270-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану кезінде қызметтiқұқыққа сыйымсыз жүзеге асыру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып қолдану –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дара кәсiпкердiң патент құнының есеп-қисабын беру не салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішті беру мерзiмiн бұзуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы