Арбитраждық шешімді тану және орындау
Арбитраждық шешімді тану және орындауға келтіру туралы өтінішпен тарап борышкер мүлкінің орналасқан жері бойынша сотқа заңды тұлғаның органының орналасқан жері белгісіз болған жағдайда ғана жүгіне алады.
Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 маусымдағы қаулысымен Атырау облысының МАЭС-інің 2024 жылғы 4 қарашадағы ұйғарымы және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 ақпандағы «З» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық коммерциялық төрелік сотының 2021 жылғы 11 тамыздағы арбитраждық шешімін тану және орындауға келтіру туралы өтінішін қанағаттандыру туралы ұйғарымы күшін жойды.
Жергілікті соттар өтінішті қанағаттандыру қажеттігі туралы қорытындыға келе отырып, борышкердің Атырау қаласы, Махамбет Өтемісұлы көшесі, 1…..А мекенжайында орналасқан филиалы бар екенін негізге алған. Қоғам өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының процестік заңнамасының және Нью-Йорк конвенциясының талаптарын сақтаған.
Жоғарғы Соттың сот алқасы дауланып отырған сот актілерінің күшін жоюды және өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды жергілікті соттардың қорытындылары заңсыз екендігімен уәждеген, өйткені ҚР Азаматтық кодексінің 39-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады.
«Т» АҚ (Т) (бұдан әрі – «Т» АҚ) – арбитраждық талқылаудың тарапы Түркия Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылады. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы Түркия Республикасының Стамбул қаласында орналасқан.
Азаматтық процестік кодекстің 503-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, егер тұрғылықты жері немесе орналасқан жері белгісіз болса, осы актілер пайдасына шығарылған сот немесе арбитраждық талқылау тарапы оларды мәжбүрлеп орындату туралы өтінішпен борышкер мүлкінің орналасқан жері бойынша сотқа жүгінуге құқылы.
Сонымен бірге Қоғамға «Т» АҚ-ның орналасқан жері белгілі болған, демек, оған борышкер заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша Түркия Республикасының құзыретті сотына жүгіну қажет болған.
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, өтініш қараусыз қалдырылып, құжаттар қайтарылуға тиіс еді, өйткені өтініш беруші борышкер мүлкінің орналасқан жері бойынша сотқа заңды тұлға органының орналасқан жері белгісіз болған жағдайда ғана жүгіне алады.
Осыған ұқсас негіздер бойынша Атырау облысының МАЭС-інің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы ұйғарымымен, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 наурыздағы ұйғарымымен өзгеріссіз қалдырылған, «З» АҚ-ның атқарушылық парақты беру туралы өтінішті беру мерзімін қалпына келтіру, Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы Халықаралық коммерциялық төрелік сотының 2019 жылғы 20 мамырдағы арбитраждық шешімін тану және орындауға келтіру туралы өтініші қайтарылған.
Өтінішті қайтара отырып, сот өтініш беруші борышкер мүлкінің орналасқан жері бойынша сотқа заңды тұлға органының орналасқан жері белгісіз болған жағдайда ғана жүгіне алатынын негізді түрде көрсеткен. Бұл жағдайда борышкердің орналасқан жері өтініш берушіге белгілі болған.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы