356-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисап Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомалары бойынша есеп-қисапты төлем көзінен салық салынатын кірісті төлеу жүргізілген тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
356-бап. Жеке тұлға дербес есептейтін жеке табыс салығы бойынша жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Жұмыскердің салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
жұмыскердің салықтық кезеңге есепке жазылған, төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінің сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, салықтық кезеңдегі кірісті түзету сомасы,
алу
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 346-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде стандартты шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 347-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде көп балалы отбасылар үшін салықтық шегерім сомасы,
алу
осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын өзге шегерімдердің алдын ала сомасы.
1-1. Егер жұмыскердің салықтық кезең үшін есепке жазылған кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен аспаса, жұмыскердің салық салынатын кірісінің осы баптың 1-тармағында айқындалған сомасы 90 пайызға азайтылады.
1-2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі салық салынатын кірістің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс сомасы
алу
осы Кодекстің 346-бабы 1-тармағының 2) және (немесе) 3) тармақшаларында көрсетілген салықтық шегерімдердің сомасы.
2. Жеке тұлға өзге шегерімдердің алдын ала сомасын айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде күнтізбелік жылдағы өзге шегерімдердің жоспарланған сомасы ретінде айқындайды. Жеке тұлға мұндай соманы өтініште көрсетеді және оны салық агентіне береді. Өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Салық агенті растайтын құжаттарсыз жеке тұлғаның өтініші негізінде салық салынатын кірісті өзге салықтық шегерімдердің алдын ала сомасына азайтады.
Жеке тұлға барлық салық агенттеріне берілген өтініштерде көрсеткен күнтізбелік жылдағы өзге салықтық шегерімдердің алдын ала сомаларының жиынтық сомасы:
айлық есептік көрсеткіштің 282 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;
жеке тұлға күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша кірістер және мүлік туралы декларацияда өзге шегерімдерді қолданған кезде кейіннен құжатпен расталуға тиіс.
3. Жұмыскердің кірісінен басқа, жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісінің сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
төлем көзінен салық салуға жататын, ағымдағы салықтық кезеңде алынған кірістер сомасы,
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, ағымдағы салықтық кезеңде кірісті түзету сомасы,
алу
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 345-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар бойынша салықтық шегерімдер сомасы,
алу
осы Кодекстің 346-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде стандартты шегерімдер сомасы.
4. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістің шетел валютасындағы сомасы кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
5. Егер осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған сома теріс болып табылса, онда мұндай сома салықтық шегерімдердің асып кетуі деп танылады.
Салықтық шегерімдердің асып кету сомасы осы салықтық кезеңдерде салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін күнтізбелік жыл шегінде кейінгі салықтық кезеңдерге ауыстырылады.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ.
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы