82-бап. Кедендік баждарды, салықтарды салу объектісі және кедендік баждарды, салықтарды есептеуге арналған база Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда өзге де тауарлар кедендік баждарды, салықтарды салудың объектісі болып табылады.
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарлардың кедендік құны және (немесе) олардың заттай көріністегі физикалық сипаттамасы (тауардың саны, салмағы, оның ішінде тауарды тұтынғанға дейін одан ажырамайтын және (немесе) тауар бөлшек сауда үшін ұсынылатын тауардың бастапқы қаптамасын ескергендегі салмағы, тауардың көлемі немесе өзге де сипаттамасы) тауардың түріне және мөлшерлемелердің қолданылатын түрлеріне қарай кедендік баждарды есептеуге арналған база болып табылады.
3. Салықтарды есептеуге арналған база Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы