төмен емес құны бойынша дербес өткізу құқығын береді.
Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы мүлікті өткізу жөніндегі рәсімдерді тоқтата тұруға негіз болып табылмайды.
Тұрғынжайды дербес өткізу мерзімі үш айды құрайды, осы мерзім ішінде мүлік сауда-саттыққа шығарыла алмайды.
Тыйым салынған мүлікті дербес өткізу құқығын борышкер бір атқарушылық іс жүргізу бойынша бір реттен асырмай пайдалана алады.
Сатып алушы мен борышкер немесе сот орындаушысы арасындағы сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан және сатып алушы мүліктің сатып алу құнының мөлшеріндегі ақшалай соманы аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотына енгізгеннен кейін, талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында сот салған ауыртпалықтарды қоспағанда, басқа атқарушылық құжаттар шеңберінде салынған, өткізілген мүліктен ауыртпалықтардың күшін мүлікті өткізген не рұқсатымен өткізілген сот орындаушысы жояды.
3. Егер тыйым салынған мүлікті өткізу туралы шешім қабылдау кезінде борышкердің банкроттығы туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалатын болса, онда мүлікті өткізу аталған мәселе мәні бойынша қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.
4. Тыйым салынған мүлікті өткізудің, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізудің осы Заңмен реттелмеген мәселелері уәкілетті орган бекітетін қағидаларда айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы